Ислам дінінің тарих сахнасына шығуы. Таухид діні және Хз. Мұхаммед пайғамбар



бет3/3
Дата09.12.2023
өлшемі394.03 Kb.
#486057
1   2   3
Ислам дінінің тарих сахнасына шығуы

3.Ихсан

  • Ислам дінінің үшінші мәртебесі — ихсан (арабша: اإلحسان. (Ихсанда бір негіз бар:
  • • Аллаға Оны көріп тұрғандай құлшылық қылу, ал егер олай істей алмасаң, Алла сені көріп тұрғандай құлшылық қылу.
  • Сонымен бірге, ихсан исламның моральдықэтикалық, аскеттік нормаларын қамтиды.

Ислам шариғаты (заңдары) және фиқһы (құқығы)

  • Ислам шариғаты — ол адамның Алламен, басқа адамдармен, қоғаммен және қоршаған ортамен қарымқатынасын, рұқсат етілген және тыйым салынған нәрселерді реттейтін Құран, Сүннет және сахабалардың (шииттерде — Әһлі-бейттің) сөздерімен, ғалымдардың иджтиһадымен міндеттелген заңдар жинағы. Бұл заңдардың ең маңыздысы — Исламның бес парызы.
  • • Фиқһ (арабша:فقه-(тілдік мағынасы «түсіну». Бұл мағынада «фиқһ» сөзі Құранда бірнеше жерде қолданылады.
  • • Шариғат терминологиясында «фиқһ»: шариғаттың амалға қатысты үкімдерін дәлелдер арқылы білу. Кейде сол үкімдердің өзін «фиқһ» деп те атайды.

Ислам шариғаттының негіздері

  • Құран — «Фатиха» сүресінен басталып, «Нас» сүресінен бітетін, оған сенушілер үшін ақырғы пайғамбар Алланың елшісі Мұхаммедке صلى الله عليه وسلمтүсірілген Алланың сөзі деп есептеледі. Құранда 114 сүре, 6236 аят бар. Құран әдеби араб тілінде түсіріліп, Ислам шариғатының негізі боп табылады. Алла Тағала Құранды өзгертулер мен қосымшалардан сақтауға уәде берген. Оның ішінде наным-сенім, ғибадат, адамдардың ара-қатынасы және т.б. мәселелердің үкімдері жалпы және жекеше түрде баяндалған.
  • Қасиетті Құран Мұхаммед пайғамбарға صلى الله عليه وسلم еруге, оған бағынуға бұйырады, сондықтан Сүннет Ислам шариғатының екінші негізі болып саналады. Сүннет деп пайғамбардың кез келген сөзін, ісін немесе бір нәрсені іштей қолдауын атайды.
  • • Ижмағ (арабша:إجماع-(Пайғамбардан صلى الله عليه وسلم кейінгі заманда мұсылман ғалымдарының бір үкімге бір ауыздан келісуі. Егер ғалымдар бір үкімге ижмағ қылса, ешкімге оны бұзуға немесе жоққа шығаруға рұқсат етілмеген.
  • • Қияс — Ислам фиқһында кең таралған ұқсастық бойынша (аналогия) үкім шығару әдісі. Мұсылман ғалымдарының арасында қияс Құран, Сүннет және ижмағтан кейінгі орын алады. Алайда қиястың рұқсат етілген және тыйым салынған түрлері бар.
  • • Ижтиһад - шариғи үкім шығарудағы ғалымның ізденіс қылып, еңбек етуі.

Ислам тарихы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет