Кіріспе.
Климаттың ӛзгеруі және адам әрекеті 1980 жылдардан бері Орталық Азиядағы
шалғындық-жайылымдықтардың ӛнімділігіне елеулі әсер етті. Сонымен бірге адам әрекеті
Кеңес Одағының ыдырауына байланысты қысқа мерзімде Қазақстанда шалғындық-
жайылымдықтардың ӛнімділігін қалпына келтіруге ықпал етті, бірақ ҧзақ мерзімді
перспективада оны нашарлатты. Шалғындық-жайылымдық жерлердің ӛнімділігінің ӛзгеруін
бақылау ҥшін жауын-шашын негізгі климаттық фактор, ал малдың жайылуы негізгі адами
фактор болып табылады
[1].
Қҧрғақшылық жаһандық жердегі экожҥйелердің, әсіресе
шалғындық-жайылымдық жерлерінің ӛсімдіктерінің ӛсуіне ҥлкен әсер етеді
[2].
Адам
әрекетінің кҥшеюі және климаттың ӛзгеруі жағдайында жайылымдардың ауқымды тозуы
экологиялық қауіпсіздікке қауіп тӛндірді және бірқатар экологиялық проблемаларды туғызды
[3].
Шӛптік алқаптардың биоәртҥрлілігіне және экожҥйенің қызметіне ең маңызды қауіп-
қатерлер тіршілік ету ортасының тозуы, соның ішінде егістік алқаптарға айналуы, ластану,
қаланың дамуы, жеткіліксіз және шамадан тыс мал жаюы болып табылады
[4].
Қазақстанда жайылымдардың жартысы қазіргі уақытта ауыл шаруашылығына
пайдаланудан шығарылған және олар жер қорына жатқызылған. Оларды жақын арада
пайдалану ел тҧрғындарын ет және ет ӛнімдері азық-тҥліктерімен қамтамасыз етуді
жақсартудың, экспорт кӛлемін арттырудың ҥлкен резерві болып табылады
[5].
Қазіргі уақытта жердің ҥш санатындағы жайылымдық жерлер негізінен пайдаланылады:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (61,4 млн га), елді мекендер (21 млн га) және орман
қоры (3 млн гектарға дейін). Пайдаланылатын 85 миллион гектар жайылымның 27,1 миллион
гектары тапталған және Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 98-бабына сәйкес
қалпына келтіру немесе абаттандыру ҥшін жердің басқа санатына ауыстырылуға тиіс.
Осылайша, қалпына келуге қабілетті 58 миллион гектар жайылым пайдаланылуда. Осы
жайылымдардың орташа ӛнімділігі (тапталған жайылымдарды есептемегенде) 1,6 ц/га мал
азықтық бірлігін қҧрайтынын ескерсек, пайдаланылатын жайылымдық жерлердегі жалпы мал
азығы қоры 9,3 млн. тонна мал азықтық бірлігін қҧрайды. 27,1 млн га жайылымдық жерлердің
тапталуы нәтижесінде мал азығын жоғалту олардың әлеуетті ӛнімділігі 1,6 ц/га мал азықтық
бірлігі 4,3 млн тонна мал азықтық бірлігіне сәйкес келеді
[6].
Қазақстанның солтҥстігінде егістік шабындықтар мен жайылымдарды қоса алғанда,
табиғи мал азықтық алқаптар 38 млн. гектардан астам жерді алады [7]. Соңғы 20-25 жылдың
кӛлемінде жайылымдық алқаптардың ауыспалы жҥйесі дҥрыс сақталмауына байланысты
далалық аймақтардағы мал азықтық кӛп жылдық шӛптердің мал азықтық қҧндылығы мен
ӛнімділігінің тӛмендеуіне алып келді [8].
Солтҥстік Қазақстан облысында зерттеу нәтижелері
1978 жылдан 2018 жылға дейін топырақ типтеріндегі қарашірік мӛлшері 30 жыл ішінде 1,78%-
дан 30,2%-ға дейін тӛмендегенін кӛрсетті
[9].
Сонымен қатар Оңтҥстік Қазақстанда да 2050 жылға қарай жазық жайылымдардың
ӛнімділігі 10-25%-ға, таулы жайылымдарда 30-40%-ға тӛмендейді деп кҥтілуде. Бҧл малдың
|