Іс қАҒаздарын жүргізу



жүктеу 0.64 Mb.
бет4/4
Дата04.07.2016
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4

ЖЕКЕ ТҰЛҒА – азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие тұлға.

ЖЕҢІЛДІК – жеке немесе заңды тұлғалардың заңмен белгіленген жалпыға ортақ ережелерді сақтаудан, қандай да бір міндеттерді орындаудан толық немесе жартылай босатылуы.

Жиналыс – қандайда бір ұйым мүшелерінің түрлі мәселелерді талқылауы үшін өткізетін мәжілісі.

Жоба 1) ғимараттың немесе құрылымның жоспары; 2) қандай да құжаттың алдын-ала дайындалған мәтіні.

ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ – белгілі бір салада көлемді білімі бар маман.

ЖОЛАРАЛЫҚ – бір-бірінен бірдей қалып отыратын қозғалыстағы немесе қозғалмайтын нәрселердің арасындағы қашықтық.

Жүктеме – 1. жұмыстың көлемі, қандай да бір жұмыспен айналысудың дәрежесі; 2. біреуге жүктелген, біреудің атқаратын, орындайтын жұмысы.

ЗАҢ – мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органының белгіленген тәртіппен қабылданған және жоғары заңдылық күшке ие нормативтік актісі.

Заңгер заң мәселелерінің, заң ғалымдарының маманы.

ЗАҢДЫ ТҰЛҒА – азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие мекеме, кәсіпорын, ұйым.

Зейнетақы азаматтардың қызмет атқарған жылдары үшін, мүгедектікке байланысты, жұмысқа жарамсыздық жағдайда т.б. мемлекет тарапынан ақшалай қамтамасыз етілулері.

КЕҢСЕ – мекеменің іс жүргізу жұмысын басқаратын бөлім және осы бөлімнің орны.

КЕПІЛАҚЫ – міндеттің толық орндалуын қамтамасыз ету үшін алдын-ала берілген ақша.

КЕПІЛГЕР – біреуге немесе бірдеңеге кепіл болатын жеке, заңды тұлға немесе мемлекет.

КӨШІРМЕ – түпнұсқаның ешбір өзгеріссіз нұсқасы.

КУӘЛАНДЫРУ – мөрмен және қолмен құжаттың дұрыстығын, шындығын растау.

Күн тәртібі алқалық органның мәжілісінде талқыланатын сұрақтар тізбесі.

Кіріс нөмірі – мекемеге түскен құжаттардың реттік саны.

ҚОЛДАУХАТ – тұлғаның біреуді, бірдеңені қолдаған ресми өтініші.

ҚОЛЖАЗБА – қолмен жазылған немесе жазу машинасына, я компьютерге көшірілген мәтіннің түпнұсқасы немесе көшірмесі.

ҚОРЫТЫНДЫ – қандайда бір мәселеге, құжатқа байланысты комиссияның, маманның, лауазым иесінің пікірі жазылған құжат.

Қоса атқарушы – бір жұмыс орнындағы жұмысымен қатар екінші бір орында жұмыс істейтін лауазым иесі.

Қосымша құжаттың негізгі мәтінін толықтыру үшін берілетін түрлі ресми және анықтамалық материалдар (фотосуреттер, схемалар, кестелер, құжаттар).

ҚУЫНЫМ – сотқа азаматтық құқықтарды қорғауды талап етіп өтініш жасау.

ҚҰЖАТТЫҢ КІРІСПЕ БӨЛІМІ – эмблема, кәсіпорынның атауы, анықтамалық деректер, құжат түрінің атауы, дата, келіп түскен құжаттардың нөмірі мен датасына сілтеме деректемелерінің жиынтығы.

ҚҰЗЫРЕТТІ, БІЛІКТІ – бір салада жеткілікті хабардар, білімді лауазым иесі.

Құпия – жарияланбайтын, жасырын ұсталатын ақпарат.

ҚҰРЫЛТАЙШЫ – қоғамдық ұйымдардың, қорлардың құрушысы болып табылатын заңды тұлға.

ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАР – лауазым иелерімен, мекемелермен, ұйымдармен, кәсіпорындармен және жекелеген тұлғалармен байланысудың құралы болып табылатын түрлі мазмұндағы басқару құжаттарының үлкен тобының жалпы атауы.

ҚЫЗМЕТ, ЛАУАЗЫМ – қызметтік міндет, қызметтік орын.

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУ – кәсіпорын қызметкерлерінің функцияларын, құқықтары мен міндеттерін белгілейтін құжат.

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛАР – кәсіпорынның қызметкерінің қызметін, құқықтары мен міндеттерін белгілейтін құжат.

Мағлұмат – 1) қандай да бір сала бойынша алынған білім; 2) қандай да бір іс туралы хабар, дерек.

Мәлімет қандай да бір деректердің, мағлұматтардың жиынтығы болып табылатын құжат, жазба.

Мәміле бірдеңені орындау туралы екіжақты келісім.

Мәслихат – бір мәселені талқылауға арналған мәжіліс.

МӘТІННІҢ ТАҚЫРЫБЫ – құрастырылған құжат мәтінінің негізгі мазмұны қысқаша баяндалып жазылған деректеме. Ол құжат атауымен грамматикалық байланыста болуы керек.

MҰРАҒАТ – 1) eскі құжаттарды, бұрынғыдан қaлған жазба және гра­фикалық eскepткiштepдi сақтайтын, жүйеге келтipeтiн, тiзiмдейтiн арнау­лы мекеме; 2) мекеменiң eскі құжат­тар сақталатын бөлiмi; 3) қандай да бiр мекеменің, тұлғаның қызметiне қатысты хаттардың, қолжазбалар­дың т. б. жинағы.

Негіздеме – белгілі бір нәрсеге, тұрмысқа, танымға, ойға, іс-әрекетке жеткілікті және маңызды шарт.

НҰСҚАУ – бірдеңенің жүзеге асырылуының жолы мен тәртібін белгілейтін ережелер жиынтығы.

ОТЫРЫС – қандайда бір ұйымның, ұжымның белгілі бір мәселелерді талқылау мақсатында жиналуы.

ӨСИЕТНАМА – біреудің өзінің өлгенінен кейін мүлкін кімге тапсыратыны туралы өкімінен тұратын ресми құжат.

ӨТЕМАҚЫ – мүліктерді бөлу немесе айырбастау кезінде мәмілеге негіз болған мүліктердің құнын немесе үлестерін теңестіру мақсатында бір жақтың екінші жаққа беретін ақшалай сомасы.

Өтіл – қандай да бір саладағы қызметтің жалғастығы.Еңбек өтілі.

Пікір – бірдеңе немесе біреу туралы ой, пікір жазылған құжат.

РЕСІМДЕУ – белгілі бір құжаттарды толтыру, құрастыру

РҰҚСАТНАМА – бір жерге кіру немесе басқа жаққа бару үшін берілетін рұқсат қағаз, куәлік

Салық – міндетті, өтеусіз төлем, салық ұйымдармен түрлі салалардан меншік құқық ережесі бойынша алынады, мемлекет тарапына шаруашылық жұмыстарын жүргізу, қауырт жұмыстар ұсталатын ақшалай қаражат түрі.

САУАЛНАМА – 1) жұмыскерлер жұмысқа орналасқанда құрастыратын­ құжат. Сауалнамада көрсетiлген жазбалар тиiстi құжаттармен раста­лады. Бұны кадрлар қызметiнiң жұмыскерлерi тексерiп, қол мен мөр қойып растаулары керек. Сауалнама жұмыскердiң жеке iciнiң құрамдас бөлiмi; 2) қандай да бiр деректердi енгiзуге арналған сауал қағаз.

Серіктестік – тең құқықты қатысушылардан тұратын өндірістік, сауда, т.б. ұйымы.

Сыйақы орындалған жұмыс көлемі үшін берілетін ақшалай немесе материалдық сыйлық.

Сілтеменегізгі мәтіннен бөлек, беттің ең төменгі жағына жазылатын, негізгі құжаттың мәтініне түсінік, ескерту берілетін мәтін.

Тағайындау – 1. құжаттың орындалу мерзімін белгілеу, анықтау; 2. бір лауазымға, жұмысқа т.б. жіберу, алу; 3. шешім жазылған құжат.

ТАҚЫРЫП – құжаттың атауы немесе құжаттың бір бөлігінің атауы.

ТӘРКІЛЕУ – мүлік немесе ақшаның мемлекет меншігіне еріксіз алынуы.

ТЕЛҚҰЖАТ – құжаттың түпнұсқамен заңдылық күші бірдей екінші нұсқасы.

Төлқұжат иесінің жеке басын куәландыратын ресми құжат.

ТӨЛНҰСҚА – құжаттың мекемеде қалатын көшірмесі

ТҰЛҒА – қоғамдағы жеке адам; индивидуум.

Түпнұсқа – 1. құжаттың алғашқы жасалынған нұсқасы, көшірме емес. 2. қолжазба.

ТІРКЕУ ОРНЫ – 1. мекеменің тұлғаларды тіркейтін бөлімі; 2. индекс қойып және құжатты тіркеу туралы мәліметтерді жазып, құжаттың жасалғанын немесе түскен фактісін тіркеу.

ҰЛЫҚТАУ – жаңа сайланған мемлекет басшысының ант қабылдап, өз қызметіне аяқ басу кезінде өткізілетін салтанатты мәжіліс.

ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ – қандай да бір мәтіннен, құжаттан жасалған көшірме.

Үлгі – құжаттың негізге, басшылыққа алуға, еліктеуге болатын нұсқасы.

ҮМІТКЕР, КАНДИДАТ – 1. бір орынға сайлануы, тағайындалуы немесе қабылдануы мүмкін тұлға; 2. кіші, алғашқы ғылыми дәрежесі бар тұлға.

Үстеме – еңбекақыға қосылған, қосымша сома.

Хатшы іскери хат алмасу құжатын жүргізетін, жеке адамдардың немесе мекеменің ағымдағы істерін жүргізетін жұмыскер.

ШАРТөзара міндеттемелер туралы, әдетте жазбаша жасалатын келісім.

ІС – 1. Жұмыс, қызмет. 2. Кәсіпорын. 3. Сот процесі.

4. Қандай да бір тұлғаға немесе фактіге қатысты құжаттар жиынтығы.



ІС ЖҮРГІЗУШІ – кеңсе істерін жүргізетін қызметші.

ІССАПАР – қызметтік тапсырманы орындау мақсатында басқа жаққа сапар шегу.

8 Құжаттардың атаулары

Алғыс хат – Благодарственное письмо

Аннотация – Аннотация

Анықтама – Справка

Акт – Кесім

Ақпараттық хат – Информационное письмо

Аттестат – Аттестат

Ашық хат – Открытое письмо

Бағдарлама – Программа

Баяндама – Доклад

Баяндау хат – Докладное письмо

Бұйрық – Приказ

Визит карточкасы – Визитная карточка

Диплом – Диплом

Еңбек кітапшасы – Трудовая книжка

Есеп – Отчет

Ескерту хат – Письмо напоминание

Ереже – Положение

Жарғы – Устав

Жарлық – Указ

Жарнама – Реклама

Жауап хат – Ответное письмо

Жеделхат – Телеграмма

Жеке еңбек келісімі – Индивидуальное трудовое соглашение

Жеке куәлік – Удостоверение личности

Жеке хат – Личное письмо

Жеке іс парағы – Личный листок

Жоба – Проект

Жолдама – Направление

Жолдама хат – Сопроводительное письмо

Жоспар – План

Келісім – Соглашение

Келісімшарт – Договор

Кепіл хат – Гарантийное письмо

Кесте – Расписание

Көшірме – Копия

Куәлік – Свидетельство

Қаулы – Постановление

Қолдау хат – Ходатайство

Қолхат – Расписка

Қорытынды – Заключение

Құттықтау хат – Поздравительное письмо

Қызметтік хат – Служебное письмо

Қызметтік нұсқау – Должностная инструкция

Мәлімдеме – Рапорт

Мінездеме – Характеристика

Нұсқау – Инструкция

Оқырман билеті – Читательский билет

Ордер – Ордер

Өкім – Распоряжение

Өмірбаян – Автобиография

Өсиетнама – Завещание

Өтініш – Заявление

Өтініш хат – Письмо просьбы

Пікір – Отзыв

Пікірсарап – Рецензия

Ресми хат – Официальное письмо

Рұқсатнама – Виза

Рұқсаттама – Пропуск

Сауалнама – Анкета

Сенімхат – Доверенность

Сұраныс хат – Запрос

Сынақ кітапшасы – Зачетная книжка

Талап арыз – Исковое заявление

Тапсырыс – Заявка

Телефонхат – Телефонограмма

Телқұжат – Дубликат

Төлқұжат – Паспорт

Төлнұсқа – Отпуск документа

Тұжырымдама – Концепция

Түбіртек – Квитанция

Түйіндеме – Резюме

Түпнұсқа – Оригинал

Түсініктеме – Обьяснительная записка

Тізімдеме – Ведомость

Тізім – Список

Тіркеу карточкасы – Регистрационная карточка

Ұсыныс хат – Рекомендательное письмо

Үзінді – Выписка

Үкім – Приговор

Факс – Факс

Хабарлама – Сообщение

Хабарландыру – Обьявление

Хаттама – Протокол

Шағымхат – Жалоба

Шақыру хат – Пригласительное письмо

Шарт – Контракт

Шешім – Решение

Штат кестесі – Штатное расписание

Іссапар куәлігі – Командировочное удостоверение



Әдебиеттер
1 Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э.

Ресми іс қағаздары. – Астана, 2001. – 216 б.

2 Баймұқанова М.А. Мемлекеттік тілде іс жүргізу : оқу құралы.

– Павлодар, 2004. – 65 б.

3 Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. – Алматы : Ана тілі, 2004. – 208 б.

4 Салагаев В., Шалабай Б. Іс қағаздарын жүргізу. – Алматы : Раритет, 2006. – 208 б.

5 Жахина Б., Құрманова А., Қайырбекова И. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы. – Көкшетау, 2003. – 100 б.


  1. Қасымбеков М. және т.б. Екі тілде іс жүргізу. – Алматы, 1994. – 224 б.

7 Есімболова М.Қ. Мемлекеттік тілде іс жүргізу курсы (үлгілер) : оқу құралы. – Алматы, 2004. – 150 б.

8 Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізу үлгілері).

4-басылымы, толықтырылған /Құрастырушылары: В.И.Скала, Б.В.Скала, Н.В.Скала. – Алматы : «LEM», 2006. – 336 б.

9 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік:

Іс жүргізу мен мұрағат ісі /Жалпы редакциясын басқарған п.ғ.д., профессор А.Қ. Құсайынов. – Алматы : Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасы, 2000. – 256 б.

10 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік : Іс жүргізу / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е.Арын. – Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ, 2007. – 144 б.



Мазмұны
Алғы сөз .................................................................................... 3

1 Құжаттарды, хаттарды жазарда ескеретін

кейбір жағдайлар .......................................................................4

2 Құжаттарды ресімдегенде жиі кездесетін

деректеме атаулары ...................................................................5

3 Құжат түрлері ............................................................................7

3.1 Өмірбаян .....................................................................................7

3.2 Түйіндеме ...................................................................................8

3.3 Қолхат .........................................................................................9

3.4 Сенімхат ...................................................................................10

3.5 Өтініш ...................................................................................... 12

3.6 Бұйрық ..................................................................................... 13

3.7 Мінездеме ................................................................................ 15

3.8 Жеке іс парағы ........................................................................ 17

3.9 Анықтама .................................................................................19

3.10 Хабарландыру ........................................................................ 20

3.11 Баяндау хат ............................................................................ 21

3.12 Түсініктеме ............................................................................. 23

3.13 Жеделхат ................................................................................ 24

3.14 Телефонхат ............................................................................. 25

3.15 Факс ........................................................................................ 26

4 Қызметтік хаттар ................................................................... 27

4.1 Өтініш хат ............................................................................... 29

4.2 Жауап хат ................................................................................ 30

4.3 Ақпараттық хат ....................................................................... 30

4.4 Шақыру хат ............................................................................. 31

4.5 Алғыс хат ................................................................................ 31

4.6 Жеке хат .................................................................................. 32

4.7 Ескерту хат............................................................................... 32

4.8 Шағым хат ................................................................................33

4.9 Сұраныс хат ............................................................................ 34

4.10 Ұсыныс хат ............................................................................ 34

4.11 Ресми хат ................................................................................ 35

4.12 Жолдама хат ............................................................................36

5 Ұйымдастыру-басқару құжаттары ........................................ 36

5.1 Өкім ......................................................................................... 36

5.2 Хаттама .................................................................................... 37

5.3 Қаулы ....................................................................................... 39

5.4 Жарғы ...................................................................................... 39

6 Бақылау тапсырмалары ........................................................... 40

№ 1-нұсқаның тапсырмалары ................................................. 40

№ 2-нұсқаның тапсырмалары ................................................. 41

№ 3-нұсқаның тапсырмалары ................................................. 42

№ 4-нұсқаның тапсырмалары ................................................. 43

№ 5-нұсқаның тапсырмалары ................................................. 44

№ 6-нұсқаның тапсырмалары ................................................. 45

№ 7-нұсқаның тапсырмалары ................................................. 46

№ 8-нұсқаның тапсырмалары ................................................. 47

№ 9-нұсқаның тапсырмалары ................................................. 48

№ 10-нұсқаның тапсырмалары ............................................... 49

7 Іс жүргізуге қатысты қысқаша

түсіндірме сөздік ..................................................................... 50

8 Құжаттардың атаулары ........................................................... 56

Әдебиеттер ............................................................................... 59




1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет