«Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын



Дата09.06.2016
өлшемі164.15 Kb.
#125242
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 12 наурыздағы

№ 229 қаулысымен

бекітілген

«Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштер қабылдау және оның нәтижелерін беру Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртiбi
4. Көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-қа құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:

1) кеме куәлiгiн және кеме куәлiгiнің телнұсқасын беру 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

2) кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама беру
7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

3) құжаттар топтамасын тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:

1) кеме куәлiгi не қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты;

2) қағаз жеткізгіштегі кеме куәлiгiнің телнұсқасы;

3) кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы қағаз жеткізгіштегі анықтама.

7. Кемелерді тіркеуден шығаруды қоспағанда, мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады, жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

Өзен кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, кеме куәлiгiнің телнұсқасын беру үшін алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді, алым мөлшерлемесі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және мыналарды:

1) мемлекеттік тіркеу үшін – алымды төлеу күні қолданыстағы 5 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);

2) қайта тіркеу үшін – алымды төлеу күні қолданыстағы 7,5 АЕК;

3) мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың телнұсқасын беру үшін – алымды төлеу күні қолданыстағы 3,75 АЕК құрайды.

Алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

8. ХҚО-ның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау және нәтижелерді беру жеделдетілген қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы брондауға болады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу кезінде кеме куәлігін, кеме куәлігінің телнұсқасын алу үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша кемені мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) және кеме куәлiгiнің телнұсқасын беруге жазбаша өтініш;

2) кемені мемлекеттік тіркеудің негізі болатын мынадай құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі:

мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде шығарған актiлерi;

кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмілелері;

мұраға құқық туралы куәлігі;

соттың заңды күшiне енген шешімі;

Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген кемеге құқық туралы куәлiк;

3) сыныптаушы куәліктің көшірмесін;

4) өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу, немесе кеме куәлігінің телнұсқасын беру үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат.

Ішкі суда жүзетін кемелерді және опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен, конструкциялық жағынан күйреген немесе қайта жасау немесе басқа да өзгерістер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді тіркеуден шығару кезінде мемлекеттік кеме тізілімінен кемені алып тастау туралы анықтаманы алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы кеменің меншік иесінің жазбаша өтініші;

өтініште айтылған фактілерді растайтын құжат;

кемені мемлекеттік тіркеу кезінде берілген куәлігі.

Ішкі суда жүзетін кемелерді және мемлекеттің, Қазақстан Республикасы азаматтарының және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігінде болудан қалған кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен алып тастау туралы анықтаманы алу үшін:

құқық белгілейтін құжаттар қоса берілген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеменің меншік иесінің (шарт тарапының) жазбаша өтініші.

ХҚО-ға құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

1) өтініштің нөмірін және қабылдау күнін;

2) сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;

3) қоса берілген құжаттардың атауларын және санын;

4) құжаттарды беру күнін (уақытын) және орнын;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді ХҚО қызметкері қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жеке өзі келген кезде қол қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты және/немесе сенімхатты ұсыну бойынша күн сайын «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырады.

10. Кемелерді мемлекеттік тіркеуге берілетін құжаттарға қойылатын талаптар:

1) құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалады;

2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдік құжаттар Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде заңдастырылады.

Егер ұсынатын құжаттар шет тілінде жасалса, оларға мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасы қоса беріледі;

3) құжаттардың мәтіндері анық, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелері – қысқартусыз жазылған болуы тиіс;

4) тазартылған немесе үстінен жазылған, сызылған сөздер мен оларда ескертілмеген өзге де түзетулер, қарындашпен толтырылған құжаттар, сондай-ақ олардың мазмұнын біржақты түсіндіруге мүмкіндік бермейтін бүлінген жерлері бар құжаттар мемлекеттік тіркеуге қабылдауға жатпайды;

5) тіркеуге қажетті барлық құжаттар көшірмелері мен түпнұсқада беріледі. Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырылғаннан кейін тұтынушыға қайтарылады. Құжаттардың түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмелер ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, ХҚО-тың қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ХҚО-ның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не мына мекенжай бойынша; 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, электрондық почта мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, (8-7172) 24-13-12 телефоны арқылы Министрлік басшысының атына не Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогына (www.mtc.gov.kz мекенжайы бойынша Министрлік интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогы» бетіне) беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауап орындаушыны айқындау және сәйкес шаралар қабылдау үшін жіберіледі.

ХҚО-ның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым ХҚО басшысына ХҚО-ның www.con.gov.kz


интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай мен байланыс телефондары бойынша жіберіледі.

ХҚО кеңсесінде қолма-қол да, почта арқылы да түскен шағымдардың қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта жазылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым ХҚО басшысына жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Шағымда:


1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почта мекенжайы көрсетіледі;

2) заңды тұлғаның – атауы, почта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

13. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.


4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде ХҚО арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті анықтамалық бюро, күтуге арналған креслолар және дене мүмкіндіктері шектеулі  көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта жүзеге көрсетіледі.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурсында орналастырылған:

көрсетілетін қызметті берушінің – www.mtc.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілген қызметтер» кіші бөлімінде);

ХҚО- ның – www.con.gov.kz.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай


байланыс-орталықтың 1414 телефоны арқылы алуға да болады.
_____________________

«Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органына ______________________

Территориальному органу Комитета транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан__________________________

Кеме иесінің толық және қысқартылған атауы, оның заңды мекенжайы, телефоны, факсы, тіркелген жері__________________________

Полное и сокращенное наименование судовладельца, его юридический адрес, телефон, факс, место регистрации ______________________
Кемені мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) және кеме куәлiгiнің телнұсқасын

беруге өтінім

Заявление на государственную регистрацию (перерегистрацию) судна и выдачу дубликата судового свидетельства
______________________ тиесілі, мынадай айырма белгілері бар кемені тіркеуге, қайта тіркеуге алуды, кеме куәлiгiнің телнұсқасын берді сұраймын (керегін сызу):

Прошу выдать дубликат судового свидетельства, принять к регистрации, перерегистрации (необходимое подчеркнуть) судно, принадлежащее __________, имеющее следующие отличительные признаки:

1. Кеменің атауы немесе оның нөмірі

Название судна или его номер ________

2. Типі және мақсаты

Тип и назначение _______

3. Жобаның № жасалған жылы және жері

Проект № ___ год и место постройки ______

4. Корпусының материалы

Материал корпуса _________

5. Негізгі машиналары (типі, саны және жалпы қуаты)

Главные машины (тип, число и общая мощность) _______________

6. Кеменің габариттік өлшемдері:

ұзындығы______ м, ені______ м,

Габариты размера судна:

длина ______ м, ширина ______ м,

толық жүкпен шөгу _______ м, жүксіз шөгу _________м,

осадка в полном грузу _______ м, осадка порожним _______ м,

қондырғысымен бірге ең жоғарғы биіктігі (жүксіз, бос шөккен кезде) _____м.

наибольшая высота с надстройками (от осадки порожнем)_____м.

7. Белгіленген жүккөтергіштігі ______ т. жолаушы сыйымдылығы (адам)____

Установленная грузоподъемность ____т. пассажировместимость (чел) ____

8. Жүзу разряды_________________

Разряд плавания _____________________

9. Қозғаушыларының түрі_________

Род движителей ______________

10. Руль құрылғысы (қол, механикалық, электрлік және т.с.с)_________

Рулевое устройство (ручное, механическое, электрическое и т.п.) _____

11. Су өткізбейтін аралықтардың саны_____________________________

Число водонепроницаемых переборок _____________________________

12. Құтқару қайықтары (саны, жалпы сыйымдылығы)_________________

Спасательные шлюпки (кол-во, общая вместимость) __________________

13. Жүру жылдамдығы (ең жоғарғы) (км/сағ)_________________________

Скорость хода (максимальная) (км/час)______________________________

14. Зәкірлер саны және олардың салмағы_____________________________

Количество якорей и их вес _______________________________________

15. Радионавигациялық жабдық (атауы, типі, саны)___________________

Радионавигационное оборудование (наименование, тип, число) __________

16. Су төкпе құралдары (жүйесі, өнімділігі)___________________________

Водоотливные средства (система, производительность) ________________

17. Өрт сөндіргіш жүйесі (типі, өнімділігі)___________________________

Пожарная система (тип, производительность) _________________________

18. Тіркеу үшін қоса берілген құжаттар _____________________________

Прилагаемые для регистрации документы: __________________________

19. Кеменің меншік иесінің немесе уәкілетті адамының қолы

Подпись собственника судна или уполномоченного лица _________________ (өтінімге кім және қандай лауазымында қол қояды, ___________________________________________________________________________________________________________________ өтінімге қол қоюшы тұлғаның өкілеттік негіздемесі, Т.А.Ә., паспорттық деректері / кто и в каком качестве подписывает заявление, основание полномочий лица, подписывающего заявление, Ф.И.О., (паспортные данные)


Күні М.О. (заңды тұлға үшін)

Дата ____________  М.П. (для юридического лица)


________________________

«Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына

2-қосымша

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органына ______________________

Территориальному органу Комитета транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан______________________

Кеме иесінің толық және қысқартылған атауы, оның заңды мекенжайы, телефоны, факсы, тіркелген жері__________________________

Полное и сокращенное наименование судовладельца, его юридический адрес, телефон, факс, место регистрации ______________________

Кемені тіркеуден шығаруға өтінім

Заявление на снятие с регистрации судна
_________________________________________ (кемені мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен шығарудың негіздемесін көрсету керек: кеме апат болуына немесе хабарсыз жоғалып кетуіне, конструкциялық жағынан күйреуіне, қайта жасалуына немесе басқа өзгерістер нәтижесінде кеменің сапасын жоғалтуына, кеменің «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуіне) байланысты

В связи ___________________________________________________________

(указать основание исключения судна из государственного судового реестра: гибель или пропажа без вести судна, конструктивная гибель судна, утрата качеств судна в результате перестройки или других изменений, несоответствие судна требованиям, предусмотренным пунктом 3 статьи 24 Закона Республики Казахстан «О внутреннем водном транспорте»)

_____________________________ тиесілі, мынадай айырма белгілері бар кемені тіркеуден алып тастауды сұраймын:

Прошу снять с регистрации судно, принадлежащее __________, имеющее следующие отличительные признаки:

1. Атауы


Название _____________________________________________________

2. Мемлекеттік тіркеу орны

Место государственной регистрации _____________________________

3. Tipкey нөмipi

Регистрационный номер ________________________________________

4. Мемлекеттік тіркелген күні

Дата государственной регистрации ______________________________

5. Кеменің типі

Тип судна ____________________________________________________

6. Жасалған орны мен уақыты

Место и время постройки _______________________________________

7. Ұзындығы

Длина_______________________________________________________

8. Ені


Ширина ______________________________________________________

9. Биіктігі

Высота _______________________________________________________

10. Меншік иесі және оның мекенжайы

Собственник и его адрес ________________________________________
Күні

Дата
Қолы

Подпись

________________________



«Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына

3-қосымша
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,

болса әкесінің аты не көрсетілетін

қызметті алушы ұйымының атауы)

_____________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайын көрсету керек) «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1) _______________________________;

2) _______________________________;

3) ....


Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
Т.А.Ә. (ХҚО қызметкерінің) (қолы)
Орындаушы. Т.А.Ә.

Телефон.


Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызмет алушының қолы

«__» _________ 20__ж.



________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет