282
ИМАНИ ГҮЛ
арнайы кітаптар оқып, ақылға жүгініп, имандылыққа бет
бұрса, Алла Тағала да ол құлының жүрегіне иман нұрын
құйып, тура жолға салады. Дүниенің қызылына қызығып,
түнгі клубтар
мен сыраханалардан шықпай, күнәлардан
бас алмаса, нәпсісіне ұнамды күнәларды тыяды деп
Құранға, дінге қарсы шығып, жүрек тілімен «тура жолды
қаламаймын» десе, Алла Тағала ол құлын адастырады.
Қысқасы, тура жолды немесе адасуды қалайтын, тілейтін
– біз, ал Алла Тағала сол қалауымызға қарай бізді тура
жолға салып, жүрегімізге
иман нұрын құяды немесе
адастырып, қараңғылыққа салады.