II бөлім Қазіргі кездегі жастардың ырымшылдығын эксперименттік зерттеу
2.1 Ырымшылдықтың әлеуметтік-психологиялық сипатын зерттеуді ұйымдастыру
Заманауи жастардың ырымдарының ерекшеліктерін зерттеу мақсатында Астана қаласы бойынша бірнеше мекемелер мен жоғары оқу орындар базасында зерттеу жүргізілді. Зерттеуге 70зерттелінуші қатысты: 30 «Ұлттық ұлан» сарбаздары,26 «КазГЮУ» студенттері, 14 «Каспий банк» кызметкерлері.
Осы мекемелер қызметінің сипатына тоқталып кетсек, аталмыш мекемелердің қызметкерлерінің көпшілігі жастарды құрайды. Біздің бұл мекемелерді іріктеп алу себебімізде осыдан туындаған болатын.
«Ұлттық ұлан» сарбаздарының негізгі кәсіби функционалдық қызметтерінемаңызды мемлекеттiк объектiлердi және арнайы жүктердi күзету; ішкі істер органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті қорғауға, жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесуге, қоғамдық қауіпсіздікті және төтенше жағдай мен соғыс жағдайының, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимдерін қамтамасыз етуге қатысу, осы операцияға, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларға қатысу;сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуіне арналған қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары, төтенше қауіпсіз, қауіпсіздігі аралас мекемелерін күзету; және онда ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру; сотталғандарды және күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүру; соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау; Қазақстан Республикасының аумағында қарулы қылмыскерлерді залалсыздандыру, заңсыз әскерилендірілген немесе қаруланған құралымдар (топтар), ұйымдасқан қылмыстық топтар (қоғамдастықтар) әрекетін тоқтату жөніндегі арнайы операцияларға қатысу; ауыр және аса ауыр қылмыстардың, диверсиялардың, терроризм актілерінің, қарулы қақтығыстардың жолын кесуге қатысу және тайталасушы тараптарды ажырату; Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау жатады.
Ал «КазГЮУ» университетінің әртүрлі мамандықта оқитын 1-4 курс студенттері қатынасты. Құқық жоғары мектебі, Экономика жоғары мектебі, Жалпы білім беру пәндері мектебінің білім алушылары қатынасты. Зерттеуге қатынасқан аталмыш жоғары оқу орындарының студенттері біз қойған сауалнамаға өте белсенділікпен және қызығушылықпен жауап берді.
«Каспий банк» қызметкерлері бойынша көбінесе клиенттермен жұмыс істейтін және бөлім басшыларына сауалнама жүргізілді. Бір қызығы осы мекемедегі қызметкерлердің ырымшылдыққа қатынасы мүкіншілігінше жасырын жағдайда болғанын қалағаны аңғарылды. Дегенмен, оларда сауалнамаға шынайы жауап беруге тырысқаны байқалды. «Каспий банк» қызметкерлерінің негізгі кәсіби функционалды іс-әрекеті әрбір клиентке үздік сапалы қызмет көрсету арқылы оның қажеттіліктерін күткенінен де асыра қамтамасыз ету, банк клиенттері мен серіктестеріне озық нарық мүмкіндіктерінің толық спектрін ұсыну, кәсіби қызмет тиімділігі мен корпоративтік әдеп нормаларына бейімділігін үйлестіру, мемлекеттің көркеюіне өз үлесін қосу, нарықтағы өз позициясын нығайтуға және болашақта жоспарлы түрде даму үшін база қалыптастыру болып табылады екен. Қай мекеме қызметкерлерінен сауалнама алсақ та, алдымен жас ерекшеліктері бойынша жастарға көбірек көңіл бөлдік. Яғни жастардың қызмет ерекшеліктері мен кәсіби ерекшеліктерінен гөрі жас ерекшеліктеріне байланысты және сауалнамаға қатысты мәліметтер алдық.
Біздің зерттеу мәселеміз әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерді қарастыру болғандықтан, біз өзіміздің эксперименттік бөлімімізде сауалнама ждайындадық.
Психология ғылымында зерттеу мәселесіне байланысты мәліметтер алудың ең көп тараған түрі – осы сауалнама әдісі болып табылады. Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеу болып табылады. Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады. Біз сауалнама жүргізу барысында алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен еркін сұхбат арқылы ырымшылдықтың психологиялық аспектісін ашуды мақсат етіп қойдық.
Зерттеудің мақсаты: заманауи жастардың ырымдарын және олардың өмірлеріндегі ырымшылдықтың ролін зерттеу.
Зерттеудің болжамы: Ырымдар, жалпы алғанда, қазіргі кездегі жастар арасында кең таралған. Негізгі мотив ретінде өз тұлғасын негативті толқулардан сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
Бастапқы мәліметті алудағы негізгі әдіс ретінде сауалнама таңдалды. Эмпирикалық зерттеудің негізгі әдісі ретінде контент-анализ алынды.
Зерттелінуші жастарға келесі сұрақтар қатары ұсынылды:
Қандай ырымдарға Сіз сенесіз (өміріңізде қолданасыз ба)?
Егер олардың сізге көмегі болса, оны қалай білесіз?
Сіздің бұл ырымдарды алу көздері қандай?
Қандай жағдайларда Сіз оларды жиі қолданасыз?
Сіз үшін бұл жағдайлар қандай эмоциялармен байланысты?
Неге және не үшін Сіз бұл ырымдарды қолданасыз?
Достарыңызбен бөлісу: |