ИМАНИ ГҮЛ
на кім рұқсат берді. Яғни, әр сәби өзін туған анасының
құшағында өсуге, ақ сүтін емуге құқылы емес пе?
• Құрсақ ана алдын ала берілген қаржыны қанағат
тұтып, өзгесін керек етпей ішіндегі баласын әдейі түсік
қып тастаса ше?
• Ал баланың түр-әлпеті ұнамаса немесе дене бітімін-
де бір ақау кездесе қаласа, тіпті, ешбір себепсіз балаға тап-
сырыс берген ұрық иелері баладан бас тартқан жағдайда
баланың және құрсақ ананың жағдайы қалай болмақ?
• Құрсақ ана өз өмірінде бірнеше жанұяның ұрпағын
туып берсе
224
, кейіннен ол балалары ер жете келе бір-
бірімен үйленіп жатса қалай болады? Яғни, шешелері бір
аға-қарындастар бір-бірімен тұрмыс құрып жатса қалай
болғаны? Олай дейтініміз, құрсақ ана бәрінің бірдей ана-
сы емес пе?
• Құрсақ ана үйленбеген қыз болған жағдайда оның
тұрмысқа шықпастан жүкті болғанын көрген ел не ойлай-
ды? Бұл бәлкім діні бұзылған батыста ерсі болмағанмен,
біз секілді зинаны үлкен күнә санайтын мұсылман
елдерінде өте жиіркенішті қылық.
• Батыста суррогаттық ананың өз күйеуінен жүкті
болып қалу жағдайы да кездесуде. Германияда бір әйел
суррогаттық ана болуға келісім берген. Сөйтіп, жатыры-
224
Мысалы, Ұлыбританияның 38 жасар тұрғыны құрсақ ана - Керол
Хорлок осымен қатарынан сегіз рет өзгелердің баласын босанып,
енді тоғызыншысына аяғы ауыр. Ол - Childlessness overcome
through Surrogacy (ұрпақсыздыққа қарсы бөтен кісілердің
нәрестесін көтеру) ұйымында жұмыс істейтін көп әйелдердің бірі.
Өздігінен сәби көтере алмайтын жанұяларға жалдамалы құрсақ
аналарды іздеу мақсатында 1990 жылы құрылған бұл ұйымға Ке-
рол Хорлок 1994 жылы келген. Ол жыл сайын бір нәресте көтеріп
келеді. АҚШ-та бұл үлкен бизнес көзіне айналған. Заң жүзінде
төлемнің ең жоғарғы мөлшері белгіленбеген. Алайда, Sunday
Times – тың хабарлауынша төлем мөлшері 12 мен 18 мың евро
көлемінде өзгеріп отырады. (бұл мағлұмат Mednovosti.ru сайты-
нан алынды.)
363
Достарыңызбен бөлісу: |