Ырғыз аудандық мәдениет саласының 2011-2015 жылдарға арналған «Аумақты дамыту бағдарламасы» Ырғыз



Дата24.02.2016
өлшемі51.72 Kb.
#16113



Ырғыз аудандық мәдениет саласының

2011-2015 жылдарға арналған

«Аумақты дамыту бағдарламасы»

Ырғыз

2012 жыл

Мәдениет

1.Ағымдағы жағдайды талдау
Саланың инфрақұрылымы. Ырғыз ауданында 29 мәдениет мекемесі жұмыс жасайды: Аудандық «Арай» мәдениет үйі, «Мәні» ауылдық мәдениет үйі, 12 ауылдық клуб, орталықтандырылған кітапхана, балалар кітапханасы, 12 ауылдық кітапхана және 1 мұражай. Оларда 138 жұмысшы-қызметкер жұмыс жасайды, оның 50-і шығармашылық қызметкерлер, 20-ы жоғары білімді, 32-і арнаулы орта білімді мамандар. Аудандық «Арай» мәдениет үйі жанында 3 «халықтық» атағы бар ұжым жұмыс жасайды. (Ырғыз халық театры, Ырғыз этнографиялық – фольклорлық ансамблі, Есмурзиндер жанұялық ансамблі)

Саланың жетістіктері мен табыстары. 2010 жыл аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтті.

Бүгінгі күні аудандағы 14 кітапхананың кітап қоры 158190 дананы құрайды, оның 89512 данасы қазақ тілінде, жаңадан түскен әдебиеттер саны 5762. Қызылжар, Құтикөл, Ақши, Тәуіп ауылдық кітапханалары жаңа үлгідегі «Моделді ауыл кітапханасы» болып жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта аудандық орталық кітапхана, Қызылжар, Құтикөл, Ақши, Тәуіп ауылдық кітапханалары Интернет желісіне қосылып, РАБИС бағдарламасымен электронды каталог жасақтап отыр.

2011 жылы 1668 мәдени көпшілік шара ұйымдастырылды.

2010-2011 жылдар аралығында 2 адам жұмысқа алынып, 1 қызметкер білімін жетілдіру курсынан өтіп, 6 қызметкер семинарға, 1 қызметкер семинар-тренингке, 1 қызметкер кеңеске қатысты.

Аудан өнерпаздары облыстық деңгейдегі байқауларға қатысып, жетістіктерге жетуде.

Басым жақтары:

- мәдениет мекемелерінің күрделі жөндеуден өтуі.

- «Аймақты әнмен тербетіп...» өнер мерекесін өткізу арқылы көршілес облыс, аудандармен мәдени байланыста болуы.

Осал тұстары:


  • мәдениет мекемелерінің, әсіресе ауылдық мекемелердің материалдық- техникалық базаларының төмендігі.

  • Кәсіби мамандардың жетіспеуі.

Мүмкіндігі:

- Аудан кітапханаларын модернизациялау, кітапханаларды жаңа әдебиеттермен қамтамасыз ету.



Қауіпі: білікті кадрлардың саладан кетуі.

Ауданда мәдениет саласына кедергі келтіретін мәселелер:

  • материалдық – техникалық базасының нашарлығы (аудандағы мәдениет үйлері мен кітапханалар автокөлікпен, дыбыс аппаратурасымен, музыкалық аспаптармен, сахналық костюммен, сахнаны жарықтандыру құралдарымен және т.б. толық қамтамасыз етілмеген);

  • ауылдық жердегі мәдениет ошақтарының дербес ғимараттарының жоқтығы.

  • кәсіби мамандардың жетіспеушілігі.


Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер,

нысаналы индикаторлар мен қорытынды көрсеткіштер

Бағыт: Мәдениет саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Мақсат 1. Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, мәдениет саласын кеңінен таныту және насихаттау

Нысаналы индикатор:

Мәдениет саласы қызметінің сапасына аудан халқының қанағаттанушылық деңгейі (2009жылы-40%, 2010жылы-42%) 2011ж-58,8%, 2012ж-60%, 2013 жылға -63%, 2014ж-65%, 2015 жылға -67%.




Нысаналы индикаторлар мен мақсаттарды орындауға бағытталған негізгі

міндеттер мен шаралар



Көрсеткіштер

Бірлік

1 кезең

2 кезең

2011

2012

2013

2014

2015

1

2


3

4

5

6

7

8

1-ші міндет. Мәдениет саласында көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктің артуын ынталандыру және саланың инфроқұрылымын дамыту

1

Мәдениет мекемелері қызмет көрсететін келушілер саны(оның ішінде бұқаралық шараларға келушілер)

мың адам

293,4

293,9

294,5

294,9

296,0

2

Сандық форматтағы мәдениет саласы қызметін пайдаланушылар саны

мың адам

0,12

0,15

0,18

0,2

0,22


Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін және «Мәдениет саласында қызмет көрсетуге сұранысты арттыру және сала инфрақұрылымын дамыту» міндетін орындау үшін өткізілетін шаралар:

•Азаматтарды және ҮЕҰ тарта отырып, әлеуметтік-маңызы бар мәдени-

бұқаралық іс-шаралар, фестивальдер, байқаулар өткізу;

•Шығармашыл ұжымдардың, орындаушы – жас дарындардың облыстық, республикалық,

халықаралық деңгейдегі байқауларға, фестивальдерге қатысуы, «аудан күнін» ұйымдастыру;

•Ауылдық кітапханаларды модернизациялау, кітапханалардың кітап қорын жаңа

әдебиеттермен толықтыру, сандық форматқа аудару;

•Мәдениет мекемелерінің материалдық техникалық базасын нығайту (мәдениет

нысандарын күрделі жөндеу, жабдықтау);

•Аудан мұражайын экспонаттармен толықтыру;



Қажетті ресурстар

2011-2015 жылдар кезеңінде бюджеттік қаржыландыру 123,73 млн теңгені(Бір жүз жиырма үш миллион жеті жүз отыз мың теңге) құрайды, оның ішінде:

облыстық бюджеттен-112,55 млн теңге, аудандық бюджеттен-11,18 млн теңге.
- 2011 жылы –4,7 млн теңге - 2011жылы -3,0 млн теңге

- 2012 жылы – 2,73 млн теңге - 2012 жылы -1,71 млн теңге

- 2013 жылы –59,82 млн теңге - 2013 жылы -1,97 млн теңге

- 2014 жылы – 30,2млн теңге - 2014 жылы -2,16 млн теңге

- 2015 жылы – 15,1 млн теңге - 2015 жылы -2,34 млн теңге

Аудандық мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімінің бастығы: Н.Жүсіп
орындаған : Г.Абнасырова

тел. 21-7-06






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет