Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


латынын сұрап жатыр. Оларға айт: Оның қашан бола-



Pdf көрінісі
бет102/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

латынын сұрап жатыр. Оларға айт: Оның қашан бола-
тыны жайлы мәлімет тек қана Раббымның жанында 
ғана. Оның уақытын Одан басқа ешкім білдіре ал-
майды. Қиямет көктегіге де, жердегіге де (қиындығы, 
қорқыныштылығы соншалық) ауыр келеді. Қиямет 
сендерге кенеттен келеді. Сен оны білетіндей олар 
сенен (қашан болатынын) сұрастырады. Оларға бы-


170
ИМАНИ ГҮЛ
лай деп айт: Қияметтің уақыты жайлы білім тек қана 
Алланың жанында. Бірақ адамдардың көбісі мұны 
білмейді»
82

Адам баласы үшін қияметтің қашан болатынын білу 
өте маңызды емес. Қияметтің қашан болатынын білсек 
те, білмесек те әрбір адамның өлімі сол адам үшін қиямет 
емес пе? Міне, сондықтан әр адамның қияметі саналатын 
өлімінен кейін басталатын мәңгілік өмірде бақытқа қол 
жеткізуіміз үшін ізгі істер істеп, күнәлардан аулақ болуы-
мыз ләзім.
Алла Тағала өзінің сүйікті құлдары үшін жәннат 
мекенінде мына дүниеде бұрын-соңды көзіміз көрмеген, 
құлағымыз естіп-білмеген, ақылымыз ойлап, елестете 
алмаған мәңгілік сый-сыяпат әзірлеген.
Қиямет немесе ақырзаман көріністері
Ұлы Жаратушының белгілеген уақыты келіп жетіп, 
дүниедегі сынақ мерзімі бітіп тоқтаған мезет. Исрафил 
періште Ұлы иесінің бұйрығын алар-алмас ғажайып сыр-
найын үрлеп кеп жіберуі мұң екен дүниенің астаң-кестеңі 
шығып тас-талқан болды. Еш түгесілместей көрінген
тіпті мәңгілік деп болжалған Күн де бүгінде пәнилікке 
бел бүгіп, мәңгіліктің шынайы Иесін адам баласына 
ұқтырғандай. Ғасырлар бойы әлемді жарыққа бөлеп, жы-
луын толассыз төгіп тұрған күннің де бүгін осылайша 
нұры сөніп, жер мен қоса көптеген әлем қараңғылыққа 
қамалды. Көктегі жымыңдаған сансыз жұлдыздардың 
жарығы сөніп, тас-талқан болған күйде күл боп ша-
шылып үрейге үрей қосты. Жердің қазығы кейпінде 
жаралған биік-биік асқар таулар да көкке көтеріліп ба-
рып, жерге құлап, бір-біріне ұрылып, шаң-тозаңға айна-
82
Ағраф сүресі / 187.


171


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет