______ ____________________Техникалық ғылымдар
198
стандартты қате – координаталар ҥшін ±0,8 мм, биіктіктер ҥшін ±1,3 мм болды. Осы нәтижелер
3-ші циклде GPS ӛлшеу кезінде орындалған жҧмыстың жоғары дәлдігін растады. Бҧл алдыңғы
цикл ӛлшемдерімен салыстыру ҥшін осы нәтижелердің пайдалануға мҥмкіндігі бар екендігі
кӛрсетті [16].
2019 жылы алынған GPS нҥктелерінің координаттары кен орнындағы GPS нҥктелерінің
кӛлденең және тік қозғалыстарының векторларын есептеуге мҥмкіндік берді. Ӛз кезегінде, бҧл
жҧмыстар GPS нҥктелерінің жыл бойы орын алған тік және кӛлденең қозғалыстарының аудан
бойынша таралымын қҧрастыруға мҥмкіндік берді (сурет 2).
Сурет 2 – GPS пункттері қозғалыстарының вертикальді және горизонтальді компоненттерінің
алаң бойынша таралу схемалары
а) GPS (контурлар) нҥктелері қозғалыстарының вертикальді қҧрауышысының алаң бойынша
таралу схемасы (изолиниялар); б) қайталама GPS-ӛлшеулер (2012-2019 жж.) деректері бойынша
кен орны аумағындағы GPS-пункттер қозғалысының вертикальді және горизонтальді
компонентінің алаңдық таралуының салыстыру әдісі
Осы қозғалыстардың ерекшеліктерін талдау келесі алдын-ала қорытындыларды жасауға
мҥмкіндік береді:
- Кен орнының барлық дерлік ауданы GPS нҥктелерінің вертикальді қозғалыстарының
теріс мәндерге ие болуымен сипатталады. Алаңдағы GPS нҥктелерінің вертикальді жылжуы
орташа есеппен - 2,0 мм қҧрады.
Бҧл шама ӛлшеу қателігі аясында болып отыр. Бір жылдағы
вертикальді қозғалыстардың максималды теріс мәні -4,3 мм жетеді (сурет 2а) және ӛлшеу
қателіктерінен жоғары болып отыр.
- GPS-пен ӛлшеу жҧмыстарының бірінші және екінші сатыларын салыстыру нәтижелері
кен орнының орталық және оңтҥстік-шығыс бӛліктерінде жер бетінің тӛмен тҥсуі орын алғаны
кӛрініп отыр. Осыған байланысты GPS-пен қайта ӛлшеу нәтижелері тиісті мәліметтермен
сапалы тҥрде сәйкес келеді, бҧлда ӛз кезегінде жер бетінің шӛгуі бар екендігін кӛрсетіп отыр.
- GPS нҥктелерінің кӛлденең қозғалыстарының аудандық кӛрінісі олардың негізгі
бағыты кен орнынан оңтҥстік-шығысқа қарай бағытталуымен сипатталады (сурет 2б).
Горизонтальді ығысудың орташа мәні -3,2 мм. GPS нҥктелерінің максималды кӛлденең
қозғалысы 4,9 мм-ге жетеді (GPS-2). Қозғалыстың мҧндай мӛлшері ӛлшеу қателіктерінен
жоғары болғандықтан, оны айтарлықтай деп санау керек.
- GPS нҥктелерінің вертикальді және горизонтальді ығысу модельдері арасындағы
байланысқа назар аудару керек. Себебі ол байланыстан кӛріп отырғанымыздай кӛлденең
қозғалыс векторлары жер бетінің шӛгуінің жоғарылауына бейім екендігі кӛрінеді. Егер осы
жағдай орын алған болса (оны келесі ӛлшеу циклы ашуы мҥмкін), онда кӛлденең ығысулардың
шӛгу депрессиясына бағытталған табиғи тенденциясын кҥтуге болады. Бҧл ҥрдіс Қазақстан
Республикасындағы бірқатар кен орындарында анық белгіленген.
Теориялық зерттеулер. Зерттеу жҧмыстары кезінде сонымен қатар, жер бетіндегі
шӛгінділердің теориялық есептері жҥргізілді. Жер бетінің шӛгуін (ЖБШ) дҧрыс болжау және
мҧнай мен газ ӛндіруден болатын зиянды әсерлердің алдын алу бойынша тиісті шаралар
қабылдау ҥшін тік ЖБШ-нің жалпы шамасының техногендік қҧрамдас бӛлігін білу қажет,
әйтпесе бҧл шӛгінділердің алдын алу шаралары негізсіз материалдық шығындарға алып келеді
және тиімсіз болады.
|