- 1.1 Макрогеометриялық беттер дұрыс геометриялық пiшiндердiң
- ауытқуынан пайда болады. Машина жасау саласында кездесетiн детальда пiшiндерiнiң ауытқыған түрлерiне сопақша, конустық, бөшке тәрiздi, т.б пiшiндер жатады.
- 1.2 Кедір-бұдыр беттерге периодты алмасу заңдылығымен бiресе өрлеп, бiресе ылдилап жатқан бөлшек беттерiнiң жиынтығын жатқызады. Мұндай беттердi сипаттарда кедір-бұдырлықтың адымы “L” мен биiктiгi “В”-ны ескерген жөн. Осы екi өлшемнiң бiрiне-бiрiнiң қатысы L/B = 150÷ 500 болғанда, беттердi кедір-бұдыр дейдi.
1.3 Микрогеометриялы беттер. Бөлшектің беттер рельефiн құратын жәнеолардың кедiр-бұдырлығына қарай ерекше базалық ұзындықта өлшенетiн адымы “S” пен биiктiгi “Н” кiшi-гiрiм кедiр-бұдырлықтар жиынтығы болып табылады - 1.4 Iске шегулi беттер – бөлшектер беттерiнiң дәл геотериялық тұрғыда жанасуы немесе қиыстырылуы. Iске шегулi беттердiң шама мөлшерi өңдеу тәсiлдерiнiң түрлерiне байланысты болады да, пайызбен өлшенедi.
- 1.5. Бөлшектер бетiндегi сызық-iздер. Бөлшектердің пайдалану қасиеттерiне айқын, анық әсер ететiн бөлшек бетiндегi сызық-iздерге техникалық шарттар қою мәселелерi әлi түпкiлiктi дұрыс зерттелмеген.
2. Беттер сапасының физикалық-механикалық көрсеткiштерi - Беттер сапасының физикалық-механикалық көрсеткiштерiне тығыздау,беттер қатпарының құрылымын өзгерту және беттер қатпарындағы қалдық тартылыстар жатады. Бұл көрсеткiштердiң мөлшерi мен көлемiне өңдеу үдерісiнiң күштiк және қызулық факторлары жан-жақты әсер етедi.
- 2.1 Тығыздау. Болаттан жасалған бөлшектерді механикалық өңдеуден өткiзгеннен кейiн оның бет қыртысында мығымдаудан пайда болған үш қатпарды байқауға болады
1-қатпарды деформацияның үдеу қатпары . - екiншi қатпар алмасу қатпары, үшiншi қатпар әсер ету қатпары.
- 2.2 Қалдық тартылыстар. Бөлшек бетiндегi қалдық тартылыстар өңдеу кезiнде туатын иiлiмдiлiк /созымдылық/ деформацияларының бiркелкi таралмауы салдарынан пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |