«Қырғи қабақ соғысы» екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі кеңестер одағы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы ауқымды идеологиялық және геосаяси ұрандағы биполярлық қарама-қайшылығы болып табылады



бет2/3
Дата31.01.2022
өлшемі31.71 Kb.
#454978
1   2   3
ХҚТ. Материал

Кариб дағдарысы

1962 жылы күзде КСРО мен АҚШ арасында Кубаға байланысты КСРО-ның Кубаға жасырын әскери ошақтарын, соның ішінде ядролық қаруды орналастыруынан туындаған төтенше саяси, дипломаттық және әскери қарсыластықты сипаттатын тарихи термин. Бұл дағдарыс дүниежүзілік ядролық соғысына әкеп соғуға шақ қалған еді.

Кубалықтар Кариб дағдарысын «Қазан дағдарысы» деп атаса, американдықтар оны «Кубалық зымыран дағдарысы» деп атайды.

Кубада дағдарыстың орын алуына 1961 жылы АҚШ-тың Мәскеуді және негізгі өндіріс орталықтарын қоса алғанда, КСРО-ның батыс бөлігіне жете алатын «Юпитер» атты орта қашықтықты зымыранын Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымының мүшесі Түркияға орналастыру себеп болды. Бұған жауап ретінде КСРО АҚШ маңында орналасқан Кубаға қарапайым және атом қаруымен жабдықталған кадрлық әскери бөлімдерді орнықтырады.



1959 жылы қаңтарда Кубадағы төңкеріс нәтижесінде үкімет басына коммунистер келіп, құлатылған үкімет жақтаушылары АҚШ-тан көмек сұрады. АҚШ кубалық эмигранттардан қарулы жасақ ұйымдастырып, олар 1961 жылдың сәуірінде Кастро үкіметіне шабуыл ұйымдастырды. Шабуыл сәтсіз аяқталғанымен, АҚШ Кубадағы коммунистік үкіметтен құтылу пиғылынан бас тартқан жоқ. Ал КСРО үкіметі Кастро режимін сақтап қалуға тырысты. Осы мақсатта КСРО басшылары Кубаға Кеңес Одағының зымырандарын орналастыру жөнінде құпия шешім қабылдады. 1962 жылы тамызда АҚШ-тың барлау мекемесінің басшысы президентке Кубада ракеталық кешенге ұқсас күдікті құрылыс салынып жатқанын мәлімдеді. Мұқият барлау нәтижесінде Кубаға КСРО-дан 42 ракета, 40 мың әскер орналастырылғаны мәлім болды. АҚШ үкіметі КСРО Сыртқы істер мин-нен Кубаға орналастырылып жатқан қару жөнінде нақтылы жауап ала алмағаннан кейін, 22 қазан күні Кубаны теңізден де, әуеден де қоршауға алып, оқшаулады. 27 қазан күні кеңестік зенитшілер Куба әуе кеңістігін барлап жүрген АҚШ ұшағын атып түсірді. АҚШ әскерилері президенттен Кубаны дереу атқылауға рұқсат беруін талап етті. Президент 28 қазан күні шешім қабылдауға тиіс болды. Сол күні таңертең Кеңес үкіметі өз әскерлері мен ракеталарын кері әкететінін мәлімдеді. АҚШ өз тарапынан Кубаның қауіпсіздігіне кепілдік беретін және бұрын басып алған Гуантамо әскери-теңіз базасын кері қайтаратын болды. Сөйтіп, әлем ядролық соғыс қаупінен құтылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет