Іскерлік Басқару магистрі бағдарламасы бойынша Магистратура (мва)



жүктеу 29.39 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі29.39 Kb.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

Іскерлік Басқару магистрі бағдарламасы бойынша Магистратура (МВА)
ҚР Ұлттық Банкі және Университет арасында жасалған мемлекеттік органдар және қаржы саласының ұйымдары үшін мамандар дайындау жөніндегі «Бірлескен қызмет туралы» шартқа сәйкес, 2007-2008 оқу жылына Іскерлік Басқару магистрі бағдарламасы бойынша магистратураға келесі мамандықтар бойынша құжаттар қабылдайтынын жариялайды: «Қаржылық тәуекел-менеджер», «Қаржылық талдаушы», «Актуарий», «Сақтандыру бизнесі».

Магистратурада оқу мерзімі бастапқы жоғарғы оқу (бакалавриат) негізінде – 2 жыл.


Жоғары экономикалық, математикалық немесе техникалық білімі бар тұлғалар қабылданады.

ҚР Ұлттық Банкі белгілеген 2007-2008 оқу жылына магистратураға қабылдау жоспары ­– 60 адам, оның ішінде:






п/п

Дайындау бағыты

Барлығы

Оның ішінде

Тегін негізде

Шарттық негізде

1

Қаржылық тәуекел-менеджер

20

10

10

2

Қаржылық талдаушы

20

10

10

3

Актуарий

10

5

5

4

Сақтандыру бизнесі

10

5

5

5

Жиынтығы:

60

30

30

Магистратураға азаматтарды қабылдау, қабылдау емтихандары және әңгімелесу қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Оқыту кезеңінде басқа қаладан келген магистранттар уақытша тұрғын үймен (жатаханамен) қамтамасыз етіледі.



«Қаржылық тәуекел-менеджер», «Қаржылық талдаушы», «Сақтандыру бизнесі» мамандықтары бойынша қабылдау емтихандары төмендегідей пәндер бойынша өткізіледі:

  • макроэкономика

  • микроэкономика

  • жоғары математика (базалық деңгей)

«Актуарий» мамандығы бойынша қабылдау байқаулық негізде жүргізіледі, қабылдау емтихандары төмендегідей пәндер бойынша өткізіледі:

  • макроэкономика

  • микроэкономика

  • жоғары математика (алдыңғы деңгей)

МВА бағдарламасы бойынша магистратураның қабылдау комиссиясына келесі құжаттар ұсынылады:

Қажет болған жағдайда көрсетілген құжаттарға еңбек кітапшасының көшірмесі, ЖОО-ның немесе үміткер жұмыс істейтін ұйымның ұсынысы қоса беріледі.
Құжаттар Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде 2007 жылғы 01 шілде – 10 тамыз аралығында қабылданады. Қабылдау емтихандары және әңгімелесу тамыздың 13 – 15 аралығында. Сабақтың басталуы – 2007 жылғы 1 қыркүйек.
МВА бағдарламасы бойынша магистратура жөніндегі қосымша ақпаратты Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55 үй, 410 кабинет мекен-жайы бойынша және (327) 2551179, 2995162 телефондары бойынша алуға болады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет