Issn 305-9397. Ғылым және білім. 2022. №1-1 (66) issn 2305-9397


Зерттеу материалдары мен әдістері



Pdf көрінісі
бет313/338
Дата03.10.2022
өлшемі7.12 Mb.
#461821
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   338
Журнал Наука и образование №3-3(68) 2022

Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеу қашықтықтан бақылау іс-шараларын 
жҥргізуде қолданылатын білім алушының биометриялық жеке басын сәйкестендірудің әртҥрлі 
тәсілдерін салыстырмалы бағалау арқылы жҥргізілген нәтижелерді прокторинг жҥйесінде 
қолдану ҧтымдылығын анықтауға бағытталған. Зерттеу барысында талдау, салыстырмалы 
талдау, аналитикалық зерттеулер әдістері қолданылды.
Нәтижелер және оларды талдау. Адамның биометриялық сипаттамалары ӛте кӛп, 
сәйкесінше сәйкестендіру тәсілдері де мол. Әр тәсілдің ӛзіндік басымдылықтары мен осал 
тҧстары бар. 
Қазіргі биометриялық сәйкестендіру екі тәсілге негізделген: 
-статикалық тәсіл-адамның ӛмір бойы физикалық параметрлерін таниды: ол туылғаннан 
бастап ӛлімге дейін (саусақ іздері, кӛз қарашығының ерекшелігі, кӛз торының ҥлгісі, 
термограмма, бет геометриясы, қол геометриясы және тіпті генетикалық кодтың ҥзіндісі); 
-динамикалық тәсіл- кез келген кҥнделікті әрекетті орындау кезінде кӛрсетілетін 
пайдаланушының мінез-қҧлқына тән белгілерді, ерекшеліктерді талдайды (қолтаңба, 
пернетақта қолжазбасы, дауыс және тағы басқалар). 
Биометриялық тәсілдердің сан алуандылығына қарамастан іс жҥзінде прокторинг 
жҥйелерінде негізінен екеуі қолданылады: пернетақта қолжазбасы мен бет кескіні арқылы тану 
(екі ӛлшемді немесе ҥш ӛлшемді - 2D немесе 3 D кескіні). Алайда, биометриялық 
сәйкестендірудің кейбір тәсілдері прокторинг жҥйелерінде қолдануда әлеуетке ие. 
Кез келген параметр бойынша сәйкестендіру ҥшін келесі шарттарды орындау қажет: 
- параметрдің әмбебаптығы: әр адамның ӛлшенетін сипаттамасы болуы керек (бірегей 
оқшауланған жағдайларды қоспағанда); 

параметрдің бірегейлігі: сипаттама жеке тҧлғалар арасында жеткілікті 
айырмашылықтарға ие болуы керек; 
- параметрдің тҧрақтылығы: биометриялық сипаттаманың уақыт ӛте келе ӛзгермеуі, 
мысалы, қартаю процесінде. 
Биометриялық сәйкестендіру кезеңі сәйкестендірілетін объектінің деректері мен 
биометриялық эталонды салыстыруға негізделген. Мҧндай салыстыру алдын-ала жазылу және 
биометриялық ақпаратты сақтау арқылы жҥргізіледі. Биометриялық сипаттаманы ӛлшеуге 
арналған сканер және оны алдын-ала тіркелген сипаттамамен салыстыруға мҥмкіндік беретін 
алгоритм автоматтандырылған биометриялық тәсілдің негізгі қҧралдары болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   338




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет