Ішімдіктіњ, нашаќорлыќтыњ, темекі шегудіњ адам µміріне зияны



бет1/4
Дата26.11.2022
өлшемі53.5 Kb.
#465825
түріСабақ
  1   2   3   4
нашақорлық шын қорлық


Тақырыбы: Нашақорлық – шын қорлық
Мақсаты: Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Түрі: жарыс сабақ.
Құрал-жабдықтар: плакаттар, суреттер, жемістер, стикер, видеоролик, слайдтар.
Мұғалім сөзі:
Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгін сіздерге 8 «А» сынып оқушыларының «Нашақорлық – шын қорлық» атты ашық тәрбие сағатымызды ұсынып отырмыз.
Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. Өмір - өмір сүру үшін беріледі. Сондықтан да жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Грек тілінде « ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде « narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.
I. Ой қозғау. «Тәні саудың – жаны сау» (сұрақ — жауап).
1. Шылымның зияны тиетін мүше? (Өкпе)
2. Салауатты өмір салты деген не? (Салауатты өмір салты – спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, оң эмоциялардың көп болуы, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу)
3. Адамға ең қымбат. Ол не? (Денсаулық)
4. Денсаулыққа зиянын тигізетін қандай факторларды білесіңдер? (Шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, аз қозғалу, жеке бас тазалығын сақтамау)
5. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (Ішімдік)
6. Гигиена деген не? (Грек тілінен аударғанда «денсаулық әкелуші» деген мағына береді)
7. Темекіден туындайтын ауруларды ата? (қолқа демікпесі, өкпе ауруы).
II. Бейнефильм «Ұрпақ шежіресі»
Өмірге адам бір- ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері. Әр топ өздерінің тобының аттары мен ұрандарын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет