Өзара тану процесінің механизмдері
´
Сəйкестендіру – өзін басқа адамға немесе топқа, үлгіге ұқсату.
Сəйкестендіру өзгенің сезімін, көңіл-күйін сезінуге көмектеседі,
рефлексиялану қабілетін дамытады.
´
Рефлексия – адамның өзін қарым-қатынастағы серіктесінің қалай
қабылдайтынын ұғынуы, өзгенің ықтимал құлығына байланысты өз
тəртібіне түзету енгізуі. Бұл жағдайда қателесу қиын емес: біреуді
артық немесе кем бағалауы мүмкін. Сондай-ақ адамды қателікпен
белгілі стереотиптерге, таптаурын типаждарға жатқыза салу оңай. Кең
тараған стереотиптік түсініктер көбінесе адамның сыртқы келбеті мен
мінезінің сəйкестендірілуіне тбайланысты: кең маңдай – ақылдылық,
əдемілік – ақымақтық, жұқа ерін – қулық, арамдық, шаршы иек – ерік-
жігер т.б.
´
Модельдеуге өзгені көріністерге қарай бағалау
(тікелей жəне арнайы құрылған) жатады. Мұндай
модельдеу қалыптасқан əлеуметтік
стереотиптерді, естіген қоғамдық жəне жеке
пікірлерді аттап өтіп, адамның өз өмірлік
тəжірибесіне негізделеді. Тұлғаны модельдеу
барлық бағдарлық əрекеттерді қарастырады жəне
адамның жоғары моральдық қасиеттерін талап
етеді.
´
Даралау – жекелеген индвидтердің өзінің табиғи жəне
тұлғалық болмысын эмоционалдықпен танытуы.
´
Сəйкестендіру (идентификация), рефлексия, модельдеу жəне
даралау – адамның өзге адам туралы алған ақпараттарын, бір-
бірімен өзара ықпалдасу нəтижелерін талдауы мен бақылауын
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін механизмдер. Бұл қасиеттер
адамға туғаннан берілмейді, олар мұндай қасиеттер бойында бар
адамдардың басшылығы мен тəрбиелік ықпалыныңарқасында
дамиды. Осы жəне басқа да психологиялық сипаттарды білу мен
ұдайы тереңңдетіп отыру əскерлік қарым-қатынас мəдениетін
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Іскерлік қарым-
қатынас мəдениетін
дамыту
технологиясында
ұжымдағы
моральдық-
психологиялық
климаттың маңызы
зор. Енді осы
мəселеге тоқталып
өтелік.
´
Психологиялық сəйкестілік – оның мүшелерінің өз
қызметін басқалармен келісе отырып (қарама-
қайшылықсыз), бірлескен жұмыстың барлық
түрлерінде өзара қатынастарды оптималдандыратын
топтың əлеуметтік-психологиялық сипаты. Егер
сəйкестілік эффектісі көбінесе ұжым мүшелерінің
арасында пайда болатын болса, онда түсіністік
өндірістік қызметпен байланысты іскерлік қарым-
қатынастың нəтижесі болып табылады.
Түсіністік – нақты
бірлескен жұмыс
жағдайындағы
тұлғааралық өзара
ықпалдастық келісімінің
көрсеткіші. Осылайша,
түсіністіктің негізі –
кейде қатысушылар
арасында түсіністік
пайда болғандағы тек
бірлескен қызметтің
табыстылығы мен
пайдалылығы.
Пайдаланылған əдебиеттер тізімі
1. Введенская, М.А., Павлова Л.Г. Культура и искусство
речи. Ростов-на-Дону. Феникс, 1995. 576 стр.
2. Корнеги Д. Как вырабатывать уверенность в себе и влиять
на людей, выступая публично. Алматы. Ана тілі, 1991.
3. Найн А.Я. Культура делового общения. Челябинск,1997.
4. Лавриненко В.Н. – Психология и этика делового
общения – «Юнити», М., 1997.
5. Петровская Л.А. Компетентность в общении. - М.: МГУ,
1989.
Достарыңызбен бөлісу: |