«Ислам философиясы» пәні бойынша


Ислам философиясы курсы бойынша қысқаша лекциялар жинағы



бет2/22
Дата28.03.2024
өлшемі91.3 Kb.
#496755
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
islam filosofyasi lekcia(1)

Ислам философиясы курсы бойынша қысқаша лекциялар жинағы

Ислам философиясы
Мұсылман халықтарының барлығында дерлік қолданылатын «фәлсәфә» сөзі араб тіліндегі «фәлсәфә» (көпше түрде «фәлсәфиат») сөзінен туындаған. Кинди, Хорезми және Шахристани сияқты мұсылман философтарының пікіріне қарағанда «фәлсәфә» сөзі грек тілінен бастау алады және ол грекше «философия» сөзінің арабтың тілінде бұрмалаған түрі болып табылады. Ол гректің «филос» және «софия» деген екі сөзінінің қосындысынан пайда болған. Алғаш рет Пифагор қолданған деп есептелетін «философия» сөзі «сүю» деген мағынаны білдіретін «фило» мен «даналық» мәнін білдіретін «софия» сөзінен құралады. Демек толықтырып айтар болсақ, қазақ тілінде «даналықты сүю» болып шығады.
Философияның анықтамасына келер болсақ, ортағасырлық мұсылман философтары мынандай қорытынды жасағанын байқаймыз.
Кинди: «философия – адамның қол жеткізген қабілетіне қарай заттардың мәндері мен себептерін тану».
Ибн Сина: «Адамның өз күшіне қарай нәрселердің ақиқатын теориялық түрде ойлауы және мойындауы».
Кинди: «Философия өнері – адамнің қабілеті негізінде құбылыстар мен нәрселердің ақиқатын анықтайтын ілім», «Философия – адамның өзін тануы».
Әл-Фараби: «Хикмет (философия) – «бизатиһи уаджиби уджуд» болған (өздігінен бар болуы міндетті) Хаққтың (Ақиқаттың) болмысын болмыс ретінде тану».
Ибн Рушд: «философия - өнер туындысы ретіндегі болмыстарды зерделеу және оның жаратушысын тану».
Философия-хикмет ілімі: «Философия» мен «хикмет» сөздері ислам ойлау жүйесі тарихында көбінесе бір мәнде қолданылған. Ислам философтарының көпшілігі әсіресе ІХ ғасырдың соңынан бастап, философия сөзінің орнына хикмет сөзін көп пайдаланған. Мысалы, ІХ ғасырда Кинди еңбегін «Рисала фи Фалсафату-л-Ула» деп атап еңбегінде философия терминін қолданса, ибн Сина «Уйун әл-Хикмат» және «Хикмату-л-Машриқия» деп атаған. Оның себебіне үңілер болсақ, ерте кезден басталған философия қарсыластары «философия» сөзінің орнына Құранда жиі орын алатын «хикмет» сөзін қолдану немесе философияны ислами атаумен атау мақсатында аталған терминді қолданысқа енгізген болса керек. Сонымен қатар, философия сөзінің ішкі мәніне үңілер болсақ та оның даналықты, яғни хикметті сүюден туындайтыны белгілі.
Кейбір мұсылман ойшылдары хикмет сөзінің ара жігін философиядан ажырата отырып, басқа мәндерде де қолданған және хикметке философиядан да бағалы маңыз берген. Мысалы Кинди хикметті ең жоғары өнегелік пен ізгілік ретінде қарастырады. мая дәуірінде мұсылмандар парсылар мен гректер және римдықтармен қарым-қатынас жасай бастады. Осы қарым-қатынас барысында олардың ескі мәдениеттері мен философиялық көзқарастары мұсылмандар арасына таралды.
Исламнан бұрын Ирандағы философиялық мектептерге ұқсас Иракта да философиялық оқу орындары бар еді. Харис бин Кәлда мен оның ұлы Нәдір секілді кейбір арабтар философиялық көзқарастармен осы мектепте танысты. Ислам бұл өлкеге таралған шақта, олар философиялық ілімді мұсылмандарға таныстырды. Сондай-ақ, философияның мұсылмандар арасына таралуына сириялықтарда үлес қосты.
Ибн-у Халликанның айтуына қарағанда, құрайыштықтардың ішінде исламнан өзге ілімдерді ең жақсы білген Халид б. Иезид б. Муаби болатын. Тіпті, Халид б. Иезид химия мен медицина ілімдерін де терең меңгерген еді. Халид б. Иезид бұл ілімдерді Мариянус әр-Руми деген хриситан поптан үйренген. Халид б. Иезидтің химия мен медицияна ілімдеріне қатысты жазған үш трактаты бар. Соның бірі өзі мен Мариянус арасындағы диалогқа, оның ілім үйрету медодикасына арналған болатын.
Кейбір бұзылған ағымдардың пайда болуына көне Үнді, Месопатамия философиясының ықпалы болды. Өйткені, ескі философиялық теориялар исламдық сенімдегі болмыс пен табиғат ұғымымен үйлесе бермейтін. Мұсылман ғалымдарының ішінде ескі философиялық түсініктердің тұмшалауынан шыға алмағандар болды.
Ислам тарихында алғашғы расатхана (обсервотория) омаяттар халифасы Абдулмәліктің кезінде 707 жылы Шамда салынды. Ибн Кәсир ислам сенімдеріне қайшы келетін Антика философиясының Исламның алғашқы жүз жылында мұсылмандарға танымал болғандығын айтады. Садраддин Ширази (Молла Садра) Сухравардидің еңбектеріне сүйене отырып, омаяттар дәуіріндегі каламшы ғалымдардың ескі Грек философиясынан хабардар болғандығын айтады. Яғни, көне Грек философиясының ықпалы мұсылмандарға Аббаситтер дәуірінде емес, одан бұрын омаяттар кезеңінде кеңінен танымал болған. Исламдағы бұзылған муғтазали мәзһабының өкілдері сенімдік мәселелердегі қолданған логикалық әдіс-тәсілдерін философтардан алды. Ал, муғтазалийамәзһабыомаяттардәуіріндепайдаболғанеді.
Дегенмен, Антика философиясыныңшығармаларынжүйелітүрде араб тілінеаударуаббаситтер халифы Мамун, Мутасымкезіндеқолғаалынды. Алғашқымұсылман философы әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн-Синалардыңдүниетанымынакөне грек философиясыәсеретті. Философтардыңкөзқарастарының мұсылмандарғаәсеретуіөзкезегіндеойшылдарарасындаталас-тартыстудырды. Әл-Фараби мен Имам Ғазалиарасындағыталас-тартыстаросығандәлел бола алады.
Ислам тарихында Антика дәуіріндегісекілдібелгілі-бірфилософтыңатынантұратынмектептерқалыптаспағанмен, ескіойшылдардыңдүниенітаныпбілудегітұжырым-пікірлері, философия мен дінқоспасынантұратынисламдықбұзылғанмәзһабтарпайдаболуынатүрткіболды.
Философиянызерттеушілер араб тілінде том-том еңбектержазды. ФилософияданәсерленгенкейбірғалымдарҚұран-Кәрімдегі Алла Тағаланыңсипаттарыхақындажаңапікірлерайтабастады. Олар «Алланыңзаты мен сипатыбөлекпе, кәлам*Алланыңсипаттарыныңбіріме, Құран-Кәрімжаратылған ба» дегенмәселелердіортағақойды. Сондай-ақ, философияныңәсеріменөміргеақылөлшемдеріменқарап, адамныңөзқалауыөзін де ме, адамөзініңіс-әректініңиесімедегенмәселелердіөрбітті.
Осылайша, философияныңықпалыменәртүрліпікірілерқылаңберді. Әрбірқисындыпікірайтқанғалымдықолдағантоптарпайдаболып, нәтижедеәртүрліақидаағымдарытарихсахнасынашықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет