Дескрипторлары:
Мәліметтерді өңдеу:
Дескрипторлары:
Есептеулері көрсетілген;
Тербеліс периодын анықтау формуласы дұрыс қолданылған.
Жаңа тақырып: Механикалық толқындардың таралуы. Механикалық толқындардың интерференциясы.
Видое көрсетілім
Қысқаша конспект жазу.
1.Сарақ. Интерференциялық максимум шарттары қандай?
2.Сұрақ. Интерференциялық минимум шарттары қандай?
Интерференциялық максимум шарттары:
1. Қабаттасу нүктесіне толқындар бірдей фазада келіп жетуі тиіс: φ1=φ2
2. Δd– толқындардың жолдарының айырмасына толқын ұзындығының бүтін саны сәйкес келеді: ∆𝒅=𝒌𝝀 мұндағы k – бүтін сан, k=0, 1, 2, 3,…
Немесе: Δd– толқындардың жолдарының айырмасына жарты толқын ұзындығының жұп саны сәйкес келеді: ∆𝒅=𝟐𝒌∙𝝀/𝟐
3. Қорытқы амплитуда екі толқын амплитудаларының қосындысына тең болады: Ақорытқы=А1+А2 – қабаттасу нүктесінде толқындар бірі-бірі күшейтеді.
Δd = kλ = 2k(λ/2) — максимум үшін,
Интерференциялық минимум шарттары:
1. Қабаттасу нүктесіне толқындар қарама-қарсы фазада келіп жетуі тиіс: φ1 = - φ2
2. Δd– толқындардың жолдарының айырмасына жарты толқын ұзындығының тақ саны сәйкес келеді:
∆𝒅=(𝟐𝒌+𝟏)λ/𝟐
3. Қорытқы амплитуда екі толқынның амплитудаларының айырмасына тең болады: Ақорытқы=А1–А2 - толқындар бірін-бірі әлсіретеді.
Егер А1=А2 болса, онда Ақорытқы= 0 – қабаттасатын толқындар бірін-бірі жояды.
Δd = (k + 1/2)λ = (2k+1)(λ/2) — минимум үшін, k = 0, 1, 2,
|
Теориялық материалмен жұмыс
Есептер шығару
|
Ұпай
Ұпай
|