Ислам діні бейбітшілік пен бірлік діні. Бүгінде қандай ақпарат құралын қарасаң да



жүктеу 48.72 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі48.72 Kb.
Ислам діні - бейбітшілік пен бірлік діні.
Бүгінде қандай ақпарат құралын қарасаң да «терроризм», «экстремизм», «жиһад», шетел асқан бауырлар, т.б осы төңіректегі тақырыпта жарияланған мақалалар жиі басылуда.

Еліміз көп ұлтты мемлекет бола тұра, бүгінде әлемге бейбіт сүйгіш ел ретінде өзін танытуда. Қазақ елі көп ұлтты бауырына басып, ешқайыссын бөле жармай, тең құқылы өмір сүруіне жағдай жасап келеді. Қазақ елінде мынау «орыс», мынау «өзбек», мынау «қазақ» немесе тағы да басқа ұлт өкілі деп кемсіту, сондай-ақ, мынау «христиан», мынау «мұсылман» немесе мынау «буддис» деп діни іліміне қарай кемсіту орын алып отырған жоқ.

Алайда, еліміздегі береке-бірлік пен тоқшылықты көтере алмай жүргендер де баршылық. Бейбіт өмір сүріп, мол игіліктерді көріп отырған бауырларымыздың неге соғыс ошақтарына барып, өз өміріне қауіп төндіретіні, ата-анасы мен жақын туыстарына уайым-қайғы әкелетіні түсініксіз.

Бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп, естіп жүргендеріміздей қаншама бауырларымыз Египет, Сирия асып соғыс ошағында жүр. Соғыс ошағында жүрген елдердің азаматтары өздерін «жиһадшымын» деген жалаң идеяның жетігіне еріп, ол сөздің мән-мағынасының нені білдіретінін түсінбейтінін көрсетуде.

Бүгінде өкінішке орай ауданның бірнеше азаматы араб елдерінде жүр, бірнеше азаматтың кетуге ниеті бар. Көпшілігі араб елдерінен теологиялық білім алу ниетімен кетуде. Бірақ ондағы соғыс ошағындағы жағдайда олардың білім алуы емес, басқа жағдайларға тап болмауына кім кепілдік бере алады.

Баласының қолына автомат асынып «жиһадшымын» деп Сирия жерінен көрген ақмолалық ананың өкінішін баспасөз құралдары жария етуде. Өкініші өзегін өртеген ана Үкіметтен қол ұшын созуын сұрап, сыртқы министрліктен көмек сұрауда. Ал, сол жақта жүрген баланың көңілі далада.

Құранда шын мұсылман қолымен де, тілімен де басқаға қиянат жасамайтын адам деп көрсетілген. Осы тұрғыдан қарағанда Сириядағы мұсылмандардың бір-бірінің қанын төгуін қалай түсінуге болады.

Сириядағы жағдай 2011 жылы жүздеген адамның елде реформалар жүргізу жөнінде бас көтерген бейбіт шеруінен бастау алған еді. Мұны бірқатар елдегі оппозиция өкілдері ел президенті Башар Асад пен билік партиясы «Басаға» қарсы пайдаланса, енді бірі исламдық бағыттағы «Аль-Каида» тобының жетегіне еріп, жағдайды саясиландырып жіберді.

Елдегі бейбіт шеру үш күннен кейін жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Басында шерушілер үкіметті отставкаға жіберуді сұрады. Ел президенті шерушілердің талабын орындап Үкіметті таратқанмен, елдегі қақтығыстар тоқтаған жоқ. Халықтың жаппай көтерілуін жекелеген топтар өз мақсаттарына пайдалануға тырысып, елде жаппай бас көтерулер, дүние-мүлікті өртеу, полициямен қақтығыс, аштық жариялау, вандализм әрекеттеріне ұласты. Елде бассыздық пен билікке бағынбау, безберекеттік орын алды.

Үш жыл бұрын орын алған осы жағдай бүгінге дейін жалғасын табуда. Елдегі қақтығыс елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын нашарлатты, босқындар көбейді. Елдің болашағына сенім жоғалды.

Бүгінде Сирия елінде ливандық «Хезболла» ұйымы мен ирак үкіметіне арқа сүйген әскерилер үкіметі, «Аль-Каида» тобынан жақтас тапқан оппозиция және екеуіне де қарсы күрескен курдтар арасында қақтығыс жалғасуда.

Сирия елі халқының басым бөлігі суниттер болса, билікте отырған аз ғана топ шииттер болып отыр. Сарапшылардың пікірінше осы жағдайда қақтығысқа себеп болып отыр. Десек те, екеуі де мұсылман халқы, сиынатын діні ислам бола тұра, барша мұсылманның бас біріктіре аламауы өз елдеріне қиянат болып отыр.

Қазір Сирия елі халқы екіге жарылып, азамат соғысы ошағында тұр. Әскерилер үкіметі мен тәуелсіз Сирия армиясы деп өздерін атаған оппозиция өкілдері бір-біріне оқ атып, қаншама адамның қанын судай ағызуда.

2011 жылы Еуро Одақ Сирияға санкция жариялап, елдің экономикалық жағдайын одан әрі нашарлатты.

Елдегі жағдайдың ушығуына байланысты 700 мыңнан аса адам шетелге қоныс аударған.

Соғыс салдарынан елдегі тарихи ескерткіштер бұзылып, мәдени орындар қирауда. Елдегі қарсыластар жағдайдың ушығуына бір-бірін кінәлап, нәтижесінде қарапайым халық зардап шегуде.

Осындай жағдайда өз елінің халқы бас сауғалап қашып жатқанда, қазақ елінің азаматтарының қанды қырғынның ортасына баруға талпынуы алаңдаушылық туғызады.

Мұндай жағдай басқа да араб елдерінде де орын алуда. Қазір осы елдердегі соғысушы топтар өз қатарларын көбейту үшін басқа елдерден жалдамалыларды тарту бойынша үгіт жүргізіп отыр. Ақпарат құралдарынан жарияланған Сирия елінде жүрген 150-ден астам қазақстандықтар суреттерінен бүгінде көптеген адамдар өз туыстарын танып, олардың өміріне алаңдаушылықпен қарап отыр.

Аудан әкімдігі осы жағдайларды ескеріп, шетел асқан, шетелге кетуге ниетті өз жерлестеріміздің өмір қауіпсіздігін сақтау үшін ай сайын отбасыларымен әңгімелесулер жүргізіп отыр.

Өкінішке орай, шетелде баласының өмір қауіпсіздігін ойлаудың орнына кейбір ата-аналар неге бізді мазалай бересің деп бізді кінәлауда. Сонда ата-аналық жанашырлық қайда деген сұрақ туады.

Барлығының айтатыны балам шетелде араб тілін оқып жатыр дейді. Ондай оқуды Қазақстанда да алуға болатыны түсіндірілсе де, мұны түсінуге тырыспауда. Шын мәнінде араб тілін білуге ниеттілер болса, аудаға араб тілін үйрететін маманда шақыртып отырмыз.

Кеше ғана Түркиямен шекарада өлген 120-дан астам жалдамалылар арасынан қазақстандықтардың болғаны анықталуда, солардың орнында біздің де бауырларымыздың болмасына кім кепілдік береді.

Шетелдегі біздің жерлестеріміз білім алу ниетімен барғанмен, оларды басқа күштердің үгіттеп адастырмауына, соғыс ошағына араластырмауына кепілдік бере аламыз ба. Сондықтан ойланайық ағайын.

Тәрбие отбасынан басталады. Бүгінде ата-ана баласын үйретудің орнына, баласы ата-анасын үйрететін жағдай орын алып отыр. Мектеп бітірмей жатып, жастарымыз исламның ғұламаларынан да асып түсіп, мынау дұрыс, мынау бұрыс деп тұжырым жасауды әдетке айналдырған.



Құран Кәрімнің «Ағраф» сүресінің 33 аятында: «Аллаһ бұйырмаған істерді жаламен Аллаһқа таңуларың харам етіледі» делінген.

«Нахл» сүресінің 116 аятында: «Өз тілдеріңмен дұрыс-бұрыс деп сипаттаған өтірік жалаларды Аллаһқа таңып, «мынау адал, мынау харам» демеңдер. Өйткені, Аллаһтың атынан өтірік айтқандар екі дүниеде де оңбайды» делінген.

Ибн Уаһб Имам Мәлік: «Қарапайым адамдардың және алдыңғы буын ғұламалардың аузынан «мынау-харам, мынау-халал» дегенін естімедім. Олардың кесіп пішіп дәлелсіз сөйлеуге батылдары бармайтын. Ары кетсе «Мынаны жек көреміз, ал мынаны жақсы көреміз, ал мындайдан абай болып, аулақ жүріңіз немесе білмейміз» деп сақтанып тіл қатқан.
Хузайфа былай деген. «Көпшілікке үш түрлі адам жауап бере алады. 1. Құранның насих пен мансухын (Құран аяттары үкімдері уақытқа байланысты өзгерген бе, жоқ өзгермеген бе, соны білуі тиіс) білетін ғалым. 2. Жауап беруге міндеттелген басшы. 3. Ғалымға еліктеген ақымақ».
Сондықтан да, жастарымызға осы қағидаларды басшылыққа алып, бейбітшілікке, бірлікке, бауырмалдыққа, қарапайымдылыққа, ізгілікке шақыратын ислам дінін бұрмалап басқа мақсаттарға қарай бұрудың күнә екенін түсінсе дейміз.

«Жиһад» - нәтижеге жету, мақсатқа жету, ынта-жігер таныту, тырысу, нәпсімен күресу дегенді білдіретінін басшылыққа алуымыз қажет. Ал, мұсылманмын деген кейбір елдер мұны соғысу ұраны ретінде пайдаланып жүр.

Құранның алғашқы сөзі «оқы, оқы және оқы» деген сөзден басталады. Сондықтан да бойымыздағы күшті білімге, танымға жұмсасақ, көп нәрсеге көзіміз ашылып, айналамызға басқаша қарайтын боламыз.



Темір ауданы әкімі орынбасары Нұржауған Қалауов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет