ISSN 2305-9397. Ғылым және білім. 2022. № 3-3 (68)____ _
261
Key words: distance learning, proctoring, biometric identification, static identification
methods, dynamic identification methods.
Кіріспе. Заманауи білім беру жҥйесінің қарқынды даму ҥрдістерінің бірі қашықтықтан
оқыту форматын қолдану болып табылады. Алайда, қашықтықтан оқыту форматының оқу
ҥрдістеріне енуі кӛптеген тҥрлі қиындықтарды туғызды, олардың бірі емтихандарды
қашықтықтан бақылауды қамтамасыз ету болып табылады. Бақылау іс-шараларының бірі
емтихан қабылдау кезінде бірінші кезектегі қажеттілік емтихан тапсырушының жеке басын
растау болып табылады. Оқытушының білім алушылардың барлығын бірдей есте сақтауға
мҥмкіндігі болмағандықтан, емтихан тапсырушылардың жеке басын сәйкестендіру мәселесі,
сондай-ақ процесті нормативтік қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.
Осы кезеңде туындаған мәселені прокторинг жҥйесі ҧтымды шешетінін айта кетуге
болады. Жалпы, оны оқу орнының штаттық қызметкерлері болып табылмайтын арнайы
оқытылған адамдардың (прокторлардың) білім алушылардың білімін бақылауды жҥзеге
асыруға негізделген технология ретінде сипаттауға болады. Алайда, бақылаудың мҧндай
тәсілдерінің мҥмкіндіктері шектеулі, ең алдымен ӛткізу қабілеті тӛмен. Сонымен қатар,
пайдаланушының жеке деректерін қорғау туралы мәселе ӛзекті болып табылады.
Мҧндай қиындықтардың шешімі - бақылау шараларын жҥргізу кезінде жеке басын
сәйкестендірудің автоматтандырылуын дамыту. Қазіргі уақытта идентификатор ретінде логин -
пароль ғана емес, сонымен қатар адамның биометриялық сипаттамалары да қолданылады.
Бҥгінгі таңда биометриялық сәйкестендіру тәсілі тиімді болып табылады, ӛйткені ол білім
алушының алдау немесе жалғандықты жҥзеге асыру мҥмкіндігін азайтады. Биометрияның
педагогикалық қолданбалы ресурстарын физиологиялық немесе мінез-қҧлық ерекшеліктеріне
негізделген адамды сәйкестендіру тәсілі ретінде талдаймыз [1].
Достарыңызбен бөлісу: |