Исахметов т. И., Ж азд ы кбаева д. П


Исахметов Т.И., Жаздыкбаева Д.П



Pdf көрінісі
бет58/80
Дата15.07.2023
өлшемі3.61 Mb.
#475692
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80
Исахметов-Т.И.Жаздыкбаева-Д.П.-Халықаралық-аудит

Исахметов Т.И., Жаздыкбаева Д.П.
сипаттама берілген, тэуекелдіктерді түсіну жэне бағалауды 
бейнелейтін қүжаттар көрсетілген. Есеп жэне қорытынды есеп 
беру жүйесі, олардың элементтері, мақсаты мен міндеттері, ішкі 
бақылау жүйелерінің шектелуі жэне ол жүйелерді зерттеу мен 
бағалау бойынша аудит процедуралары суреттелген. Тіркемеде 
аудиторлық тэуекелдіктердің компоненттері арасындағы өзара 
байланыстардың иллюстрациясы келтірілген.
401 Компьютерлік ақпараттық жүйе жағдайындағы аудит. 
Аудитор аудиторлық процедураларды қолмен орындай алады 
немесе аудитгің компьютерлендірілген тэсілдерін қолдана алады, 
не болмаса жеткілікті. көлемде дэлелдеулер алу үшін оларды 
қүрамдастыра алады. М әліметтерді электрондық өңдеу жүйесі 
бар болған кезде қажетті процедуралар ашып көрсетілген. Бұл 
жұмыстарды орындау үшін аудиторлардың біліктілігіне және 
оларды дайындау деңгейіне қойылатын талаптар айқындалған.
402 Қызмет көрсетуші ұйымдардың қызметін пайдаланушы 
субъектілердегі аудит мэселелері. Бухгалтерлі есепті жүргізуді 
жэне қаржылық қорытынды 
есепті дайындауды 
қызмет 
көрсетуші 
ұйымдарға 
жүкгейтін 
субъектілер 
аудитінің 
мэселелері қарастырылған. Аудитор қызмет көрсетуші ұйымдар 
нсұмыстарының экономикалық субъект үшін де, аудит жэне оған 
байланысты тәуекелдіктер үшін де қаншалықты маңызы бар 
екендігін анықтауға тиісті.
500 - 599 - “Аудиторлық дәлелдеулер”
500 Аудиторлық дэлелдеулер. Аудиторлық дэлелдеулердің 
анықтамасы берілген, дэлелдеулер алудың мақсаты көрсетілген. 
Дэлелдеулер алу әдістері, сонымен бірге оларға қойылатын 
талаптар қарастырылған.
501 Аудиторлық дэлелдеулер - нақты баптарға қатысты 
қосымша мэселелер. Қаржылық қорытынды есептің нақты 
сомаларына қатысты аудиторлық дәлелдеулер алу үшін қажетті 
процедуларқарастырылған:тауарлы-материалдықбосалқыларға 
түгендеу жұргізу кезінде аудитордың қатысуы, дебиторлық 
борыштарды тікелей растау, клиенттің заңгерлерімен тікелей 
байланысқа түсу жэне т.б.
70




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет