56
ИМАНИ ГҮЛ
тып, оған сол дәмді тату үшін дәм тату қабілетін де берген
– Сол. Ер адамды кім жаратса, оған үйлесімді етіп, бейне
бір минус пен плюс іспетті бір-бірін толықтыратын кейіп-
те әйел затын жаратқан да Сол бір Алла болуы ләзім.
Иә, жалпы ғалам, ондағы әрбір нәрсе бір адамның
денесіндегі ағзалардай бір-бірімен
тығыз байланыста
болып, бір кісідей әрекет етуде. Тіпті олардың біреуінің
ақау келтіруі басқаларға әсер етеді. Ендеше, бұлардың
барлығын жаратқан және басқарып,
бақылап тұрған
құдіретті Жаратушы – біреу.
• Әрі күллі жаратылыстағы ұқсастық бір
Жаратушының құдіретінен шыққандығына дәлел. Мы-
салы, барлық адамдардың, жан-жануардың ағзаларының
ұқсастығы және атомның айналасындағы электрондар
мен Күн жүйесінің ұқсастығы секілді сансыз ұқсастықтар
– бәрінің де жаратушысы бір екендігін білдіреді.
• Әлемдегі теңдессіз де үйлесімді таңғажайып жүйе
олардың Жаратушысының
бір екендігін тайға таңба
басқандай айқын білдіреді. Егер Алладан басқа тәңірлер
болған жағдайда, әлемдегі бұл керемет жүйенің тас-
талқаны шығар еді. Мысалы, бір тәңір Күннің Жерді ай-
налуын қаласа, екінші бірі Жердің Күнді айналуын қалауы
мүмкін. Ал екеуінің де қалауы бір уақытта жүзеге асуы
мүмкін болмағандықтан, мына әлемдегі жүйе, тепе-теңдік
бұзылар еді. Құранда бұл ақиқат былай деп баяндалады:
Достарыңызбен бөлісу: