(“Ұл туса”) “Ағыны күшті ақ дария” “Қарқыны күшті көк семсер” (“Арғымақтың баласы”) “Алты құлаш ақ найза” “Еңсесі биік боз орда” (“Күн қайда”) Фразеологизмдер
Махамбет ақынның шығармашылығында дыбыстық және мағыналық тұсынан да шебер жалғаса қабысқан фразеологизмдер де көптеп кезедседі.Мысалға алар болсақ:
“Тебінгісін тесе атқан, Тізгінінен кес атқан.” (“Соғыс”) “Еділ үшін егестік, Жайық үшін жандастық, Қиғаш үшін қырылдық, Тептер үшін тебістік.” (“Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі”) “Еңсегелім екі елі, Егіз қоян шекелі, Жараған теке мүшелі” (“Еңсегілім екі елі”) Бұл өлең жолдары ұлттық-психологиялық мағынасы бар фразиологиялық тіркесімдер болып есептелінеді.
Сонымен қатар,метафоралық-образдық мәні бар,мәнді де мағыналы сөз-символардын Махамбет батырдың өлеңдеріне тән деп білеміз.Азаттық жолындағы үлкен мақсаты бар,ұлы көтерілістің бастаушысы,батырлардың жалындысы болған ақын:
“Жауырыны жазық,мойны ұзын, Оқ тартарға қолы ұзын, Дұшпанына келгенде тартынбай сөйлер асылмын.” ....... “Жауды көріп қуанған, Мен Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын.”-деген үзінділерде ,батырлық бейнесін сипаттайды.Өз болмысын,өз ойын айқын көрсетеді.Ақынның осы негіздегі ерекшелігі өз ойын өлеңде айта кеткендей тартынбай жеткізіп,өзін айрықша ашық түрде баяндауында болып тұр.
Қазақ лирикасындағы Махамбет тақырыбы Жалып XX ғасыр, кеңестің дәуір кезінде Махамбет Өтемісұлы жайында көбірек зерттеле, жырлана бастаған кезең болатын. Бұл орайдағы қарастырылу жолында проза саласында, повестер, бірнеше романдар, әңгімелер, сонымен қатар 3-4 драмалық туындылар жазылып, он шақты өлеңдер мен поэмалар туындаған болатын. Осындай зерттеулердің ең алғашқысы ол-Жұбан Молдағалиевтің зерттеу,қарастырулары болды. XX ғасырдың екінші жартысында қазақ поэзиясында "Махамбет батыр, ақынға" арналған көлемді өлеңі жарық көрді. Негізгі өлеңнің тақырыбы "Махамбет қабірінің басында" деп аталады. Тақырыбында айтып тұрғандай, Махамбеттің қабірінің басынан азаматтық және толғаныс сезімін сезінген. Мәселен, мына үзіндіде:
"Жер мен жексен шөп басқан төмпешіктен, Көз ала алмай тұрмыз біз, көп кешіккен"-деп жазады. Бір шетінен көңілсіз, күңіреніп тұрса, бір шетінен ұят кернеп кетеді. Өйткені, еліміздің азаттығы мен елдігі үшін барын салып,құрбан болған батыр әрі ақынымыздың "шөп басқан төмпешік, жұпыны құлпытаста" қалуы Ж.Молдағалиев үшін ұят секілді көрінген екен.
Сонымен қатар, Ахмет Жұбановтыңда зерттеулерінде Құрманғазы Сағырбайұлын ғана емес Махамбет Өтемісұлында қатар қарастырған. Яғни, озық үлгідегі күйлерді дүниеге әкелген осы Құрманғазы мен Махамбет деп қарастырды. Ахмет Жұбановтың бұл зерттеуінде Құрманғазы мен Махамбет ақындарымызды қатар алу себебі-Құрманғазы Исатай мен Махамбеттің бастауындағы халық-азаттық көтерілістің арасында қатар жүріп халықтың мұңы мен зардабын бірге бастан кешірген болатын. Сонымен қатар, Құрманғазы Сағырбайұлының поэзия мен күйлерінің, жалпы шығармаларының қалыптасуына ерекше септігін тигізген осы көтеріліс еді. Махамбет батырдың "Өкініш","Жайық асу" деп жырлағанындай, Құрманғазының " Көбік шашқан","Ақсақ киік" сынды күйлерін салыстыра қарастыратын болсақ, Б.Асафьев айтқандай симфониялық дамудың белгілерін байқауға болады. Яғни, Жұбановтың түпкі зерттеулерінің негізі осы байланыстар болып табылады. Қорытындылай келе, Махамбет Өтемісұлының шығармашылығының арқасында қазіргі жастарымызды ұлттық дәстүр ауқымына баулып, өлеңдеріндегі ерлік, елдік пен парасттылық тақырыбындағы рухани толғауларының негізінде жас қауымды отан сүюге тәрбиелеуге әбден болады. Ақын-батырымыздың сөз саптауының арқасында өз тіліміздің алтындай қабаттарының өте бай,көркем екендігіне әркез куә бола аламыз. Жас ұрпақты арылылық пен адалдыққа, қуаттылық пен намыстылыққа жетелейтін өлеңдері мәңгілік өмір кітабы секілді бізге асыл қазына болып қала бермек.
Пайдаланылған әдебиеттер: Егеубав А.Қ;Раев Қ.М; «Махамбет».М.О. Әукзов атындағы Әдебиет және өнер институты,2003. “Ғылым” тғылыми баспа орталығы,2003.IIIтом