234
ИМАНИ ГҮЛ
Айталық, қытайша білмейтін қазақ Қытайға бар-
са, көшеден шыққан қытай тіліндегі дауыстарды естісе
де оны түсіне алмайды. Жергілікті
тілде оқылған азан-
ды да түсінбегендігінен, әлгі мүмін-қазақ намазын
қазаға ұшыратып алуы мүмкін. (Қытайдағы мешіттер
мұнараларымен ерекшеленбейді). Сондай-ақ, Қазақстанға
келген басқа ұлттар да мұсылмандардың өз тілінде
орындап жатқан ғибадаттарынан ештеңе ұқпасы анық.
Олай болса, мұндай жалпы әлемдік діннің өзіндік ортақ
жақтары, ортақ тұстары болуы заңды. Бұл тұста азан мен
қырағаттың орны ерекше екені кімге де болса мәлім.
Бұндай жайттарды күнделікті өмірде де кездестіруге
болады. Айталық, Біріккен
Ұлттар Ұйымында да әрбір
мүше мемлекет өзара белгіленген ортақ тілде ғана
сөйлеседі. Ондайда әрбір мемлекеттің жеке бас пайдасы
көзделмейді.
Мәселенің тағы бір жағы, Құранның қандай да бір
аудармасының ешқашан да түпнұсқаны
толық қамти
алмайтындығында
119
. Құран аяттарының әрбір сөзінің
бірнеше мағынасы бар. Аудармада тек біреуі ғана беріледі.
Тіпті кейде аятта қолданылған әрбір әріптің де өзіндік
бірнеше мағынасы болады. Аудармада осы әріптердің
өзіндік мағынасы мүлдем ескерілмей қалуы мүмкін. Яки
біреуі ғана ескеріледі. Құранда
белгілі бір мағынаны
білдіретін бірнеше синоним сөздердің ішінен сөздің ды-
бысталу жағынан да, мағынаны қамту жағынан да ең
қолайлысы таңдалған. Сондықтан, кейбір сөздің «сөздік
мағынасынан» тыс дыбысталуының өзі баяндалайын деп
тұрған жағдайды білдіріп жатады. Ал мұны аудармада
беру мүлдем мүмкін емес.
Ең бастысы, Құран сөздері оқыған адамды еш уақытта
жалықтырмайды. Ал кез келген
аударманы бірнеше рет
119
Мустафа Зарқа, Фәтәәуа, 106-бет. «Дарул-қалам» баспасы,
Димашқ. 2001 ж.