Эпендималық ісіктер мен хориоидтық өрім ісіктері. Эпендиома ісігі ми қарыншаларын астарлап жатқан эпендима клеткаларынан түзілген. Ол негізінен 4-ші қарыншада, өте тығыз, түйін түрінде өседі.
Нейрондық ісіктер. Оларға ганглиоцитома - ірі жетілген ганглиоздық клеткалардан құралған қатерсіз ісік және ганглионейробластома - ганглиоздық клеткалардан дамитын қатерлі ісік жатады.
Ми қабықтарының ісіктері .Олар менингиомалар немесе арахноидэндоте-лиомалар деп аталады. Ісік қатты түйін түрінде өсіп,мидың қатты қабығынан немесе жұмсақ қабаттарын астарлап жатқан арахноидэндотелий клеткаларынан өседі. Оның мына түрлерін ажыратады: а)Менинготелиалдық менингиома-майда, цитоплазмасы ашық түсті,ядросы сопақша, хроматині әлсіз боялған клеткалардан тұрады; ә)Қат-қабат құрылымды менингиома-қабаттанып бір-біріне айнала орна-ласқан; б)Ангиоматоздық менингиома құрамында қан тамырлары көп; в)Фиброз-дық менингиомада клеткалар әртүрлі бағытта орналасқан будалар түзеді.
Шеткі жүйке жүйесі ісіктері. Оларға: нервилеммома - жүйке қабықтары-нан өсетін, жақсы шекараланған кейде капсуласы бар, жұмсақ, созылмалы сұрғылт-сары түсті ісік; нейрофиброма - жүйке талшықтарынан және дәнекер тіннен тұратын ісік; нейрофиброматоз - жүйке жүйесінің тума ақауларына жатады, ол шеткі не үлкен жүйкеден нейрофиброманың өсуімен сипатталады; қатерлі шваннома - ісіктің қатерсіз түрінен клетка атипизмімен, көпядролы симпластардың пайда болуымен, ісік қан тамырының гиалинозымен ерекшелене-тін ісік жатады.
Вегативтік жүйке жүйесінің ісіктері. Бұған симпатикалық түйіндердің ісіктері кіреді.
Ганглиоздық клеткалар ісіктері. Ганглионеврома негізінен симпатикалық бағанның көкірек бөлігінде ұшырайтын қатерсіз ісік.
Параганглий элементтерінен өсіп шығатын ісіктер. Праганглийдің 2 түрі болады: 1) Хромаффинді (бүйрекүсті безінің орталық қабаты және т.б. жатады.); 2) Хромаффинсіз параганглий (картоид денешіктері және т.б.)
Нейробласт немесе симпатогоний клеткаларының ісіктеріне нейробласт клеткаларының эмбрион кезеңіндегі жетілу процесінің және миграцияның бұзы-луына байланысты дамитын қауіпті нейробластома жатады. Бұл ісік бүйрекүсті безінде, көкірек қуысында, құрсақ пердесі сыртында ұшырап, жанындағы тіндерге метастаз береді.