Источник: ис параграф, 06. 05. 2013 11: 56: 56 Қазақстан Республикасының



бет3/3
Дата03.07.2016
өлшемі161 Kb.
#174978
1   2   3
Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)



2. Қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян қызметкердiң уақытша еңбекке қабiлетсiздiгiне байланысты зиянды қоспағанда, оның қайтыс болуына немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты зиянның материалдық көрiнiсiн қамтиды.

Қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi осы Заңға сәйкес тапсырылған құжаттардың негiзiнде айқындалады.

 

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда



19-бап. Зиянның мөлшерiн анықтау тәртібі.

Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерi

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



1. Қызметкердiң қайтыс болуына немесе оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiнiң белгiленуiне байланысты жалақыдан (кiрiстен) айрылуына қатысты зиянның мөлшерi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң талаптарына сәйкес айқындалады.

Қызметкерге бір жылдан аспайтын мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (кiрiсiнен) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемiн сақтандырушы осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес айқындалған мөлшерде дербес жүзеге асырады.

Қызметкердiң бір жыл және одан да көп мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (кiрiсiнен) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемi осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шартына сәйкес қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзiмiне теңдей мерзiм iшiнде қызметкердiң пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде жүзеге асырылады.



Жазатайым оқиға басталған кезде қызметкердiң қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ жазатайым оқиғаның болуы салдарынан оның денсаулығының нашарлау себебi бойынша зиянды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтету құқығы бар адамдардың пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде жүзеге асырылады.

Осы Заңмен көзделген жағдайларда пайда алушылар болып табылатын өзге де тұлғалардың сақтандыру төлемiн алуға құқығы болады.

Аннуитет шарты бойынша аннуитеттiк төлемдер есебiнiң тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

Өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты деп танылған заңды тұлға таратылған жағдайда, зардап шегушi қызметкермен не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адаммен Заңда көзделген тәртiппен аннуитет шарты жасалады.

2. Қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген жағдайда, оның денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi мынадай мөлшерлерде (республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген тиiстi қаржы жылына арналған айлық есептiк көрсеткiштермен) белгiленедi:

1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi 5-тен қоса алғанда 29 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 500;

2) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi 30-дан қоса алғанда 59 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 1000;

3) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi 60-тан қоса алғанда 89 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 1500;

4) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi 90-нан қоса алғанда 100 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 2000.

Сақтандырушы денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемiн жәбірленушi қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленгенiн растайтын құжатты ұсынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде бір мезгiлде жүргiзедi.

Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемi кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн ұзарту (қайта куәландыру) кезiнде жүзеге асырылмайды.

Осы тармақта көзделген жағдайларда зардап шегушi қызметкер сақтандыру төлемiн алушы болып табылады.

3. Зардап шегушi қызметкер қайтыс болған жағдайда,

оны жерлеудi жүзеге асырған тұлғаға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған шығыстарды жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтейдi.

4-тармақ ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi

4. Егер осы бапта көзделген сақтандыру төлемiнiң (сақтандыру төлемдерiнiң) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшерi қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартымен белгiленген сақтандыру сомасының мөлшерiнен асып түскен жағдайда, сақтандырушыға сақтанушының есебiнен айырмасы төленедi.

5. Сақтандыру төлемiн аударуға байланысты шығыстар сақтандырушының есебiнен жүргiзiледi.

 

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылд (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi және 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылды) (бұр.ред.қара)



19-1-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырудың ерекшелiктерi

1. Сақтанушы «жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандырушымен қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, осы сақтандырушы мынадай:

1) қызметкердiң кемiнде бір жыл мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды өтеу;

2) сақтандыру жағдайы басталған кезде қызметкердiң денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырады.

Қызметкерге бір жыл және одан да көп мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi, сондай-ақ қызметкердiң қайтыс болуына байланысты сақтандыру аннуитет шартына сәйкес аннуитеттiк сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемiн жүзеге асырады.

«Жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандырушы осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде аннуитеттiк сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымына осы Заңға сәйкес ақша аударуды жүзеге асырады.

2. Сақтанушы аннуитеттiк сақтандыру сыныбы бойынша «өмiрдi сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемдерiн осы сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырады.

 

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



20-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы талаптары

1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерiн, байланыс телефондарын, банктiк деректемелерiн (қажет болғанда), сақтандыру төлемiн - қолма-қол ақшамен не банктiк шотқа аударым жасау арқылы алу тәртібін көрсетiп, сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажеттi құжаттарды қоса тiркей отырып, жазбаша нысанда қояды.

2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса тiркеледi:

1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiктен айрылу дәрежесiн белгiлеген жағдайда:

сақтандыру шартының көшiрмесi;

жазатайым оқиға туралы акт;

салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн немесе жәбірленушi қызметкердiң жеке сәйкестендiру нөмiрiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң еңбекке қабiлеттiлiктен айрылуды белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;

кәсiптiк аурудың болуын растайтын құжаттың көшiрмесi;

жұмыс берушi куәландырған, жәбірленушi қызметкер жұмыс iстеген, бірақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

2) қызметкер қайтыс болған жағдайда:

сақтандыру шартының көшiрмесi;

жазатайым оқиға туралы акт;

қызметкердiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;

қызметкер қайтыс болған жағдайда пайда алушының зиянды өтетуге құқығын растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;

пайда алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн немесе пайда алушының жеке сәйкестендiру нөмiрiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

жұмыс берушi куәландырған, қайтыс болған қызметкер жұмыс iстеген, бірақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

3) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталған кезде залалды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын, олар болған жағдайда, растайтын құжаттар.

Сақтандырушының сақтанушыдан не пайда алушыдан қосымша басқа құжаттарды талап етуiне жол берiлмейдi.

3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтiнiш берушi табыс еткен құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып, екi данада анықтама жасауға мiндеттi.

Анықтаманың бір данасы өтiнiш берушiге берiледi, өтiнiш берушiнiң оны алғаны туралы белгiсi бар екiншi данасы сақтандырушыда қалады.

Сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға осы баптың 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды табыс етпеген жағдайда, сақтандырушы оларды үш жұмыс күнi iшiнде жетiспейтiн құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi.

4. Зардап шеккен қызметкер (ал ол қайтыс болған жағдайда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар тұлға), сондай-aқ келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде пайда алушыға өтеген және сақтандыру төлемiне құқық алған сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.

5. Сақтандыру төлемi пайда алушының жазбаша ресiмделген өтiнiшi немесе нотариаттық куәландырылған сенімхаты бойынша денсаулығын қалпына келтiру жөнiнде оған қызмет көрсеткен (көрсететiн) тұлғаға тiкелей төленуi мүмкiн.

6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттарды қабылдауын талап етуге құқылы емес.

 

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

21-бап. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздемесi

Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 322-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде сақтандыру төлемдерiнен толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.



 

23-бап. Аннуитет шартын жасасу

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жұмыс беруші осы Заңның 19-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі белгіленген не ұзартылған (қайта куәландырылған) не ол қайтыс болған жағдайда қызметкердің не қызметкердің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғаның пайдасына аннуитет шартын жасасуға міндетті.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Аннуитет шарты осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс еткен күннен бастап, бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалады.

3. Аннуитет шарты зардап шеккен қызметкердiң не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқық алған тұлғалардың Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiлеген мөлшерде және мерзiмдерде кiрiс алуын қамтамасыз ететiн шарттармен жасалады.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы пайда алушыға төленуге жатпайды.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Аннуитет шартына қойылатын талаптар және сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша iстi жүргiзуге арналған шығыстарының жол берiлетiн деңгейi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.



 

24-бап. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландырудың тәртібі



1. Қызметкердiң (қызметкерлердiң) еңбекке қабiлеттiлiгiнен бір күннен артық айрылуына әкеп соқтыратын әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жазатайым оқиға туралы актiмен ресiмделедi.

2. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландыруды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi сақтанушының, сақтандырушының не қызметкердiң өтiнiшi бойынша немесе сот шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзедi. Денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы мен жазатайым оқиға туралы акт куәландырудың негiздемесi болып табылады.



Қызметкердi жазатайым оқиға немесе кәсiптiк ауру салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландырудың, сондай-ақ қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждықты белгiлеудiң тәртібін уәкiлеттi орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша бекiтедi.

Кәсiптiк аурулар тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

 

25-бап. Дауларды шешу



Осы Заңды орындау бойынша қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру субъектiлерi арасында туындаған даулардың бәрi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.

 

26-бап. 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

27-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық



Қазақстан Республикасының қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

 

28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі



Осы Заң 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

 

Н. Назарбаев

 

Астана қ., 2005 жылғы  ақпанның 7-сі.



30-III ҚРЗ

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет