МЕДИЦИНАЛЫҚ ВАЛЕОЛОГИЯ
38
ақпараттар түріне бейімделуіне байланысты сезім ор-
талықтарыда бес түрлі, қабылдағыштарда бес топ.
Ал адам денесінде қабылдайтын сезім жүйелері жоқ
сыртқы әсерлер организмге зиянын тигізеді, себебі
оларға организм бейімделе алмайды. Мысалы, уль-
тракүлгін сәуле, сәулелі радиация, вибрация және т.б.
Сонымен организм бейімделетін әрбір сыртқы әсер
түріне бейімделу үшін денеде соған тектес (арнаулы
сәйкес) қабылдау сезім жүйесі қалыптасқан.
Жануарлардың және адам организмінің Жер
ғаламшарына тұрақты бейімделуі дененің он екі
жілікке топтасуы арқылы жүзеге асады. Себебі
организм Жер ғаламшарына бейімделеді, ал ол он
екі элементтен құралған. Осыған байланысты қазақ
мал сойғаны оны онекі жілікке топтастырып бөледі.
Топтықтың негізі жілік атымен аталады, ал қалған
дене құрылымдары салмағы теңдей онекі бөлікке
топтастырылады. Жіліктер саны қолда алтау, аяқта
алтау, оң жартыды алтау, сол жартыда алтау болып
топтасады. Қол жіліктеріне жауырын, тоқпан жілік,
кәрі жілік, ал аяқ жіліктеріне жам(н)-бас, ортан жілік
және асықты жілік жатады. Онекі жіліктің ең үлкені
(реттеуші) жамбас болып саналады. Себебі жамбас
қуысы жанды объекттің табиғи міндеті ұрпақ қал-
дыруды жүзеге асыратын, яғни көбеюді қамтамасыз
ететін орын болып табылады. Қазақта он екі жілік-
тен бөлек ерекше орында бас тұрады. Малдың басы
жілікке жатпайды, бірақта қазақта ол ең силы адамды
құрметтейтін белгі болып табылады.
Сонымен организмде аспаннан келетін бес жұп
ақпаратты қабылдайтын бес сезім жүйке орталықта-
ры қалыптасса, ал денені Жер ғаламшарына бей-
імдейтін онекі жілік тобы қалыптасады. Сондықтан
дене бастан және он екі жіліктік топтардан құралады.
Кісіні басқарудың негізін оның жеке рухы құрай-
ды. Кісіге қалған әсерлердің барлығы оған жеке
рухы негізінде әсер етіп, соның таза сақтау деңгейін
қамтамасыз етуге бағытталған. Кісіні басқару жүйесі
үш блоктан: қажетті ақпараттарды қабылдау (реттеу,
регуляция), басқару (орталық) және амалға асыру
(реализация) тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |