Исследование работы сердечно-сосудистой системы у студентов в норме и стрессовом состояния является актуальной проблемой в нынешнее время. В последнее время для исследования суточного физиологического состояния сердца



Дата11.07.2016
өлшемі105.85 Kb.
#192471
түріИсследование
ӘОЖ 612.019

Ж.У. Жангазиева*, Н.Т.Аблайханова, М.С. Кулбаева, Г.А. Тусупбекова, А.Ә.Байшанова

әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, , Алматы қ., Қазақстан

Zhangazyeva.zhylduz@mail.ru
Студенттердің жүрек-қан айналу жүйесінің тәуліктік динамикасының ерекшеліктерін зерттеу
Қазіргі кезде студенттердің қалыпты жағдайдағы және стресс факторларының әсерінен кейін туындайтын жүрек - қан айналу жүйесіндегі өзгерістерді бақылау маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Жүректің тәулік бойындағы физиологиялық күйін зерттеуге, ЭКГ тіркеуге арналған Холтер бойынша Microvit MT-101 регистраторы және MT-200 бағдарламалық анализ жүректің физиологиялық функцияларын ұзақ уақыт бойы (мысалы 24 немесе 72 сағат аралығында) тіркеуге мүмкіндік тудырады. Мақалада стрестің ағзаға тигізетін әсерін зерттеу және жыл бойындағы тәуліктік динамикасының биоырғақтылықтарының құрылымдық көрсеткіштерін анықтауға арналған. Соңғы жылдары емтихандық стрестің студенттердің жүрек – қан тамырлар жүйесіне теріс әсері бар екендігі дәлелденген. Студенттердің оқу үрдісіне бейімделуін бағалау арқылы қалыпты жағдайдағы және емтихан мен аралық бақылау кезіндегі болатын стресс факторлардың әсерінен студенттердің жүрек жиырылуының жиілігі көрсеткіштерінің тәуліктік динамикасы анықталды. Зерттеу нәтижелерін талдағанда студенттердің стресс факторлардың әсерінен жүрек-қан айналу жүйесіндегі физиологиялық өзгерістері анықталды.

Түйін сөздер. Жүрек - қан айналу жүйесі, стресс, биоырғақ, жүрек жиырылуының жиілігі, тәуліктік динамика, Холтер бойынша регистратор.

Ж.У. Жангазиева, Н.Т. Аблайханова, М.С. Кулбаева, Г.А. Тусупбекова, А.Ә Байшанова



Изучение особенностей суточной динамики сердечно-сосудистой системы у студентов
Исследование работы сердечно-сосудистой системы у студентов в норме и стрессовом состояния является актуальной проблемой в нынешнее время. В последнее время для исследования суточного физиологического состояния сердца, и регистрации ЭКГ используют Microvit MT-101 регистратор Холтера и MT-200 программный анализ, что дает возможность для регистрации физиологических функций сердца на долгое время (например между интервалами 24 и 72 часа). Проведенная исследовательская работа включает в себя изучение влияния стресса на состояние организма и определение суточной динамики структурных показателей биоритма в течение одного года, оценка адаптаций студентов к учебному процессу по показателям сердечно-сосудистой системы.  В последние годы доказано, что стресс во время экзамена отрицательно влияет на состояние сердечно-сосудистой, нервной и иммунной систем. Выяснено, что во время учебного процесса у студентов в норме и при стрессовом состоянии экзамена, а также во время рубежной контрольной работы показатели ЧСС и биоритмы изменяются. Полученные результаты свидетельствуют, что стрессовые состояния студента во время экзамена и рубежной контрольной работы влияют на сердечно-сосудистую систему студентов.

Ключевые слова: сердечно-сосудистая система, стресс, биоритм, частота сердечных сокращений, суточная динамика, регистратор Холтера.

Zh.U. Zhangazyeva, N. T. Ablayhanova, M.S. Kulbayeva, A.A. Baishanova, G.A.Tusupbekova



The investigation of peculiarities of diurnal dynamics of students cardiovascular system

Research of work of cardiovascular system at students in norm and stressful states is an actual problem in present time. Recently for research of a daily physiological condition of heart, and registration of an electrocardiogram use Microvit MT-101 the registrar Holtera and MT-200 the program analysis that gives the chance for registration of physiological functions of heart for long time (for example between intervals 24 and 72 hours). The carried-out research work includes studying of influence of a stress on a condition of an organism and definition of daily dynamics of structural indicators of a biorhythm within one year, an assessment of adaptations of students to educational process on indicators of cardiovascular system. In recent years it is proved that the stress during examination negatively influences a condition of cardiovascular, nervous and immune systems. It is found out that during educational process at students in norm and at a stressful condition of examination, and also during rubezhny examination indicators of ChSS and biorhythms change. The received results testify that stressful conditions of the student during examination and rubezhny examination influence cardiovascular system of students.



Keywords: Cardiovascular system, stress, biorhythm, heart rate, daily dynamics, Holter recorder.
Ағзадағы басқа да мерзімді өзгерістерді біріктіретін негізгі биологиялық ырғақтылық - тәуліктік ырғақтылық болып табылады. Тәуліктік биоырғақтылықтар өзіндік өзгешелігімен, жалпыға бірдейлігімен, жан-жақтылығымен, жоғарғы орнықтылығымен, тұрақтылығымен, қатаң заңдылығымен ерекшеленеді, ал тәуліктік динамиканың хроноқұрылымдық көрсеткіштері ағзаның физиологиялық жағдайына байланысты обьективті және өз бетінше қызмет атқарады. Жүрек қызметінің ырғақтылығы – кез келген адам сезіне алатын ағза қызметінің мезгілді көріністері болып саналады. Жүрек жиырылуының тәуліктік ырғақтылығының негізіне кардиомиоциттердегі метоболизмдік циклмен байланысты эндогенді жасуша ішілік табиғат тән. Жүрек еті жасушаларының эндогенді ырғақтылығы сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне сәйкес келетін жүректен тыс механизмдермен сәйкестенеді. Қоршаған ортаның стресс факторлары ағзадағы жүйке, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу мен сүйек-бұлшық ет жүйелеріне, артерия қысымына, жалпы зат алмасу процестеріне әсер етіп, кейбір ауытқулардың пайда болуына себепші болады 1-3.

Стресс əртүрлі əсерлерге ағзаның спецификалық емес жауабы болып табылады. Емтихандық стресс студенттерде болатын стресс себептерінің бірегейі. Өте жиі емтихан психикалық тұрғыдан зардап шектіретін фактор болады және ол реактивті күйзелістің басты қосқыш аппараты болуы мүмкін. Соңғы жылдары емтихандық стрестің студенттердің жүйке жүйесіне, жүрек-қан тамыр жүйесіне және иммундық жүйесіне теріс әсері бар екендігі дәлелденді. Ресей авторларының мәліметінде, емтихан кезінде студенттерде және мектеп оқушыларында жүрек - қан тамыр жүйесінің вегетативті реттелуінің бұзылуы, яғни жүрек жиырылуының жиіленуі, артериалдық қысымның көтерілуі, бұлшық еттік және психоэмоционалдық күш түсу деңгейінің көтерілуі тіркелген.4-7

Эмоцианалдық қысым вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық немесе парасимпатикалық бөлімінің белсенуіне, сонымен қатар, вегетативтік гомеостаз бұзылуы және эмоционалдық стреске жүрек - қан тамыр жүйесінің жоғары лабильді жауаптарымен бірге жүретін өтпелі процестердің дамуына әкелуі мүмкін. Емтихан тапсырғаннан кейін физиологиялық көрсеткіштер бірден қалыпты жағдайға келмейді – әдетте артериалды қысым бастапқы көлемге келуі үшін бірнеше күн қажет8-12.


Материалдар мен зерттеу әдістері
Зерттеу нысаны ретінде 19-21 жас аралығындағы 1 және 4 курс студенттері алынды. Зерттеуге алынған студенттер 2 топқа бөлінді, өндірістік практикада жүрген 4 курс студенттері қалыпты жағдайдағы 1-топқа топталды, 2 топқа стресс алған студенттерге емтихан тапсыру кезіндегі 1 курс студенттері алынды.

Оқу үрдісіне бейімделу кезіндегі қан айналу жүйесінің тәуліктік динамикасын зерттеу үшін: екі топтағы студенттердің жүректерінің ЭКГ-ы зерттелді. ЭКГ тіркеуге арналған Холтер бойынша Microvit MT-101 регистраторы және MT-200 бағдарламалық анализ жүректің физиологиялық функцияларын ұзақ уақыт бойы (мысалы 24 немесе 72 сағат аралығында) тіркеуге арналған.

Қалыпты жағдайдағы және стресс факторлары әсерінен кейінгі жүрек - қан айналу жүйесіндегі физиологиялық өзгерістері байқалған студенттердің жүрек жиырылуының жиілігі (ЖЖЖ) көрсеткіштерінің тәуліктік динамикасы анықталды. Алынған мәліметтер статистикалық өңдеуден өтті.
Зерттеу нәтижелері және оларды талдау
Қалыпты жағдайдағы топтың студенттерінен зерттелген көрсеткіштері бойынша, алынған мәліметтерді сараптай түскенде, 24-сағат ішінде жүрек жиырылу жиілігінің келесі қорытындысын шығаруға болады: ЖЖЖ көрсеткішінің минималды мәні – 66 соққы/мин (54-95 соққы/мин аралығында тербеледі) таңертеңгі 6:03 уақытына сай келді, ал максималды мәні - 107 соққы/мин (70-147 соққы/мин аралығында тербеледі) келесі күннің күндізгі 10:03 уақытында байқалды (сурет 1).

Қалыпты жағдайдағы студенттердің жүректің жиырылу жиілігінің тәуліктік спектрінің динамикасында 12.03-тен 0.03 уақыттар аралығында тербелмелі ауытқушылық байқалады, 76-100 соққы /мин аралығында өзгерісі тіркелді, 0.03–тен 8.03 уақыт аралығында ЖЖЖ 81-83 соққы/минут аралығында тербелді. 8.03-11.03 уақыт аралығында 81-107 соққы/мин ЖЖЖ қайта жоғарылағаны көрініп тұр. Алынған мәліметтер бойынша күндізгі уақытта жалпы ағзаның сергек қимыл әрекетінде жүруіне тәуелді, ағзаға қажетті оттегіні жеткізу мақсатында жүректің активті жұмыс көрсетуі байқалады, ал түнгі мезгілдердегі төмен мәндері жалпы ағзаның тыныштық күйге өтуіне тәуелді жүрек қызметінің баяулаған физиологиялық күйі байқалады.

Cтресс факторлары әсерінен кейінгі жүрек - қан айналу жүйесіндегі физиологиялық өзгерістері байқалған студенттердің жүрек жиырылуының жиілігі тәуліктік спектрінің динамикасында ең жоғарғы деңгей күндізгі 20.03 және келесі күннің 10.03 уақыттарында – 111 соққы/мин (72-168 аралығында тербеледі), ал ең төменгі көрсеткіштері түнгі мезгілдің 03.03 уақытында – 56 соққы/мин (48-86 соққы/мин аралығында тербеледі) тең болды (сурет 2).

Cтресс факторлары әсерінен кейінгі жүрек - қан айналу жүйесіндегі физиологиялық өзгерістері байқалған студенттердің жүректің жиырылу жиілігінің тәуліктік спектрінің динамикасында қалыпты жағдайдағы ЖЖЖ тәуліктік спектрінің динамикасынан айтарлықтай басқа көріністі береді.



12:03 – 19:03 уақыттар аралығында тербелмелі ауытқушылық байқалады, 80-104 соққы /мин аралығында өзгерісі тіркелді, себебі емтихан кезінде қобалжушылық, ашуланшақтық, уайымдаушылық, себепсіз қорқыныш сезімдері стрестің туындауына әкеледі. 20:03-01:03 уақыт көрсеткіштерінде емтиханға дайындалу барысында студенттердің ЖЖЖ өзгеріске ұшырады.

Абсцисса бойынша – уақыт, сек; ординат бойынша – жүректің жиырылу жиілігі, соққы/минут
Сурет 1 – Қалыпты жағдайдағы студенттердің жүректің жиырылу жиілігінің тәуліктік спектрінің динамикасы


Абсцисса бойынша – уақыт, сек; ординат бойынша – жүректің жиырылу жиілігі, соққы/минут
Сурет 2 - Cтресс факторлары әсерінен кейінгі жүрек-қан айналу жүйесіндегі физиологиялық өзгерістері байқалған студенттердің жүрек жиырылуының жиілігінің тәуліктік спектрінің динамикасы
02:03-07:03 уақыт аралығында 67-77 соққы /мин ЖЖЖ түнгі мезгілдердегі ағзаның тыныштық күйге өтуіне тәуелді жүрек қызметінің баяулаған физиологиялық күйі байқалады. Келесі күні күндізгі мезгілде 08:03-11:03 уақыттарында емтиханның басталу уақытысына қарай стресс факторы әсерінен студенттердің ЖЖЖ қайта жоғарылағанын көруімізге болады.

Қорыта келгенде, стресс факторлары әсерінен кейінгі жүрек - қан айналу жүйесіндегі физиологиялық өзгерістері байқалған студенттердің кардиореспираторлық жұмысына өз әсерін тигізетіні тәжірибеден алынған мәліметтер көрсетіп, дәлелдейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Ужогов Г.Н. Биортимы. - ростов - на Дону: Фениес, 2000.- б. 23-27.

  2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (Биологиялық жүйелердің мезгілдік құрылымдар бөлімі). Оқулық. – А.: Қазақ университеті, 2006. – Б. 56-61.

  3. Торманов Н., Төлеуханов С. Ағзалардың қызметін реттеу және бейімделу механизмдері. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. - Б. 38-39

  4. Китаев-Смык Л.А. Стресс и психологическая экология //Природа. - М., 2005. - №7. - С. 98-107.

  5. Тулеуханов С.Т., Ефимов М.Л. Хронобиология и хрономедицина. Монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.- С.203 .

  6. Бадмаева Д.Г. Саморегуляция активности личности в стрессовых ситуациях (на примере экзаменнационных стресса): дис. ... канд. психол. наук. - Томск, 2004. – С.157.

  7. Щербатых Ю.В. Саморегуляция вегетативного гомеостаза при эмоциональном стрессе // Физиология человека. - 2000. - Т.26. - №5. - С. 151- 152.

  8. Щербатых Ю.В. Влияние личностных особенностей на величину артериального давления у студентов в норме и в условиях эмоционального стресса // Артериальная гипертензия. - 2000. - №2. - С. 74-76.

  9. Hancock P.A., Szalma J.L. Stress and performance / In Hancock P.A., Szalma J.L. (Eds.), Performance under stress. - Aldershot, UK: Ashgate Publishing. - 2008. - P. 1-18.

  10. Дабровcкий А., Дабровcкий Б., Пиотрович Р. Cуточное мониторирование ЭКГ / пер. польcк. – М.: Медпрактика, 2000. – 208 c.

  11. Орлов, В.Н. Руководcтво по электрографии – М.: ООО «Медицинcкое информационное агентcтво», 2003. –б. 328 .

  12. Лопуга Е.В., Лопуга В.Ф. Валеология: методы и средства снятия стрессов у детей: методическое пособие. – Барнаул: Наука, 2001. – С.156.


References

  1. Uzhogov GN Biortimy. - Rostov - on Don Fenies, 2000.- p 23-27

  2. 2. ST Tөleuhanov. Қalypty physiology (Biologiyalyқ zhүyelerdің mezgіldіk құrylymdar bөlіmі) Oқulyқ // Almaty "Kazakh university." - 2006. - S. 56-61

  3. 3. N.Tormanov., S.Tөleuhanov Aғzalardyң қyzmetіn retteu zhane beyіmdelu mehanizmderі // Oқu құraly. Almaty "Kazakh university." - 2013. - S. 38-39

4.Kytayev-Smyk LA Stress and psychological ecology // Nature. - M., 2005. - №7. - P. 98-107.

5. Tuleuhanov ST, Efimov, ML Chronobiology and chronomedicine. Monograph. - Almaty: Kazakh University, 2000.- 203 p.

6. Badmaeva DG Self-regulation of activity of the person in stressful situations (for example, stress ekzamennatsionnyh): dis. ... Cand. psychol. Sciences. - Tomsk, 2004. - 157 p.

7. Sherbatyh Y. Self-regulation of vegetative homeostasis under emotional stress // Human Physiology. - 2000 (c). - T.26. - №5. - P. 151- 152.

8. Sherbatyh Y. The influence of personality characteristics on the magnitude of blood pressure among students in normal conditions and emotional stress // Hypertension. - 2000. - №2. - S. 74-76.

9. Hancock P.A., Szalma J.L. Stress and performance / In Hancock PA, Szalma JL (Eds.), Performance under stress. - Aldershot, UK: Ashgate Publishing. - 2008. - P. 1-18.

10. Dabrovcky A. Dabrovcky B., R. Piotrowicz Cutochnoe ECG monitoring / per. polck. - M .: Medpraktika, 2000. - 208 c.

11. Orlov, VN Commanding in electron - M .: OOO "Meditsinckoe information agentctvo", 2003. - 328 c.

12. Lopuga EV Lopuga VF Valueology: methods and tools for stress reduction in children: a handbook. - Barnaul: Nauka, 2001. - 156 p.

Авторлар жөнінде мәліметтер

Аблайханова Нұржанат Татухановна – б.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының доценті, тел. 377-36-06, ішкі 12-07, эл.адрес: Ablayhanova.Nurzhaniyat@kaznu.kz

Кулбаева Маржан Cусаровна – б.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының аға оқытушысы, тел. 377-36-06, ішкі 12-07, эл.адрес: Marzhan.Kulbaeva@kaznu.kz

Тусупбекова Гулмира Аблаевна – м.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының аға оқытушысы, тел. 377-36-06, ішкі 12-07, эл.адрес: Marzhan.Kulbaeva@kaznu.kz



Жангазиева Жулдыз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының 2 курс магистранты, тел.87014447335, эл.адрес:

Zhangazyeva.zhylduz@mail.ru

Байшанова Ақмарал- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының 2 курс магистранты, эл.адрес: akmosya91.kz@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет