254
ИМАНИ ГҮЛ
«сутоксин» делінген улы зат бар. Денеге енген бұл улы
заттың сыртқа шығарылуы үшін лимфа бездерінің ша-
мадан тыс жұмыс істеуі қажет. Ал бездердің бұлай ша-
мадан
тыс жұмыс істеуі, әсіресе, жас балалардың лим-
фа бездерінің асқынуына және ісінуіне әсерін тигізеді.
Ауруға ұшыраған баланың тамағы қатты ісігендіктен,
доңыз кейпін елестетеді. Міне, сондықтан бұл ауруға ме-
дицина тілінде «доңыз ауруы» (skrofuloz) делінеді. Ауру
қатты асқынған жағдайда лимфа бездері жарақатқа ай-
налып, қатты ісінеді. Аурудың ыстығы көтеріліп, қатерлі
жағдайға душар етеді.
2. Доңыздың денесінде көп мөлшерде күкірт
болғандықтан, оны
жеген адамның организмінде
өлшемнен тыс күкірт пайда болады. Ал организмдегі
өлшемнен тыс күкірттің болуы шеміршек, бұлшық
ет
және сіңірлерге сіңіп, буындарда тұз жиналу және
омыртқаның жылжуы сияқты ауруларға себеп болуы әб-
ден ықтимал. Доңыз еті жиі желінген жағдайда денедегі
қатты шеміршектер сол доңыз етінен келетін бөлшектердің
әсерінен тым жұмсарып, дене ауырлығына шыдамайтын
халге келеді. Бұл буындардың босаңсуына әкеліп соғады.
Доңыз етін жейтін адамдардың қолдары ісіп, денелерінде
май қабаттары пайда болады. Мысалы, ол адам спортпен
айналысқан күннің өзінде жалқау, жайбасар халге енеді.
3. Доңызда өсу гармоны да көп мөлшерде кездеседі.
Бірнеше жүз грамдық салмақпен ғана туылған торай-
лар алты айдың ішінде жүз килоға жетеді. Торайлардың
мұншалықты тез өсіп, үлкеюі доңыздың денесіндегі өсу
гармонының өте көп мөлшерде
болуына тікелей байла-
нысты. Бұл гармондар доңыздың етін жеген адамдардың
денесіне де өтетіндіктен, ол адам организміне кері әсерін
тигізеді. Денедегі тканьдардың ісіну мен қабынуына
әкеп соғады. Мұрын, жақ, қол, аяқ сүйектерінің табиғи