Issn 2617-6319(Print) issn 2791-3368 (online) Индекс 10532 «ҚӘӘи хабаршысы»


ВАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В ВОЕННОМ ОБРАЗОВАНИИ



Pdf көрінісі
бет62/73
Дата10.01.2023
өлшемі5.61 Mb.
#468297
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73
Статья на воен журнал

ВАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В ВОЕННОМ ОБРАЗОВАНИИ
ISSN –2617- 6319 ҚӘӘИ ХАБАРШЫСЫ №3 (51), 2022 
68 
алпауыт державалар дәрменсіз болып шығатын мемлекетаралық қақтығысты 
шешуде, кейде айтарлықтай нақты нәтижелерге қол жеткізе алады. 
Қазақстан делдал мемлекет рөлін қалай атқара алатындығына келетін 
болсақ, алдымен еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да 
халықаралық ұйымдардың мүшесі болғандықтан, олардың шеңберінде 
медиация қызметін қарқынды түрде көрсету мүмкіндігіне ие екендігін атап 
өткен абзал. Сонымен қатар, Қазақстан қазіргі әлемде кеңінен таралған 
көпжақты медиацияға қатыса алады және бұл жағдайда Қазақстан корей 
мәселесін шешудегі ресми делдалдардың бірі ретінде әрекет етер еді. Соңғы 
уақытта кең қолданыла бастаған бейресми медиацияны да еліміз үкімет 
бейнесіндегі ресми медиациямен қатар үйлестіре алады. Ең маңыздысы, екі 
мемлекет арасындағы делдал рөлін атқара алатын және атқаруға тиіс 
Қазақстандағы корей диаспорасының әлеуетін тиімді пайдалана білу қажет. 
Қазақстан корейлер қауымдастығы Солтүстік Кореямен қарым-қатынас 
орнатуға нақты қадамдар жасаған болатын, оның басшылығының 
делегациясы 2006 және 2008 жылдары екі рет Пхеньянға барып, жоғары 
деңгейде қабылданды Сондай-ақ, Қазақстан осы бағыттағы түрлі қадамдарды 
әрқашан белсенді түрде қолдайды. Мысалы, жоғарыда аталған Ким Чен Ын 
мен Дональд Трамптың тарихи кездесуін еліміз жоғары деңгейде бағалады. 
ҚР-ның Сыртқы істер министрлігі жариялаған мәтінде «Бұл тұрғыда Астана 
Пхеньянның ядролық қаруды жоюға деген ұмтылысын жоғары бағалайды 
және әлемдегі төртінші ядролық әлеуеттен өз еркімен бас тартып, ең ірі 
ядролық сынақ орындарының бірін жапқан сондай-ақ, жаһандық ядролық 
қаруды таратпау режимін нығайтуға елеулі үлес қосып отырған 
Қазақстанның жолын таңдауға шақырады», - делінген . 
Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы көрнекті рөлі мен 
жасампаз көшбасшылығы 2010, 2012, 2014 және 2016 жылдары өткен 
Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттерде атап өтілді. Еске 
салайық, соңғы жылдары еліміз ядролық қарусыздану және ядролық қаруды 
таратпау мақсаттарын ілгерілетуге бағытталған бірқатар бастамаларды алға 
тартты. Атап айтқанда, ядролық қаруды жаппай көлденең және тік тараптау 
туралы әмбебап шартты, ядролық қаруға жалпыға бірдей және толық тыйым 
салу туралы жаһандық шартты және ядролық қарусыз әлем туралы жалпыға 
бірдей декларацияны әзірлеу ұсынылды.
Сонымен қатар, 2019 жылдың сәуір айында өткен Қазақстан 
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен сол кездегі Оңтүстік Корея 
Президенті Мун Чжэ Иннің кездесуі нәтижесіндегі брифингте мемлекет 
басшымыз Қазақстанның әлемдік ядролық қаруға қарсы қозғалыстағы 
көшбасшылық рөлін атап өтіп Корей түбегін денуклеаризациялау бойынша 
Сеулдің қадамын қолдайтынын айтқан болатын. Президенттің пікірінше, бұл 
мәселе әлем бойынша қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды 
қамтамасыз ету үшін өте маңызды. 
Түйіндей келе, алғашында бөлінуге деген ешқандай алғышарттары 
болмаған бүтін бір халықтың бүгінде екі түрлі мемлекетті білдіріп отырған 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет