Issn 305-9397. Ғылым және білім. 2022. №1-1 (66) issn 2305-9397


Ауыл шаруашылығы ғылымдары



Pdf көрінісі
бет157/338
Дата03.10.2022
өлшемі7.12 Mb.
#461821
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   338
Журнал Наука и образование №3-3(68) 2022

______ ____________Ауыл шаруашылығы ғылымдары 
 
132 
мысалы, 5-беру режимінде ағып шыққан су мӛлшері 0,079 л/с болса, 13–15°С кезінде 0,033 л/с 
қҧрады.
2. Тығыздығы немесе тҧтқырлығы жоғары сҧйықтықтарда беттік керілу әсері жоғары 
болады. Бҧл КАС-32 және суды қолданып жҥргізілген эксперимент нәтижелерінен байқалды. 
Беру қысым бірдей болғанда (7, 8-режимдер) сумен алынған сҧйық ҥлдір жиегінің бҧрышы
72–82° болса, КАС-32-ні қолданғанда ол 65° аспады. Сонымен қатар бҧл жағдайды 3-кестедегі 
деректерден байқауға болады. Тығыздығы жоғары сҧйықтықтарда жҥйедегі қысым, қҧлау 
бҧрышы артады. 
3. Сҧйықтық шектесетін газдың қасиеттері. Жоғарыда айтылғандай ашық ауадағы және 
терең топырақ қабаты асты кеңістігіндегі газды ортаның айырмашылығы беттік керілуге әсер 
етеді. Бҧл алдағы тәжрибелерде қарастырылады.
Ең маңызды мәселенің бірі әзірге зерттеліп жатқан пышақ нҧсқасында СМТ беру 
мӛлшерін (дозаны) реттеу мҥмкіндігі жоқ. Беру мӛлшерін реттеуде қолданылуы мҥмкін 
шамалар агрегаттың жылдамдығы, беру жылдамдығы және беру тесігінің ауданы болуы 
мҥмкін. Мысалы 100 л/га мӛлшермен енгізу ҥшін агрегаттың 5–12 км/сағ жылдамдығы 
арасында шығу жылдамдығын шамамен 0,1–0,3 м/с дейін, ал 400 л/га мӛлшерді алу ҥшін 
агрегаттың 5–12 км/сағ жылдамдығы арасында сҧйықтықтың шығу жылдамдығын шамамен 
0,5–1,15 м/с дейін баптау қажет болады. Жалпы 100–400 л/га беру мӛлшері ҥшін агрегат 
жылдамдығы 8 км/сағ, алымы 7 м болғанда саңылаудан шығу жылдамдығы 0,2–0,7 м/с 
шамасында болуы тиіс. Мҧны қанағаттандыру ҥшін беру жылдамдығы сәйкесінше 0,22–1 м/с 
аралығында бапталуы тиіс. Агрегаттың жылдамдығы 5–12 км/сағ болғанда беру 
жылдамдығының жалпы бапталу шегі 0,14–1,4 м/с. Дегенмен беру жылдамдығы аса 
тӛмендегенде кӛлемі 1800 мм
3
болған беру арнасына сҧйық толмауы мҥмкін. Сондықтан беру 
мӛлшерін реттеу мҥмкіндігіне беру арнасының кӛлемін, немесе беру тесігінің ауданын 
(диаметрін) кішірейту немесе пышақ қуысының геометриясын одан әрі жетілдіру арқылы қол 
жеткізуге болады. Беру диаметрі 4 мм болғанда екі арна кӛлемдерінің арақатынасы 6 болса, 
диаметр 3 мм болғанда ол 3-ке, ал диаметр 2 мм болғанда 1,5-ке тең болады. Дегенмен бҧл 
қатынас 3-тен кем болмағаны дҧрыс. 
Қорытынды. Беру арнасы цилиндр, ал шығу арнасының пішіні тіктӛртбҧрыш болған 
пышақ ҥшін анықталған оңтайлы қҧрылымдық параметрлері келесідей болды: d = 4 мм,
L = 20 мм, h = 0,1, w = 150. Тәжірибе кезінде осы қҧрылымдық параметрлер негізінде жасалған 
пышақтан беру жылдамдығы V
i
= 5–7 м/с болғанда ғана сҧйық ҥлдір қалыптасты. Бҧл жағдайда 
СМТ шығыны ӛте жоғары болады.  
Сҧйықтық ӛтетін саңылауды қалыптастыратын h = 0,1 (±0,01) мм биіктік w = 100 мм 
ҥшін де, w = 150 мм ҥшін де, сонымен қатар су және тығыздығы 1312 кг/м
3
тыңайтқыш ҥшін де 
жарамды болды. 
Ҥлдірдің қалыптасуына қҧрылымдық параметрлерден басқа сҧйық тығыздығы, ортаның 
температурасы және сҧйықтың беттік керілу қасиеті әсер етеді. Сҧйықтың беттік керілу әсерін 
тӛмендету ҥшін шығу арнасы айналу осі Z болғанда кӛлденең жазықтыққа қатысты кӛлбеу 
орналасқан геометрияны қолдану тиімді болуы мҥмкін. 
Ҧсынылған пышақ қуысы геометриясы бойынша СМТ беру мӛлшерін реттеу мҥмкіндігі 
жоқ. Беру мӛлшерін реттеуде агрегаттың жылдамдығы, беру жылдамдығы және беру 
арнасының кӛлемі сияқты шамалар қолданылуы мҥмкін. Сондықтан беру арнасының 
геометриясы және беру тесігінің оңтайлы диаметрі алдағы ізденіс жҧмыстарының нысаны 
болап табылады. 
Бҧл зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым 
комитеті қаржыландырады (№AP14869093 грант). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   338




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет