8.Дайындаманы таңдау дегеніміз оның сырт пішінін белгілейтін ұтымды түрін, кабырғасының калыңдығын, тeciк өлшемдерін, өңдеу әдіптерін, дайындама
өлшемдерін, оларды жасау дәлдігі шектерін анықтау, дайындаманы жасаудың техникалык шарттарын тағайындау және жабдыкты таңдау болып табылады.
9. Әдіп деп бөлшектің өңделетін бетінің қажетті дәлдігі, белгіленген касиеттері мен сапасына жету максатында дайындаманы механикалық өңдеу үдерісі кезінде алынған материал кабатын атайды.
Әдіптерді операциялыц (Z,) және жалпы (Zo) деп ажыратады. Операциялық әдіп - белгіленген операция немесе әрекет кезінде алынатын металл қабаты. Операциялык әдіп дайындама өлшемдерінің шектес әрекеттердегі айырмасы ретінде аныкталады. Олар призмалык белшектерді жасауда асимметриялы (біp жағына) және айналыс денелерді өлшеуде кебінесе диаметрі бойынша симметриялы (екі жағына) болып келуі мүмкін.
Жалпы әдіп- белгіленген бетті механикалық өңдеудің бүкіл технологиялык маршрутындағы операциялық әдіптердің косындысына тең:
Жалпы әдіп дайындама және дайын бөлшек өлшемдерінің айырмасы ретінде анықталады.
Сонымен қатар әдіптерді номиналды, минималды және максималды деп ажыратады. Минималды әдіп аталған операцияны орындауға кажетті металл кабатының минималды қалыңдығын анықтайды және әдштерді есептеуде бастапкы шама болып табылады. Өңдеудің жалпы әдібі мынадай факторларга байланысты келеді: өндіріс масштабы (типі), дайындама өлшемдері, конструктивтік пішіндері, материалы мен қасисттері, дайындама түpi (соғылма, кұйма, т.б.) және оның катаң- дығы, ақаулы бет қабаты қалыңдығы, өңдеу жургізілетін жабдык күйі.
10. Әдіпті анықтаудың қандай әдістерін білесіз? Олардың артықшылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіріп беріңіз.
Машина жасауда әдіпті анықтаудың eкі әдісі қолданылады:
тәжірибелік-статистикалык;
есептік-талдамалық.
Тәжірибелік-статистикалық әдіс - пайдаланылған жағдайда жалпы және операциялық әдіптер алдыңғы катарлы зауыттардың өндірістік деректерін жалпылау және жүйелендіру негізінде кұрастырылған кестелер бойынша тағайындалады. Бұл әдістің артықшылығына әдіпті аныктауға жұмсалатын уакытты үнемдеуді жатқызуға болады.
Есептік-талдамалық әдіс – бөлшек бетін өңдеу технологиялық үдерісінің алдыңғы және орындалатын операция- ларының әдіптеріне ыкпал ететін факторларды талдауға негізделеді.
Өңдеу әдібі симметриялы әдіптер үшін мына формуламен анықталады.
Асимметриялы әдіптер үшін:
мұнда - алдыңғы шектес әрекетте алынған өлшемнің шегі; Rza – алдыңғы әрекетте түзілген беттік микротегізсіздіктердің биіктігі; Та - алдьңғы әрекетте алынған акаулы беттік кабат калыңдығы; - өңделетін бөлшектің алдыңғы әрекетте алынған беттерінің өзара жағдайындағы векторлык кателік; -жүргізілетін әрекеттегі орнатудың векторлық қателігі.