Қысқартулар мо – мемлекеттік орган аж – ақпараттық жүйе тэн – техникалық-экономикалық негіздеме тт – техникалық тапсырма мсж – мемлекеттік сатып алу жоспары ЭҮӨШ – «электрондық үкімет»



бет2/7
Дата09.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#124003
1   2   3   4   5   6   7

x3 = c/d* k,

мұндағы x3осы көрсеткіш бойынша бағалау;

c – әрбір ықпалдастыруы бойынша баллының сомасы;

d – қажетті ықпалдастырудың саны;

k – 10-ға тең коэффициент.

Мысалы, ОМО АЖ «электрондық үкімет» 5 құрамдас бөліктерімен ықпалдастыруға жатады. Есеп келесі жолмен жүргізіледі: 2*1/5*10= 4 балл.



Параграф 5. «Автоматтандыруға жататын функциялардың санына ведомстволық ақпараттық жүйесі арқылы автоматтандырылған функциялар үлесі» көрсеткіші бойынша бағалау


  1. Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы көрсеткіш бойынша бағалау барысында МО АЖ автоматтандырылған функциялар, автоматтандыруға жататын функцияларын анықтайды.

  2. МО АЖ функцияларын автоматтандыру деп автоматтандыруға жататын, функцияларының барлық үдерістерін осы МО АЖ-де автоматтандырумен түсіндіріледі. Бағаланатын МО АЖ-де барлық үдерістері автоматтандырылмаған кезде, функциясы МО АЖ-де автоматтандырылмаған деп есептеледі.

  3. Осы көрсеткіш бойынша ведомствоаралық ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырылатын функциялары есепке алынбайды.

  4. Бағалау ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырылған функциядар үлесін анықтау жолымен жүргізіледі.

  5. Есеп ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырылған функциялар санын, ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырылған функциялары мен автоматтандырылмаған функциялар сомасына бөліп, кейіннен коэффициентке көбейту жолымен жүргізіледі:

x4 = c/(с+d)* k,

мұндағы x4 – осы көрсеткіш бойынша бағалау;

c– ведомстволық жүйелер арқылы автоматтандырылған функциялар саны;

d – автоматтандырылмаған функциялар саны;

k – 10-ға тең коэффициент.

Мысалы, ведомстволық жүйелер арқылы автоматтандырылған функциялар саны 36 құрады, автоматтандырылмаған функциялар саны – 50. Осы көрсеткіш бойынша қорытынды баға: 36/(36+50)*10=4,19 баллды құрайды.



  1. Егер барлық функциялар толықтай автоматтандырылған болса, онда мемлекеттік органға максималды балл қойылады.


Параграф 6. «Ведомстволық ақпараттық жүйелерді қолдану жиілігі» көрсеткіші бойынша бағалау


  1. Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы көрсеткіш бойынша бағалау барысында мемлекеттік органдардың қызметінде МО АЖ қолданудың деңгейін анықтайды.

  2. Бағалау барысында МО АЖ-дегі жұмысының қолданыстағы регламентіне сәйкес кез келген (күндерін таңдаған кезде демалыс пен мереке күндері есепке алынбайды) 2 жұмыс күні ішінде таңдалған АЖ-де жұмыс (тіркеу файлы, журнал, немесе лог) бойынша деректері алынады. МО АЖ-дегі жұмысы регламентімен тіркеу файлы, журнал, немесе лог сәйкес болған жағдайда, МО АЖ пайдалануда деп саналады және бағасы
    5 баллды құрайды. Керісінше болса, МО АЖ пайдаланылмайды деп саналады және 0 баллды құрайды.

  3. МО АЖ жұмыс регламенті жоқ болса, тіркеу файлы, журнал, немесе логты қарау жолымен бағалау жүргізіледі:

  • 2 күн ішінде АЖ-дегі операциялары (деректерді енгізу, сұраныстарын бағыттау, есептер түсірілімі) бойынша жазбалары болмаса, не АЖ-де тек қана кіріс және шығыс жазбалары болса, онда бағалау пайдаланылмайды деп саналады, бағасы тиісінше 0 құрайды;

  • егер 1 күн ішінде АЖ-дегі операциялары (деректерді енгізу, сұраныстарын бағыттау, есептер түсірілімі) бойынша жазбалары бар болса, онда бағалау сиректеу пайдаланылады деп есептеледі, бағасы тиісінше 2 баллды құрайды;

  • 2 күн ішінде АЖ-дегі операциялары (деректерді енгізу, сұраныстарын бағыттау, есептер түсірілімі) бойынша жазбалары бар болса, сондай-ақ АЖ-де кіріс және шығыс жазбалары болса, онда пайдаланылады деп бағаланады, және бағасы 5 баллды құрайды.

  1. Тіркеу файлы, журнал, немесе логты қарау мүмкіндігі болмаған кезде, таңдалған күндердегі МО АЖ-де енгізілген, мәліметтерді қарау жолымен жүргізіледі. МО АЖ енгізілген деректері бар болған кезде, сирек пайдаланылады деп бағаланады және бағалау 2 баллды құрайды. МО АЖ керісінше болған жағдайда, қолданылмайды деп бағаланады және бағасы 0 баллды құрайды.

  2. Осы көрсеткіш бойынша жалпы балл әрбір бағаланатын ақпараттық жүйе бойынша бағалаудың баллдарын сомалау, кейіннен бағаланатын ақпараттық жүйелердің жалпы санына бөлу жолымен анықталады.



3. «Мемлекеттік органның толықтай/ішінара автоматтандырылған функцияларының (үдерістерінің) үлесі» критериясы бойынша бағалау


  1. Осы критерий бойынша бағалауға мемлекеттік орган функцияларын (үдерістерін) автоматтандыру дәрежесі, оның ішінде ішінара автоматтандырылған функциялар (үдерістер) үлесі мен автоматтандыруға жататын, функцияларының жалпы санынан мемлекеттік органның толықтай автоматтандырылған функциялары (үдерістері) жатады.

  2. Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы критерий бойынша мемлекеттік органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау барысында мемлекеттік органның функцияларының (үдерістерінің) автоматтандырылу дәрежесін ведомстволық ақпараттық жүйелерін зерделеу жолымен анықтайды.

  3. Егер автоматтандыру дәрежесі «толықтай автоматтандырылған функция» анықтамасына сәйкес келмесе, онда функция ішінара автоматтандырылған деп есептеледі.

  4. Бағалау нәтижесі мемлекеттік органның ішінара автоматтандырылған функциялары (үдерістер) үлесінің мәнін және мемлекеттік органның толық автоматтандырылған функциялары (үдерістер) үлесінің мәнін қосып, алынған нәтижені кейіннен 20-ға көбейту жолымен анықталады. Ішінара автоматтандырылған функциялар үлесі жартылай автоматтандырылған функциялар (үдерістер) санының мемлекеттік органның автоматтандырылуға тиісті функциялар (үдерістер) санына қатынасын кейіннен 0,3 коэффициентке көбейтуіне тең. Толық автоматтандырылған функциялар (үдерістер) үлесі толық автоматтандырылған функциялары (үдерістер) санының мемлекеттік органның автоматтандырылуға тиісті функциялары (үдерістер) санының қатынасын кейіннен 1 коэффициентке көбейтуіне тең.

Мысалы, мемлекеттік органның автоматтандырылған функциялардың жалпы саны 15 құрайды, мемлекеттік органның толық автоматтандырылған функциялар саны 5 құрайды, мемлекеттік органның жартылай автоматтандырылған функциялар саны 10 құрайды. Есептемесі келесі нысанда жүргізіледі: ((5*1+10*0,3)/15)*20=10,67 балл. Осымен, «мемлекеттік органның ішінара/толықтай автоматтандырылған функциялар үлесі» көрсеткіші бойынша баға 10,67 баллды құрады.

4. «Ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді пайдалану» критериясы бойынша бағалау


  1. «Ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді пайдалану» критериясы бойынша бағалау келесі ішкі критерия бойынша жүргізіледі:

      1. электрондық құжат айналымының жүйесін іс-жүргізуде пайдалану;

      2. мемлекеттік органдардың Интранет-порталын пайдалану.


4.1 «Іс жүргізуде электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану» ішкі критериясы бойынша бағалау


  1. Бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:

1) Электрондық нысанда ғана ведомствоаралық электрондық құжат айналымының үлесі;

2) Электрондық нысанданысанда ғана ішкі электрондық құжат айналымының үлесі;



3) «Электрондық үкімет» порталынан түскен жеке және заңды тұлғалардың тіркелген электрондық өтініштерінің үлесі;

  1. Осы ішкі критериясы бойынша мемлекеттік органды - ЭҚЖ қатысушысынң ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау барысында Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі орталық ЭҚАБЖ-нен алынған деректерді пайдаланады.



Параграф 1. «Электрондық нысанда ғана ведомствоаралық құжат айналымының үлесі» көрсеткіші бойынша бағалау


  1. Осы көрсеткіш бойынша бағалау мемлекеттік органмен немесе лауазымды тұлғалармен – ЭҚЖ қатысушылармен жөнелтуге жататын және 10 жылға дейін сақтау мерзімімен электрондық құжат формасында мемлекеттік органның – ЭҚЖ қатысушының қызметінде пайда болатын мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесінің құрамына кіретін құжаттардың жалпы санынан электрондық нысанда ғана жөнелтілген құжаттардың үлесі жатады.

  2. Осы көрсеткіш бойынша бағалау нәтиже электрондық нысанда ғана жөнелтілген құжаттардың санын мемлекеттік органның – ЭҚЖ қатысушының қызметінде пайда болатын мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесінің құрамына кіретін ведомствоаралық құжаттардың санына бөліп, кейіннен алынған нәтижені 5-ке көбейту жолымен анықталады.

Мысалы мемлекеттік органдарға – ЭҚЖ қатысушыларына жөнелтуге жататын және 10 жылға дейін сақтау мерзімімен электрондық құжат формасында мемлекеттік органның – ЭҚЖ қатысушының қызметінде пайда болатын мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесінің құрамына кіретін құжаттардың жалпы саны 500 құрайды, оның ішінде басқадай мемлекеттік органдарға – ЭҚЖ қатысушыларына ЭҚАБЖ Орталығы арқылы жолданған құжаттардың саны 200 құрайды. Есептеме келесі нысанда жүргізіледі: 200/500*5=2 балл. Сонымен, «Электрондық нысанда ғана ведомствоаралық құжат айналымының үлесі» көрсеткіші бойынша баға 2 баллды құрады.
Параграф 2. «Электрондық нысанда ғана ішкі электрондық құжат айналымының үлесі» көрсеткіші бойынша бағалау


  1. Осы көрсеткіш бойынша бағалауға мемлекеттік басқару тиісті саласының бір мемлекеттік органы - ЭҚЖ қатысушысының құрылымдық бөлімшелерінің арасында хат-хабар алмасуды жүзеге асыру үшін электрондық құжат айналымның ведомстволық жүйесін (ЭҚАБЖ/ЭҚЖ) пайдалану тиімділігі, атап айтқанда ішкі құжаттардың, оның ішінде мемлекеттік басқарудың тиісті саласында бір мемлекеттік орган- ЭҚЖ қатысушысы ішінде құрылымдық бөлімшелер арасында сақтау мерзімі 10 жылға дейінгі электрондық құжат форматында мемлекеттік органның – ЭҚЖ қатысушысының қызметінде қалыптасатын, мемлекеттік орган – ЭҚЖ қатысушысымен бекітілетін құжаттар тізімі мен іс номенклатурасының құрамына кіретін нормативтік актілер мен ұйымдық рұқсат ету құжаттардың («Қызметтік пайдалану үшін» белгісі бар шектелген таралымды, немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрайтын құжаттарды қоспағанда) жалпы санында тек электрондық нысанда жөнелтілген ЭҚАБЖ/ЭҚЖ деректер қорындағы құжаттардың үлесі жатады.

  2. Осы көрсеткіш бойынша алынған нәтиже электрондық нысанда ғана жөнелтілген құжаттардың санын мемлекеттік органның – ЭҚЖ қатысушының қызметінде пайда болатын мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесінің құрамына кіретін ведомствоаралық құжаттардың жалпы санына бөліп, кейіннен 5-ке көбейту жолымен анықталады.

Мысалы мемлекеттік органдарға – ЭҚЖ қатысушыларына жөнелтуге жататын және 10 жылға дейін сақтау мерзімімен электрондық құжат нысанында мемлекеттік органның – ЭҚЖ қатысушының қызметінде пайда болатын мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесінің құрамына кіретін құжаттардың («Қызметтік пайдалану үшін» белгісі бар шектелген таралымды, немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрайтын құжаттарды қоспағанда) жалпы саны 500 құрайды, оның ішінде басқадай мемлекеттік органдарға – ЭҚЖ қатысушыларына ЭҚАБЖ Орталығы арқылы жолданған құжаттардың саны 200 құрайды. Есептеме келесі нысанда жүргізіледі: 200/500*5=2 балл. Сонымен, «электрондық нысанда ғана ішкі құжат айналымының үлесі» көрсеткіші бойынша баға 2 баллды құрады.
Параграф 3. «Электрондық үкімет» порталынан түскен жеке және заңды тұлғалардың тіркелген электрондық өтініштерінің үлесі» көрсеткіші бойынша бағалау


  1. Осы көрсеткіш бойынша бағалауға мемлекеттік органға – ЭҚЖ қатысушысына түскен электрондық өтінімдердің жалпы санында «электрондық үкіметтің» порталынан түскен, жеке және заңды тұлғалардың тіркелген электрондық өтініштердің үлесі жатады.

  2. Осы көрсеткіш бойынша нәтиже «электрондық үкіметтің» порталынан түскен жеке және заңды тұлғалардың тіркелген электрондық өтініштердің санын мемлекеттік органға – ЭҚЖ қатысушысына түскен электрондық өтініштердің жалпы санына бөліп, кейіннен 5-ке көбейту жолымен анықталады. Мысалы, мемлекеттік органға – ЭҚЖ қатысушысына түскен электрондық өтініштердің жалпы саны 500 құрайды, олардың ішінде тіркелген электрондық өтініштер саны 200 құрайды. Есептеме келесі нысанда жүргізіледі: 200/500*5=2 балл. Сонымен, «электрондық үкіметтің» порталынан түскен тіркелген электрондық өтініштердің үлесі» көрсеткіші бойынша баға 2 баллды құрады.

  3. Мемлекеттік органға «электрондық үкіметтің» порталынан түскен жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері болмаған жағдайда, максималды балл қойылады.


4.2. «Мемлекеттік органдардың Интранет-порталын пайдалану» ішкі критериясы бойынша бағалау


  1. Мемлекеттік органдардың Интранет порталының сервистерін ( бұдан әрі –МОИП) пайдалануды бағалау мынадай көрсеткіштері бойынша жүргізіледі:

1) нормативтік құқықтық актілерді келісу;

2) мемлекеттік органдардың анықтамасын өзектілеу;



3) ақпараттандыру саласындағы Білім базасына енгізілген, деректердің толықтығы.
Параграф 1. «Нормативтік құқықтық актілерді келісу» көрсеткіші бойынша бағалау


  1. Нормативтік құқықтық актілерді келісуді «Нормативтік құқықтық актілерді келісу» модулінде ҚР Үкіметінің келісуге жолданған және келісілген жобалар саны келісімделген және келісімдеуге жолданған жобаларының саны деп түсініледі.

  2. Бағалау орталық мемлекеттік органдарда - НҚА әзірлеушілерде жүргізіледі. Жергілікті атқарушы органдарда жүргізілмейді.

  3. Осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау барысында Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі келісуге және келісілген жобаларды жіберілген саныбойынша Мемлекеттік органдардың Интранет-порталы (бұдан әрі – МОИП) қарастырумен, ал жолдауға жататын ҚРҮҚ жобалар саны бойынша деректері ҚР Әділет министрлігінен ақпаратты сұрау жолымен мәліметтерді алады.

  4. НҚА әзірлеушісі болып табылатын орталық мемлекеттік органдар үшін бағалау, осы көрсеткіш екі құраушыдан тұрады: 2 балл басқа мемлекеттік органдарға келісімге бағытталуға жататын ҚРҮҚ жобаларының 100% бағытталуы (келісім пайызы бағытталған ҚРҮҚ санын бағытталуға дайын ҚРҮҚ санына бөлу, және 2-ге көбейту жолымен анықталады) және басқа мемлекеттік органдардан келісімге түскен, ҚРҮҚ жобаларының 100% келісуден өткізгені үшін 2 балл (келісім пайызы келісілген санын бағытталуға дайын ҚРҮҚ санына бөлу жолымен анықталады).

ҚРҮҚ әзірлеуші болып келмейтін орталық мемлекеттік органдар үшін осы көрсеткіш бойынша бағалау келесі түрде жүргізіледі:
      1) басқа мемлекеттік органдардан келісімге түскен ҚРҮҚ жобаларының бар болуы кезінде, келісімге түскен ҚРҮҚ жобаларының 100% келісілген кезінде 4 балл құрайды (келісу пайызы келісуге дайын ҚРҮҚ санына, келісілген ҚРҮҚ санын бөліп, кейіннен алынған нәтижені 4-ке көбейту жолымен анықталады);
      2) басқа мемлекеттiк органдардан түскен ҚРҮҚ жобалардың келiсулер жоқ болғанда, ең үлкен бағасы, 4 балл қойылады.

Параграф 2. «Мемлекеттік органдардың анықтамалығын өзектілеу» параметрі бойынша бағалау


  1. Осы параметрі бойынша бағалауға Мемлекеттік органдардың қызметкерлері туралы МО анықтамалығында жарияланған мемлекеттік органдардың ақпараттының толықтығы мен өзектілігі жатады.

  2. Бағалау орталық және жергілікті мемлекеттік органдарында жүргізіледі.

  3. Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік органның қызметін бағалау барысында деректерді МОИП-да «Мемлекеттік органдардың анықтамалығы» модулінде мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бойынша ақпаратты қарау жолымен алады. Деректердің шынайылығын тек серу таңдалып жүргізіледі (кем дегенде 10 қызметкерлердің деректері). Мемлекеттік органдардың қызметкерлері бойынша толық ақпарат келесі мәліметтері бар болуымен анықталады: тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, қатынас байланыс деректері (кабинетінің нөмірі, жұмыс телефоны, электрондық поштасы). Көрсетілген мәліметтерден біреуі толық берілмесе немесе сәйкес келмесе, жоқ болса, ақпарат толық емес және өзекті емес деп есептеледі.

  4. Анықтамалықта мемлекеттік органдардың штаттық қызметкерлерінің кем дегенде 90% жөнінде толық және өзекті ақпарат болса орталық мемлекеттік органдар үшін баға 1 баллды құрайды. Анықтамалықта мемлекеттік органдардың 90% төмен штаттық қызметкерлері жөнінде ақпарат болса, баға 1 баллды құрайды, мемлекеттік органдардың 50% және одан төмен қызметкерлері жөнінде ақпарат болған жағдайда, баға 0,5 баллды құрайды, өзекті ақпараты 50% және одан төмен қызметкерлері жөнінде ақпарат болған жағдайда, 0 баллды .

  5. Анықтамалықта мемлекеттік органдардың штаттық қызметкерлерінің кем дегенде 90% жөнінде толық және өзекті ақпарат болса жергілікті мемлекеттік органдар үшін баға 5 баллды құрайды. Анықтамалықта мемлекеттік органдардың 90% төмен штаттық қызметкерлері жөнінде ақпарат болса, баға 2,5 баллды құрайды, мемлекеттік органдардың 50% және одан төмен қызметкерлері жөнінде ақпарат болған жағдайда баға 0 баллды құрайды.



Параграф 4. «Ақпараттандыру саласындағы білім базасына енгізілген деректердің толықтығы» көрсеткіші бойынша бағалау


  1. Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер Министрдің Кеңсесі осы көрсеткіш бойынша бағалау барысында мемлекеттік орган және қызметінің бағыты бойынша аұпараттандыру саласындағы білім базасын (бұдан әрі – Білім базасы) толтыру дәрежесін анықтайды.

  2. Осы көрсеткіш бойынша бағалауға 2011- 2013 жылдар мерзімінде Білім базасы деректерін толтыруға қатысқан мемлекеттік органдар ғана және/ немесе көрсетілген мерзімде Білім базасы деректерін толтыруға қатысқан жаңадан құрылған мемлекеттік органдар, функциялары пайдаланыстағы мемлекеттік органдар бағалауға жатады.

  3. МОИП-да Білім базасы орналастырылғанына байланысты, осы көрсеткіш бағалау кезінде мемлекеттік органда МОИП енгізу мерзімдері есептеледі.

  4. Егер, бағаланатын мемлекеттік органда МОИП енгізу мерзімдері бағалауды жүргізу мерзімдерімен сәйкес немесе кейін орнатылған жағдайда, осы көрсеткіш есепке алынбайды.

  5. Мемлекеттік органмен және қызметінің бағыттары бойынша білім базасындағы деректерді толтыру дәрежесі Әдістемеге 6 қосымшада келтірілген параметрлері бойынша бағаланады.

  6. Жаңғартылмаған мәліметтері 50% асқан кезде, Білім базасында көрсетілген параметрлерінің әрқайсысы бойынша Әдістемеге 6 қосымшада келтірілген балл шегеріледі.

  7. Ішкі параметрлері бар параметрлері ішкі параметрлерін сомалау әдісімен бағаланады. Бағалау әрбір ішкі параметрлері бойынша жүргізіледі, сондай-ақ ішкі параметрінің салмақты мәні параметрінің салмақты мәнін оның ішкі парамертрлерінің жалпы жанына бөлу жолымен анықталады

  8. Осы көрсеткіш бойынша МО нәтижелік бағасы Әдістемеге 6 қосымшада келтірілген параметрлері бойынша бағалау барысында алынған баллдарының жалпы сомасын параметрлері бойынша баллдарының жалпы саны бөліп, кейіннен 10-ға көбейту жолымен анықталады.


5. Ақпараттық технологияларды пайдалануды бағалау бойынша мемлекеттік органмен есептілікті толтыру нысаны

  1. Мемлекеттік органмен ұсынылатын есептілік Әдістемеге 1 қосымшаға сәйкес Microsoft Excel (кеңейтілген.xls) құрылған электрондық кесте нысанында беріледі.

Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік органмен берілетін ақпараттық технологияларды қолдану бойынша есептілік келесі әдіс бойынша толтырылады:

1 жолда ЭҚАЖ орталығы арқылы электрондық нысанда ғана басқа мемлекеттік органдарға – ЭҚА қатысушыларына жолданған (10 жылға дейін сақтау мерзімімен мемлекеттік органның – ЭҚЖ қатысушының қызметінде пайда болатын мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесі құрамына кіретін) құжаттар саны көрсетіледі;

2 жолда басқа мемлекеттік органға ЭҚБЖ орталығы арқылы бағытталатын ЭҚЖ қатысушылар электрондық нысанда құжаттар саны көрсетіледі (10 жылға дейін сақтау мерзімімен мемлекеттік органның – ЭҚЖ қатысушының қызметінде пайда болатын мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесі құрамына кіретін) құжаттар құжаттар саны көрсетіледі;

3 жолда қағаз тасығыштарда көшірусіз мемлекеттік басқаруға қатысты ЭҚЖ қатысушы – мемлекеттік органдардың ішінде құрылымдық бөлімшелерге бағытталған, ішкі құжаттардың жалпы саны көрсетіледі, оның ішінде нормативтік актілер мен ұйымдастыру-өкімдік құжаттамалардың (құпиялық сипаттағы және қызмет бабында пайдалану үшін құжаттамалардан басқа), 10 жылға дейін сақтау мерзімімен мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесінің құрамына кіретін электрондық құжаттар алмасуы);

4 жолда қағаз тасығыштарда көшірусіз мемлекеттік басқаруға қатысты ЭҚЖ қатысушы – мемлекеттік органдардың ішінде құрылымдық бөлімшелерге бағытталуға жататын, ішкі құжаттардың саны көрсетіледі, оның ішінде нормативтік актілер мен ұйымдастыру-өкімдік құжаттамалардың (құпиялық сипаттағы және қызмет бабында пайдалану үшін құжаттамалардан басқа), мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларындағы ЭҚЖ қатысушыларының арасындағы 10 жылға дейін сақтау мерзімімен мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесінің құрамына кіретін электрондық құжаттар);

5 жолда «электрондық үкімет» порталынан ЭҚЖ қатысушысында – мемлекеттік органға келіп түскен, тіркелген электрондық өтініштердің жалпы саны көрсетіледі;

6 жолда «электрондық үкімет» порталынан ЭҚЖ қатысушысында – мемлекеттік органға келіп түскен, тіркелген электрондық өтініштердің жалпы саны көрсетіледі;

7 жолда ведомстволық ақпараттық жүйелердің атауы көрсетіледі (мәлімет әр, есептік мерзімде қолданыстан шығарылған болса да, ведомстволық ақпараттық жүйе бойынша беріледі);

8 жолда ақпараттық жүйелерді енгізу мерзімдері көрсетіледі;

9 жолда ықпалдастыруы жүзеге асырылған мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің атауы көрсетіледі;

10 жолда ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырылған функциялардың атауы көрсетіледі.
6. Бағалау нәтижелерін қайта тексеру


  1. Мемлекеттік органдармен Министрлікке бағалауды өткізу үшін беретін ақпараттың дәйектілігін тікелей сот органдармен қамтамасыз етіледі.

Бағалау көрсеткіштері бойынша деректерді қайта тексеру үшін Министрлікпен қабылданатын ұйымдастырушылық шараларының кешені, т.б. мыналарды қамтиды:

1) Министрлікпен ұсынылған деректердің нақты деректерге сәйкестігін анықтау бойынша осы Әдістемеде көзделген шараларды жүргізу;



2) бағаланатын және өзге де мемлекеттік органдарға қосымша мәліметтерді ұсыну туралы осы Әдістемеде көзделгенге сәйкестігін орнату жөніндегі сұраныстарды бағыттау.

  1. Министрлікпен мемлекеттік органдарда қайта тексеру шараларын өткізу Әдістемедегі 92-тармақта көрcетiлген тәртіпте мемлекеттiк органдардың қарсылығы қарастырылғаннан кейiн үш апта iшiнде жүзеге асырылады.

  2. Критерияның нақты көрсеткіші бойынша мемлекеттік орган ұсынған мәліметтердің рас еместігі айқындалған кезде, мемлекеттік органның жалпы бағасы жаңа деректермен сәйкес келтіріледі.

  3. Есептілік ақпаратты уақытылы емес, толық емес, немесе дұрыс емес ұсынылған жағдайда, осы бағыты бойынша айыппұл баллы мемлекеттік органның қорытынды бағасынан алынады.

  4. Министрілікке Кестемен көзделген мерзімнен кеш ұсынылған есептік ақпарат уақытылы берілмеді деп есептеледі. Мемлекеттік органмен уақытында берілмеген есептік ақпарат үшін 1,5 айыппұл баллын шегеру көзделуде.

  5. Әдістеменің қосымшаларына сәйкес есептілік ақпарат құрылымына белгіленген талаптарымен көзделген элементтері (қосымшалары, бөлімдері, басты бөлімдері, кестелері, көрсеткіштерінің мәні және т.б.) болмаған есептілік ақпарат толық емес деп есептеледі. Мемлекеттік органмен толық емес есептілік ақпарат берілгені үшін 2 айыппұл баллдарын шегеру көзделуде.

  6. Қайта тексеру кезінде нақты фактілерінің сәйкес еместігі анықталған жағдайда, есеп беру ақпараты дұрыс емес деп саналады.

  7. Аталған фактілер бағаланатын мемлекеттік органдардың есеп беру ақпаратындағы деректерді қайта тексеру нәтижелері бойынша 8-қосымшаға сәйкес құрастырылған тексеру актісінде жазылуы тиіс.

  8. Есеп беруінде дұрыс емес ақпарат ұсынған мемлекеттік орган үшін әрбір тіркелген фактісі үшін 0,2 айыппұл шегеріледі. Дұрыс емес ақпаратты ұсынған үшін шегерілетін баллдарының сомасы 5 баллдан аспауы тиіс.

  9. Анықталған фактілер бойынша ақпарат мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындының «Шешімдер мен ұсыныстар» бөлімінде көрсетілуі тиіс.

  10. Қайта тексеру іс-шаралары бағаланатын мемлекеттік органдардың растаушы құжаттармен шағымдар түскен кезде, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.

  11. Бағалаудың объективтілігін және шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органның бағалау нәтижелерін қайта тексеру үшін Министрлікте арнайы комиссия қалыптастырылады, оның құрамына мемлекеттік органды бағалауда қатысқан қызметкерлер кіре алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет