Қысу дәрежесі (ε) деп цилиндрдің толық көлемінің (Vт) қысу көлеміне (Vк) қатынасын айтады, яғни цилиндр ішіне сорылған ауа немесе жану қоспасы-ның көлемі неше есеге кішірейтіліп, қысылатындығын көрсетеді.
Қозғалтқыштың осы қысу дәрежесі дизельді немесе карбюраторлы қозғалтқыштарда өртүрлі болады. Себебі қысу дөрежесі өскен сайын цилиндр ішіндегі қысылған ауаның немесе жану қоспасының температурасы да артады. Ал дизельді қозғалтқыштарда жану қоспасы өздігінен тұтанатын болғандықтан мұндағы қысу дәрежесі көп болады. Қазіргі дизельді қозғалтқыштарда ε = 16—18 шамасында болады. Егер карбюраторлы қозғалтқыштарда қысу дәрежесін дизельді қозғалтқышдердегі сияқты көбейтсек, онда цилиндр ішіңдегі жану қоспасы өздігінен түтанып кетеді де қозғалтқыштың жүмысына кедергі келтіреді. Сондықтанда карбюраторлы қозғалтқыштардегі ε= 6—8 мөлшерінде ғана болады.
Достарыңызбен бөлісу: |