Биологиялық канцерогенез. 1908-1911 жылдары Америка ғалымы Раус тауық саркомасының жасушасыз сүзіндісін сау тауықтарға енгізу арқылы осы ісіктің дамитынын көрсетті. 1933 жылы Шоуп қоянға ісіктен алынған осындай сүзіндіні енгізіп,онда папиломма ісігін алды. Вирустардың әсерінен адамда Т-жасушалы лейкоз т.б. дамиды. Ересек адамдарда Т-жасушалық лимфолейкоз вирустың ықпалынан туындайды. Адамда кездесетін герпесвирустар (герпес-ұшық) ДНҚ-онковирустарға жатады. Олардың ішінде Энштейн - Барр
вирусы сау адамдардың жұтқыншақ – көмейлерінің шайындысында жиі кездеседі.
Ісік туындататын вирустар үш сатыда әсер етеді:
- бірінші сатысында жасуша ішіне еніп,онда ДНҚ молекуласымен бірігіп кетеді де, жасушаның тектік ақпаратын өзгертеді;
- екінші сатысында өзгерген тектік ақпарат бойынша онконәруыздар мен мРНҚ түзілуін арттырады;
- үшінші сатысында онконәруыздар жасушаның шексіз бөлініп көбеюін арттырып, ісік жасушасына айналдырады.
Ісік өсуіне әкелетін қауіп-қатерлі ықпалдар.
Осы ықпалдармен қатар ісік дамуына әкелетін көптеген қауіп-қатерлі ықпалдарды ажыратады. Оларға:
зиянды әдеттер:
- темекі шегу;
- маскүнемдік;
- насыбай ату;
тиімсіз қоректену (тым майлы тамақ ішу,ысталған тамақты артық пайдалану, тағамда витаминдер, қанықпаған май қышқылдары жетіспеуі т.б.)
- қоршаған ортаның химиялық заттармен, иондағыш сәулелермен ластанулары т.б. жатқызуға болады.
Ісіктің пайда болуы немесе болмауы көпшілік жағдайда ағзаның, ең алдымен реттеуші жүйелерінің жағдайларымен, оның даралық реактивтілігімен өте тығыз байланысты. Ісік дамуында иммундық жүйелердің маңызы өте үлкен.
Ісіктердің пайда болуындағы иммундық жүйенің рөлі.
Әдетте қатерлі ісік иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда: қарттарда, иммунодепрессивтік препараттар қабылданған ауруларда көп ұшырайды. Канцерогендік заттар да иммундық жүйе қызметін басып тастайды.
Көптеген ісік жасушаларының антигендік құрамы қалыпты жасушаларға өте жақын,сондықтан ісік дамуының алғашқы кезеңінде ағзада ісікке қарсы бағытталған күшті иммундық реакция байқалмайды. Тек антигендік ерекшелігі жақсы дамыған ісіктер пайда болғанда ғана иммунды жүйенің белсенді қарсылығы көрінеді. Ісікке қарсы күресте негізгі рөлді жасушалық иммунитет атқарады. Ісіктің өсу аймағының айналасында Т-лимфоциттер шоғырлары көрінеді, олар қаншалықты көп болса, бұл ісіктің нәтижесі соншалықты оң болады. Осындай әртүрлі қатерлі ісіктердің кейде бүтіндей жойылып кетуі иммундық жүйе қызметіне байланысты.
Ал иммундық жүйені әдейі басып тастағанда (бақа ағзаларды көшіріп отырғызу,яғни трансплатация операциясына байланысты) ісіктің пайда болу мүмкіншілігі 100 рет артады. Дeмек иммундық жүйенің қалыпты қызметі ісік пайда болудың тежеуші факторларының бірі болып есептеледі. Көп жағдайларда рактың шығуы жасқа байланысты. 60 жастан кейін ракпен ауру мүмкіндігі 250жасқа дейінгі адамдарға қарағанда 50 тіпті 100 есе артдады. Бұл құбылыс организмде жас өткен сайын канцерогендік заттардың жиналып қалуымен, қоршаған ортаның ластануымен ракалды процестерінің көбеюімен, иммундық жүйенің, әсіресе, тимус қызметінің әлсіреуімен түсіндіріледі. Сонымен қатар өсіп келе жатқан ісік организмнің жүйке жүйесі жағдайына үлкен әсер етіп, аурулар-дың психикасы өзгереді, қозу, тежелу үрдістерінің арақатынасы бұзылады, созыл-малы күйзеліс жағдайы дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |