Қырғыз ауылдық округінің әкімі О. С.Қыстаубаевтың 2015 жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттері туралы есебі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 ж. 30 қарашасындағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім



жүктеу 54.67 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі54.67 Kb.
Қырғыз ауылдық округінің әкімі О.С.Қыстаубаевтың 2015 жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттері туралы есебі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 ж. 30 қарашасындағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын дағдарыстан шығару жолдарын , оған қарсы іс-қимылдар жобасын нақтылаған. Осы Жолдауды еліміздің халқы болып қолдап, алдымыздағы жылға міндеттерімізді айкындаймыз.

Қырғыз ауылдық округі Қарқаралы ауданының экономикасы еңселі және егін шаруашылығы шоғырланған аумақ болып саналады. Округ 137 991 га аумақта орналасқан. Округ құрамында 5 елді мекен, 10 қыстақ бар. Бүгінгі күнге 2000 - нан астам адам тұрып жатыр. Ауыл халқының 53% немесе 1067 адам экономикалық белсенді тұлғалар санатына жатады. Сонымен бірге 1 орта , 1 негізгі, 1 бастауыш мектептерінде 260- тан астам оқушы оқиды .Орта мектеп жанындағы мектеп жасына дейінгі кіші орталықта 35 бала қамтылған.Сонымен қатар Бүркітті станциясынан Бүркітті ауылының орта мектебіне 34 бала автобуспен қатынап, оқуда. Округте 1 клуб, 1 кітапхана , 1 ОДА , 4 фельдшерлік-акушерлік медпункт , АТС, пошта бөлімшелері , 18 дүкен, 1 наубайхана, дәріхана, 2 тойхана,3 мал сою пункті,1 көмір сату орны халыққа қызмет көрсетуде.. Округіміздің негізгі шаруашылық бағыты егін және мал өсіру шаруашылығы болып табылады. Округ бойынша орналасқан шаруашылық құрылымдары есебінде тұрған мал басы жыл сайын өсуде.Бұл өсім селекция және емдеу- профилактикалық жұмыстардың дұрыс жолға қоюылуынан деп есептеймін.

Биылғы жылы округіміз бойынша ауылшаруашылық малының есебі төмендегідей болды. Ірі қара 3905 бас, аналығы 2021 бас; жылқы 2402 бас, аналығы 1061 бас; қой және ешкі 8339 бас, аналығы 6046 бас. Мал басының 60-70 пайызы кәзіргі уақытта шаруа қожалықтарының қолында шоғырланған.

Мал азығының сапасын көтеру мақсатында екі-үш жылдан бері «Берік» шаруа қожалығы 500 га екпелі көпжылдық шөп егумен шұғылдануда,

«Арқа» , «Берік» « Аслан» шаруа қожалықтары егін шаруашылығымен айналысып мол астық өндіруде. 2015 жылы егін шаруашылығымен айналысатын 4 шаруа қожалығы 12140 га жерге егін егіп, оның ішінде 1210 га арпа себілген еді. 6328 тн астық алынды, орташа түсім 9,9 ц/га айналды.Шаруа қожалықтары бойынша «Арқа» - 4,4 ц/га, «Берік» 10,0 ц/га, «Аслан» - 8,0 ц/га.

Мал шаруашылығын дамытудағы басты бағыт – ол мал басын асылдандыру және мал өнімінің көлемін ұлғайту Бұл бағытта мал асылдандырумен шұғылданып отырған «Берік» ,«Асылан», «Рашида», «Бірлік», «Арқа», «Тілек» , «Айбар» , «Ұшбұлақ», «Ерлан» шаруа қожалықтарын атап өтуге болады. Сонымен қатар «Төкен» шаруа қожалығы (басшысы Садуов Ерсайын) «Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында асыл тұқымды 50 бас тайынша және 2 бас бұқа алып ,асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысуда.

2015 жылы округ бойынша 7 шаруащылық ірі қара малын асылдандыру жұмыстарын жүргізу үшін және 2 шаруашылық қой малын асылдандыру үшін мемлекеттік бағдарлама аясында субсидия алды.

Сапалы ауылшаруашылық өнім көлемін арттыру үшін озық технология пайдалану шарт.

Ол технологияны сақтау үшін заманауи техника алу қажет.Бұл орайда округ аумағында орналасқан шаруа қожалықтары жаңа техника паркін жаңартуда.

Қарағанды қаласында күзгі, қыс басында өткізіліп тұратын облыстық «Ауыл-Береке» ауылшаруашылық жәрменкесіне ауыл халқы үзбей қатысып, қала халқына өзі өсірген 2,5 млн тенгеге өнімдерін жеткізді.

Ендігі жерде назар аударатын мәселе - халықтың жеке меншік малын асылдандыру. Келесі жылы шаруа қожалықтары басшыларымен келісіп, асыл тұқымды бұқаларды халықтың табынына қосу.

Халықтың әлеуметтік жағдайы әрқашан басты назарда. Округ аумағында 1 жанұя 3 адам атаулы әлеуметтік жәрдемақы және 12 жанұя балалар жәрдемақысын алады. 2015 жылы 3 жанұя материалдық көмек алып отыр. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 6 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.Сонымен қатар 25 жұмыссыз адам «Жұмыспен қамту-2020»бағдарламасына сәйкес жұмыспен қамтылды. Олар амбулатория құрылысына қатысты.

Медицина саласындағы басты бағыт – халықтың денсаулығын нығайту.2015 ж. халық арасында өткізілген скрининг қорытындысы бойынша балалар және ересектер бойынша 755 адам қамтылып, 73 адам ауырғаны анықталып,69 адам емделді.

Былтырғы 2015 жылы көптен бері шешілмей келе жатқан бір мәселе- Бүркітті ауылындағы амбулатория құрылысы қолға алынды. Қажетті қаражат бөлініп, осы жылдың ортасында заманауи техникамен жабдықталған амбулатория халыққа қызмет көрсетеді деп сенеміз. Қарағанды қаласынан «Саламатты Қазақстан» атты диагностикалық емдеу автопоезы жергілікті халықтың денсаулығын жылма-жыл келіп тексеруде.

Жыл ішінде 30 бала туып, 11 адам қайтыс болған. Осыған байланысты халықтың демографиялық өсу байқалуда.

Сонымен бірге, құны 200,0 млн теңге көлеміндегі Бүркітті ауылындағы су құбыры жүйесінің құрылысына аудандық бюджет есебінен 6,0 млн теңге сметалық құжаттарын дайындауға қарастырылып, кәзіргі уақыта құжаттар техникалық сараптамадан өтуде. Ендігі мәселе мәдени саласында шешілмей келе жатқан мәселелер бар. Оның бірі Борлыбұлақ ауылындағы клуб ғимараты. Әр түрлі мәселелерді алдыға қойып, аудандық мәдениет бөлімі осы мәселені шешуде кейінге қалып отыр. Бұл мәселенің шешуі - мәдениет бөліміне балансқа беру және қажетті күрделі жөндеу жүргізу.

2015 жылы ауылымызда мал ұрлығы болған жоқ. Ауылымызда 2 полиция өкілі қызмет жасауда. Жыл бой 2 қылмыс тіркеліп, екеуі де ашылды.

«Бизнес Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында округ аумағында 5 шағын бизнес өкілі ашылып. 6 жұмыс орны ашылды.

2015 ж. аяғында «Арсен» шаруа қожалығы /басшысы Сарсенбаев Сұлтан/ ашылды, енді «Талды» есімді /басшысы Жакупов Бақберген/ ашылайын деп отыр.Ауылымыздын жеке кәсіпкері Скаков Абайхан былтырғы жылы басталған тойхана құрылысын аяқтап, биылғы жылы іске қоспақ.

2012 жылдың ақпан айында өткен есепті кездесу барысында ауылдың ішкі көшелерін жарықтандыру мәселесі көтерілген болатын. Осы орайда 2015 жылы «Аймақтарды дамыту» республикалық бағдарламасы бойынша 1 млн 873 мың теңге қаражат бөлінген еді. Бұл қаражат ауыл ішінде Теряев көшесін жарықтандыруға жұмсалды. 2013-2014 жылдары ауылымыздың Тың және Ардагер көшелері жарықтандырылды. Былтырғы жылы Борлыбұлақ елді мекенінде су құбыры ағымдағы жөндеуден өтті.2015 жылғы көктемгі су тасқынынан Жәнібек елді мекенінде 4 үй зардап шекті, оның ішінде тұруға жарамсыз болып қалған 2 үй бұзылып мемлекет көмегімен 2 отбасы жаңа үйлерге қоныстанды. 2016 жылға «Аймақтарды дамыту» бағдарлама аясында 1 млн 912 мың теңге бөлініп, ол қаражат ауыл ішін жарықтандыруға жұмсау көзделіп отыр.

Тағы бір мәселе тозығы жеткен электр желілерін айырбастау. Бұл мәселеде аудандық бағдарламаға кіріп отыр. Келесі жылдары өз шешімін табады деп сенеміз.

Ауылда «Нұр – Отан» бастауыш ұйымы, кәсіподақ ұйымы ,ардагерлер кеңесі бар. Осы қоғамдық ұйымдардың белседілігін арттыру қажет.

Округтегі Бүркітті, Борлыбұлақ елді мекендерінде орналасқан, №20 орта мектеп, №42 негізгі мектептерінде 260-тан астам оқушы оқиды, оларға 47 мұғалім сабақ береді. Осы 2 мектепте де жеке кәсіпкер иелігіндегі асханалар жұмыс жасайды.. Кент бөлімшесіндегі бастауыш мектепте 12 оқушы, 2 мұғалім білім береді . №20 орта мектепте шағын орталық жұмыс істейді. Бала саны 35. Мектепте кейінгі үлгідегі мультимедия кабинеті, интеративтік тақта басқа да пән кабинеттері жұмыс жасап тұр. Барлық мектептер тиісті отынмен қамтамасыз етілген, балаларға жоғарғы деңгейде білім беруге жағдай жасалған.

Жұмысымызда кемшіліктер жоқ деп айта алмаймыз. Келешекте солардан қорытынды шығарып, өзіміздің қолымыздан келетін жұмыстарды 2016 жылы тиянақты атқаруға, органдармен бірлесіп жоспарланған бағдарламаларды орындауға міндеттенеміз.



Күнделікте өмірде кездесетін шаруалар мен ауылдың проблемалық мәселелерін ауыл тұрғындарымен ақылдаса отырып шешіп, келешекте де осылай жұмыс атқарылады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет