Қырғыз селолық округінің әкімі О. С.Қыстаубаевтың есебі



Дата29.06.2016
өлшемі77 Kb.
#165896



Қырғыз селолық округінің

әкімі О.С.Қыстаубаевтың есебі

Қырғыз селолық округі Қарқаралы ауданының ең халық саны көп елді мекендерінің және егін шаруашылығы шоғырланған аумақ болып саналады. Селолық округ 137 991 га аумақта орналасқан. Округ құрамында 5 елді мекен, 10 қыстақ бар. Бүгінгі күнге 2000 - нан астам адам тұрып жатыр. Ауыл халқының 53% немесе 1067 адам экономикалық белсенді тұлғалар санатына жатады. Сонымен бірге 1 орта , 1 негізгі, 1 бастауыш мектептерінде 270- тен астам оқушы оқиды .Орта мектеп жанындағы мектеп жасына дейінгі кіші орталықта 35 бала қамтылған. Округте 1 клуб, 2 кітапхана , 1 ОДА , 4 фельдшерлік-акушерлік медпункт , АТС, пошта бөлімшелері , 18 дүкен, 1 наубайхана, дәріхана, 2 тойхана халыққа қызмет көрсетуде..

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә Назарбаевтың 11 қараша 2014 жылғы «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауы көпшілік қауымның көңілінен шығып, халықтың ыстық лебізіне бөленді.

Бұл Жолдау еліміздің таяу үшжылдық экономикалық бағдарламасын негіздейді. Дүниежүзілік экономикалық дағдарысқа қарамай мемлекетіміз осы дағдарыстан шығудың өз жолын таңдап қана қоймай, еліміздің экономикасын, жол инфраструктасын көтеруге мол қаржы құйып, ел экономикасына жаңа үрдіс әкеледі.

2014 ж.ауылымызда елеулі де атаулы мереке өтті. Ол ауылымыздың және бұрынғы «Қырғыз» кеңшарына құрылғанына - 60 жыл толуы. Бұл мейрам кең аталып өтілді.Ат шаптырылып ,балуандар белдесті ,үлкен концерттік бағдарлама қойылды. Осы тойды өткізуге атсалысқан ауыл тұрғындарын , жеке кәсіпкерлерге алғыс айтамын.

Сонымен қоса Қарқаралы қаласының 190 жылдық мерекесін өткізуге ауыл тұрғындары,шаруашылық құрылымдары басшылары атсалысты.

Округіміздің негізгі шаруашылық бағыты болып егін және мал өсіру шаруашылығы болып табылады. Округ бойынша орналасқан шаруашылық құрылымдары есебінде тұрған мал басы жыл сайын өсуде.Бұл өсім селекция және емдеу- профилактикалық жұмыстардың дұрыс жолға қоюылуынан деп есептеймін.

Биылғы жылы округіміз бойынша ауылшаруашылық малының есебі төмендегідей болды. Ірі қара 5134 бас, аналығы 2192 бас; жылқы 2400 бас, аналығы 939 бас; қой және ешкі 14300 бас, аналығы 6867 бас.

«Арқа» , «Берік» « Аслан» шаруа қожалықтары егін шаруашылығымен айналысып мол астық өндіруде. 2014 жылы егін шаруашылығымен айналысатын 4 шаруа қожалығы 12000 га жерге егін егіп, оның ішінде 790 га арпа себілген еді. 11740 тн астық алынды, орташа түсім 9,9 ц/га айналды.Шаруа қожалықтары бойынша «Арқа» - 8,1 ц/га, «Берік» 13,0 ц/га, «Аслан» - 10,3 ц/га.

Мал шаруашылығын дамытудағы басты бағыт – ол мал басын асылдандыру және мал өнімінің көлемін ұлғайту Бұл бағытта мал асылдандырумен шұғылданып отырған «Берік» ,«Асылан», «Рашида», «Бірлік», «Арқа», «Тілек» , «Айбар» , «Ұшбұлақ» шаруа қожалықтарын атап өтуге болады. Сонымен қатар «Төкен» шаруа қожалығы (басшысы Садуов Ерсайын) «Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында асыл тұқымды 50 бас тайынша және 2 бас бұқа алып ,асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысуға межелеп отыр. «Ерлан» шаруа қожалығы (басшысы Тезекбаев Қанат) «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 40 сиыр және 2 асыл тұқымды бұқа алды. «Рашида» шаруа қожалығы (басшысы Төлеубеков Марат) осы бағдарлама бойынша 100 тоқты алды.

Сапалы өнім көлемін арттыру үшін озық технология пайдалану шарт.

Ол технологияны сақтау үшін заманауи техника алу қажет.Бұл орайда округ аумағында орналасқан шаруа қожалықтары жаңа техника паркін жаңартуда.Биылғы жылы «Аслан» шаруа қожалығы (басшысы Даутов Талғат) 1 дана «Вектор» комбайнын , «Берік» (басшысы Талюкенов Мұрат) - 1 дана рулонды шөп пресстеуші және МТЗ-90 тракторын , «Бірлік» - (басшысы Мурсалимов Елубай)- шөп шабу және жинаушы құралдарымен және шетелдік тиегіш (погрузчик), «Айбар» (Басшысы Ахметов Алпысбай)- 1 «КАМАЗ» автокөлігіін пайдаланып отыр.

Ендігі жерде назар аударатын мәселе - халықтың жеке меншік малын асылдандыру. Келесі жылы шаруа қожалықтары басшыларымен келісіп, асыл тұқымды бұқаларды халықтың табынына қосу.

Халықтың әлеуметтік жағдайы әрқашан басты назарда. Округ аумағында 1 жанұя 3 адам атаулы әлеуметтік жәрдемақы және 12 жанұя балалар жәрдемақысын алады. 2014 жылы 3 жанұя материалдық көмек алып отыр. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 6 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

Медицина саласындағы басты бағыт – халықтың денсаулығын нығайту.2014 ж. халық арасында өткізілген скрининг қорытындысы бойынша балалар және ересектер боынша 755 адам қамтылып, 73 адам ауырғаны анықталып,69 адам емделді.

Биылғы 2015 жылы көптен бері шешілмей келе жатқан бір мәселе- Бүркітті ауылындағы амбулатория құрылысы қолға алынбақ. Қажетті қаражат бөлінген, осы жылдың аяғында заманауи техникамен жабдықталған амбулатория халыққа қызмет көрсетеді деп сенеміз. Қарағанды қаласынан «Саламатты Қазақстан» атты диагностикалық емдеу автопоезы жергілікті халықтың денсаулығын жылма-жыл келіп тексеруде.

Жыл ішінде 33 бала туып, 14 адам қайтыс болған. Осыған байланысты халықтың демографиялық өсу байқалуда.

Сонымен бірге, құны 200,0 млн теңге көлеміндегі Бүркітті ауылындағы су құбыры жүйесінің құрылысына аудандық бюджет есебінен 6,0 млн теңге қарастырылып, келісуге жолданған. Ендігі мәселе мәдени саласында шешілмей жатқан мәселелер бар. Оның бірі Борлыбұлақ ауылындағы клуб ғимараты. Әр түрлі мәселелерді алдыға қойып, аудандық мәдениет бөлімі осы мәселені шешуде кейінге қалып отыр. Бұл мәселенің шешуі - мәдениет бөліміне балансқа беру және қажетті күрделі жөндеу жүргізу.

2014 жылы ауылымызда мал ұрлығы болған жоқ.

Бүркітті ауылының клуб үйінің материалдық техникалық жағдайы біршама жақсарды. Көрермен залының едені ауыстырылып, қажетті жиғаздар алынды.

«Бизнес»Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында округ аумағында 3 шағын бизнес өкілі ашылып. 5 жұмыс орны ашылды.

2014 жылдың ақпан айында өткен есепті кездесу барысында ауылдың ішкі көшелерін жарықтандыру мәселесі көтерілген болатын. Осы орайда 2014 жылы «Аймақтарды дамыту» республикалық бағдарламасы бойынша 1 млн 824 мың теңге қаражат бөлінген еді. Бұл қаражат ауыл ішінде Ардагер көшесін жарықтандыруға жұмсалды. Биылғы жылы Борлыбұлақ елді мекенінде су құбыры ағымдағы жөндеуден өтті. 2015 жылға осы бағдарлама аясында 1 млн 873 мың теңге бөлініп, ол қаражат ауыл ішін жарықтандыруға жұмсау көзделіп отыр.

Тағы бір мәселе тозығы жеткен электр желілерін айырбастау. Бұл мәселеде аудандық бағдарламаға кіріп отыр. Келесі жылдары өз шешімін табады деп сенеміз.

Ауылда «Нұр – Отан» бастауыш ұйымы, кәсіподақ ұйымы ,ардагерлер кеңесі бар. Осы қоғамдық ұйымдардың белседілігін арттыру қажет.

Округтегі Бүркітті, Борлыбұлақ елді мекендерінде орналасқан, №20 орта мектеп, №42 негізгі мектептерінде 270-тен астам оқушы оқиды, оларға 47 мұғалім сабақ береді. Осы 2 мектепте де жеке кәсіпкер иелігіндегі асханалар жұмыс жасайды.. Кент бөлімшесіндегі бастауыш мектепте 12 оқушы, 2 мұғалім білім береді . №20 орта мектепте шағын орталық жұмыс істейді. Бала саны 35. Мектепте кейінгі үлгідегі мультимедия кабинеті, интеративтік тақта басқа да пән кабинеттері жұмыс жасап тұр. Барлық мектептер тиісті отынмен қамтамасыз етілген, балаларға жоғарғы деңгейде білім беруге жағдай жасалған.

Жұмысымызда кемшіліктер жоқ деп айта алмаймыз. Келешекте солардан қорытынды шығарып, өзіміздің қолымыздан келетін жұмыстарды 2015 жылы тиянақты атқаруға, органдармен бірлесіп жоспарланған бағдарламаларды орындауға міндеттенеміз.

Күнделікте өмірде кездесетін шаруалар мен ауылдың проблемалық мәселелерін ауыл тұрғындарымен ақылдаса отырып шешіп, келешекте де осылай жұмыс атқарылады.

Отчет акима

Киргизского сельского округа

Кистаубаева О.С

Дорогие односельчане (земляки)

Указом президента РК Н.А Назарбаева каждую квартал акимы сельского округа обьязаны давать отчет о проделанной работе.

Киргизский сельский округ является одним из крупных округов Каркаралинского района. Наш сельский округ занимает 137 991 га земли. В В составе округа входят 5 сельских местностей, и 10 зимовок. В данный момент в округе проживает более 2000 человек. 53% жителей села является экономический обеспеченными. Наряду с этим есть 1 средняя, 1 неполное и 1 начальная школа, в которых обучаются более 380 учащихся. А также в округе существует 1 клуб, 2 библиотеки, 1 СВА, 4 медпункта, АТС, отделения почты, 18 магазинов, 1 пекарня, апатека, кафе которые служат для блага населения.

Послание президента « Казахстан – 2050» Стратегия развития» от 14.12.2013 года в сердцах народа. Результатом наших достженийй является народная выставка «ЭКСПО», которая будет проходить в 2017 году а Астане. Основное направление нашего села – это животноводство и зерновых культур.

С каждым годом сокращется число КРС. Причиной тому является нехватка пастбищу. Поэтому нужно выгонять скот на специальные пастбище. Крестянские хозяйства «Арка» « Берик» «Аслан» выращивают пшеницу и каждый год дают хороший урожай. 4 крестянских хозяйства в 2013 году на 13 911 га земли посеяли зерновых культур, из них 12361 пшеницу, 1550 ячмень.

Основным направлением животноводства является селекционирование, увелечение поголовье скота. В этом направлений работают такие крестянские хозяйства, как «Берік», «Асылан» , «Рашида» и «Бірлік» . На сегодняшний день основной задачей является селекционирование частного скота. В связи с эти на следующий год планируется с согласия глав крестянских хозяйств пустить в частный табун племенных быков.

Основное значение уделяется социальному положению населения. В округу 2 семьи и 5 человек получают адресно – социальную помощь, 18 семьей получают пособие на детей. В этом году 3 семьи материальную помощь.
Основным направлением медицины является здоровье народа. Коллектив амбулаторий перешел в другое здание. Диогностический поезд «Саламатты Казахстан» из Караганды обслужили населения. За девять месяцев умерло 9 человек, родились 22 ребенка. По этим данным видно, что заметен демографический рост населения.

При каждой встрече с населением посчтупает немало заялений от жителей села. Одно заявление затрагивает вопрос спортивном комплексе села Буркутты. В мае месяце этого года наш аул посетил аким области Б. Абдешов. Он познокомился с состоянием спорткомплексе. По этому вопросу он дал некоторые указания нужным организациям.

Заметны хорошие сдвиги по этому вопросу. Есть немало нерешенных вопросов в сфере культуры. Один из них - здание клуба в селе Буркутты.

Районный отдел культуры решение этого вопроса поставил на задний план. Решением этого вопроса является сдать это здание в баланс районного отдела культуры и сделать капитальный ремонт.

Второй проблемой является улушение материально технического положения, а также приведения в порядок полового покрытия зрительного зала клуба села Буркутты. Очередной отчет перед населением прошел в здание школы, из – за поломок стульев и полов здание клуба.

«Развитию округов» на республиканской программе в этом году было выделено 1 млн 467 тысяча тенге.

Эти деньги были направлены на улучшение дороги села. А также провели текущий ремонт дороги при выезде в село.

Еще одна проблема - это замена электропроводов. Решение этой проблемы вошло в программу района . Надеемся, что на следующий год и этот вопрос найдет свое решение.

В селе существует нач – ая организация НДП «Нұр Отан» а также совет ветеранов. Нужно развить детельность этих организаций. В средней школе № 20 село Буркутты, а также основная школа № 42 в Борлыбулаке обучается 310 учеников, преподают 47 учетеля . В этих двух школах есть столовые частных предпринимателей. В начальной школе отделения Кент учатся 16 учеников преподают 2 учителя. В школе № 20 есть мини центр, куда ходят 35 детей. А также есть мультимедийный кабинет с интерактивной доской, работают и другие кабинеты. Все школы обеспечены углем, есть все условия для получения хорошего оброзования.

В каждой работе бывают свои недостатки. В будущем мы должны сообща с другими организациями , устранить свои недостатки, решить поставленные запланированные задачи.Решать проблемы села и населения нужно вместе

В дальнейшем мы будем проводить работы сообща с населением.

Молуха Василий Иванович туған жері Украина Львов қаласы. Бүркітті ауылына 1954 жылы целина көтерілген жылы келді. Бүркітті ауылына қарасыты Сары-бұлақ,Жәнібек елді мекендерінде тракторист болып қызмет атқарды. Одан кейін тракторшылардың бригадирі болып қызметін жалғастырды. Сосын сол елді мекендерде Басшы болып қызметті 12 жыл бойы жалғастырды. Ол жерде 18000 га. егін салатын жер болды. Тың жерге ең алғаш соқаны салған осы Молуха Василий Иванович болған. Ол кезде 78 гусеничный трактор жұмыс істеген.



Қазіргі кезде жанұясы Қарағанды қаласы Октябрь ауданында тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет