Источник: ис параграф, 06. 05. 2013 14: 52: 14



жүктеу 328.1 Kb.
Дата21.06.2016
өлшемі328.1 Kb.
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 06.05.2013 14:52:14
Жинақтаушы зейнетақы қорларын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 124 Қаулысы

(2012.24.08. берілген өзгерістермен)



 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



 

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жинақтаушы зейнетақы қорларын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 123 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4736 тіркелген, 2007 жылғы 20 шілдеде «Заң газеті» газетінде № 110 (1139) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:



тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау қағидалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:



тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау қағидалары»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін лицензиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы (бұдан әрі - Лицензиялау туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау (бұдан әрі - лицензия) талаптары мен тәртібін белгілейді.»;

1-тарау алып тасталсын;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жинақтаушы зейнетақы қорын лицензиялаудың жалпы талаптары»;

13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:



«13. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) жинақтаушы зейнетақы қорына осы Қағидалардың 6-қосымшасында белгіленген нысан бойынша зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия береді.

14. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорына осы Қағидалардың 7-қосымшасында белгіленген нысан бойынша зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қызметін және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия береді.»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:



«3. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беру тәртібі»;

19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:



«19. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға Лицензиялау туралы заңның 42-бабы 2-тармағының 2), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды:

1) Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия беру туралы өтінішті;

2) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 47-бабының 2-тармағында белгіленген жарғылық капиталдың барынша төмен мөлшерін төлегенін растайтын төлем құжаттарының (төлем тапсырмасы, кассалық кіріс ордері) көшірмесін;

3) жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі туралы ережесін;

4) штат кестесін (жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлерінің тегін, аттарын, бар болса - әкесінің аттарын, атқаратын лауазымдарын көрсете отырып);

5) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 40-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес жаңадан құрылған жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне ұсынылатын тұлғалардың құжаттарын;

6) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын 3 (үш) данада (қағидалардың бір данасы келісілгендігі туралы белгісі бар лицензияны берген кезде қайтарылады);

7) жинақтаушы зейнетақы қорының есеп саясатын;

8) жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдық құрылымын;

9) үй-жайдың, ұйымдық техниканың, телекоммуникациялық жабдықтың бар екендігін растайтын құжаттарды;

10) Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпарат жүйесін құруға және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды.

20. Қағидалардың 19-тармағында атап көрсетілген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың артқы жағында өтініш берушінің мөрімен куәландырылған түрде, ішінара жапсырма қағаздың үстінде тігіс түйінінде желімделіп, тігілген парақтар санын көрсете отырып беріледі. Құжаттардың берілген көшірмелерінің дәйектілігі осындай құжаттарға қол қою құқығы бар өтініш иесі лауазымды тұлғаның қойылған қолымен және өтініш иесі мөрінің бедерімен расталады.

21. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруге негіз болған Қағидалардың 19-тармағының 3), 4), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуін растайтын құжаттардың көшірмесін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ұсынады.»;

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:



«4. Жинақтаушы зейнетақы қорына бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртібі мен талаптары»;

23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:



«23. Жинақтаушы зейнетақы қорына бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алудың талаптары мыналар болып табылады:

1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қоры үшін белгілеген пруденциалдық нормативтерді бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға өтініш берген күннің алдындағы күнтізбелік үш жүйелі айдан кем емес кезеңде сақтауы;

2) уәкілетті органның және Комитеттің жинақтаушы зейнетақы қорына бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензияны алуға өтініш берген күннің алдындағы үш жүйелі айдан кем емес кезеңде қолданылған санкцияларының болмауы.

24. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті органның лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры үшін бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің қосымша түрін жүзеге асыру үшін лицензияны алу талаптары мыналар болып табылады:

1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қоры үшін белгілеген пруденциалдық нормативтерді бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға өтініш берген күннің алдындағы күнтізбелік үш жүйелі айдан кем емес кезеңде сақтауы;

2) уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін белгілеген пруденциалдық нормативтерді лицензия беру туралы өтініш берген күн алдындағы үш жүйелі күнтізбелік айдан кем емес кезеңде сақтауы және бағалы қағаздар нарығында қосымша қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін өтініш берген күн алдындағы үш жүйелі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты санкцияның болмауы.»;

26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:



«26. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға Лицензиялау туралы заңның 42-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген құжатты, сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті;

2) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың (осындайлар болған жағдайда) тізімін және сондай филиалдар туралы ережелердің нотариатта куәландырылған көшірмелерін;

3) құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 124 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7640 тіркелген) бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру қағидаларының 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (акционерлері) туралы мәліметтер;

4) қызметкерлердің тегі, аты және бар болса - әкесінің аты, олардың атқаратын лауазымы көрсетіле отырып, штат кестесінің көшірмесін;

5) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережені;

6) ішкі аудит қызметі туралы ережені;

7) құрамы туралы мәліметтерді (зейнетақы активтерін басқару қызметін жүзеге асыруға лицензия алуға үміттенетін жинақтаушы зейнетақы қорына) қоса бере отырып, инвестициялық комитет туралы ережені;

8) жинақтаушы зейнетақы қорында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың бар болғандығын растайтын мына құжаттардың көшірмесі:

жабдықтарды жеткізуге шарттың;

жабдықты қабылдау-өткізу актісінің;

лицензиялардың санын көрсетіп, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге және (немесе) жеткізуге шарттың;

бағдарламалық қамтамасыз етуді қабылдау-өткізу актісінің;

қорғау мен қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша құжаттардың (ақпаратты резервтеу тәртібін сипаттау, деректерге қол жеткізуді бөлу механизмін сипаттау, қайта қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау механизмі).

Жинақтаушы зейнетақы қоры бағдарламалық өнімді дербес әзірлеген не өтініш берушіге бағдарламалық өнімді басқа тұлға ақысыз берген жағдайда, осы тармақтың екінші-бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар берілмейді.

Берілген құжаттарда, сондай-ақ мына ақпарат көрсетіледі: қолданылып жүрген бағдарламалық қамтамасыз етудің (серверлік операциялық жүйелер, деректер базасын басқару жүйелері), нұсқаның атауы, лицензия бар болғандығы туралы мәліметтер.

Құжаттардың көшірмелері жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысының қолымен және жинақтаушы зейнетақы қоры мөрінің бедерімен расталады;

9) жинақтаушы зейнетақы қорының бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу мақсатын, қызметтің негізгі бағыттарын және өтініш беруші бағдарға алған нарық сегментін, қызмет көрсету түрлерін, маркетинг жоспарын, жинақтаушы зейнетақы қорының кәсіби қызметімен байланысты тәуекелдер мен оларды азайту тәсілдерін, қаржылық перспективаларын (болжам балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылға кірістер мен шығыстардың есебі), еңбек ресурстарын тарту жоспарын ашатын бизнес-жоспарды.

27. Жинақтаушы зейнетақы қоры Қағидалардың 23-26-тармақтарында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тартады.»;

5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:



«5. Зейнетақы жарналарын тарту мен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қызметін және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не тоқтату»;

29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:



«29. Уәкілетті орган лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешімді орындау үшін жинақтаушы зейнетақы қорына жібереді.»;

6-тарау алып тасталсын;

6-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жинақтаушы зейнетақы қорларының

зейнетақы жарналарын тарту және

зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен

бағалы қағаздар нарығындағы қызметті

жүзеге асыру жөніндегі қызметін

лицензиялау қағидаларына

6-қосымша

Нысан»;

7-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:



«Жинақтаушы зейнетақы қорларының

зейнетақы жарналарын тарту және

зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен

бағалы қағаздар нарығындағы қызметті

жүзеге асыру жөніндегі қызметін

лицензиялау қағидаларына

7-қосымша

Нысан»;

8-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:



«Жинақтаушы зейнетақы қорларының

зейнетақы жарналарын тарту және

зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен

бағалы қағаздар нарығындағы қызметті

жүзеге асыру жөніндегі қызметін

лицензиялау қағидаларына

8-қосымша

Нысан»;

9-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:



«Жинақтаушы зейнетақы қорларының

зейнетақы жарналарын тарту және

зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен

бағалы қағаздар нарығындағы қызметті

жүзеге асыру жөніндегі қызметін

лицензиялау қағидаларына

9-қосымша

Нысан»;

10-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:



«Жинақтаушы зейнетақы қорларының

зейнетақы жарналарын тарту және

зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен

бағалы қағаздар нарығындағы қызметті

жүзеге асыру жөніндегі қызметін

лицензиялау қағидаларына

10-қосымша

Нысан».

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ұлттық Банк Төрағасы

Г. Марченко

 

Қазақстан Республикасы



Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 26 наурыздағы

124 қаулысына қосымша



 

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



Жинақтаушы зейнетақы қорларын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру

қағидалары

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Осы Жинақтаушы зейнетақы қорларын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) сәйкес әзірленген және жинақтаушы зейнетақы қорларын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру тәртібін айқындайды.



1. Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат алу үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) мынадай құжаттарды тапсырады:

1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға арналған өтінішті;



2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құрылтай құжаттарды төрт данада (түпнұсқа және нотариатта куәландырылған үш көшірме);

3) Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жасалған құрылтайшылар (заңды және жеке тұлғалар) туралы мәліметтерді, оған мынадай құжаттарды қоса береді (заңды тұлға - құрылтайшылар үшін):



аудиторлық ұйым растаған соңғы екі аяқталған қаржы жылының шоғырландырылғанды қоса алғандағы, қаржылық есептілігін, сондай-ақ уәкілетті органға өтініш берген күннің алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы қаржылық есептілігін;

құрылтайшының бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдер жүйесінен уәкілетті органға рұқсат алуға құжаттарды берген күннің алдындағы күні оның дауыс беретін акцияларының 5 (бес) және одан астам пайызына ие болған тұлғалар көрсетілген үзінді-көшірмесін;

құрылтайшыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесін;

құрылтай құжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмелерін;

4) жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы құрылтай жиналысы хаттамасының (жалғыз құрылтайшының шешімінің) көшірмесін;

5) оған Қазақстан Республикасының резиденті жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын иемденуге берілген рұқсатын растайтын өз мемлекетінің тиісті қадағалау органы құжатын не тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат талап етілмейтіні жөнінде өтінішті.

Шетел мемлекеттік органы берген Қазақстан Республикасының резиденті емес құрылтайшының құжаттары заңдастырылуға тиіс;

6) қызметінің стратегиясын, қызметінің бағыты мен ауқымын, қаржы перспективаларын (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстар шоты, маркетинг жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары) ашып көрсететін жинақтаушы зейнетақы қордың бизнес-жоспарын;

7) құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген жеке тұлға - құрылтайшыда және (немесе) атқарушы органның не заңды тұлға - құрылтайшының басқару органының бірінші басшысында өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқтығын растайтын құжатты (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан астам еместі құрайды).

Атқарушы органның бірінші басшысының, оның орынбасарының немесе заңды тұлға - құрылтайшының басқару органының бірінші басшысының лауазымындағы шетел азаматтары тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ тұлғалар), шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) үшін олардың азаматы болып табылатын елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - олардың тұрақты тұратын елінің) мемлекеттік органы берген тиісті құжатты қосымша береді;

8) акциялар иемденуге пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипаттамасын қоса, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын иемдену талаптары мен тәртібі туралы мәліметтерді;

9) өтініш берушінің құрылтайшылар атынан өтініш беру өкілеттігін растайтын құжаттардың нотариатта куәландырылған құжатты.

Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабының 1-тармағына сәйкес оның халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген ең төмен талап етілетін рейтингі бар болуы туралы мәліметтерді қосымша ұсынады.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгілеріне келетін тұлға осы қордың ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін Қағидалардың 1-тармағында аталған құжаттармен бірге бір уақытта Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.

3. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5. Жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарының барлық даналарының титулдық парағының жоғарғы оң жақ бұрышында мынадай тұжырым болады: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті рұқсат еткен. Төраға (Төрағаның орынбасары) 20___ жылғы _______________.

Осы құжаттар уәкілетті органның мөрімен бекітіледі. Құжаттардың бір данасы жинақтаушы зейнетақы қорының заң ісіне тігіледі. Қалған даналар өтініш берушіге әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өту үшін қайтарылады.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Жинақтаушы зейнетақы қорларын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



7. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорларын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге берілген рұқсатты мынадай жағдайларда:

1) рұқсат беруге негіз болған мәліметтер дәйексіз болғаны анықталғанда;

2) жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде тіркелген заңды тұлға зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алғанға дейінгі кезеңде зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асырғанда;

3) уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорларын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат берген күннен бастап алты ай өткенде қайтарып алады.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



8. Жинақтаушы зейнетақы қорын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша:

1) Қағидалардың 1, 2-тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда;

2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегенде;

3) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-бабы бұзылғанда;

4) жинақтаушы зейнетақы қорының атауы Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 38-бабының талаптарына сәйкес келмегенде;

5) жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беруден бас тартқанда;

6) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабының талаптарын сақтамағанда;

7) ұсынылған құжаттардың жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталын қалыптастыру мөлшері, тәртібі Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 47-бабының талаптарына сәйкес келмейтіндігі расталғанда;



8) жеке тұлға - құрылтайшыда не заңды тұлға - құрылтайшының атқарушы органы не басқару органының бірінші басшысында:

өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар болғанда;

қаржы нарығы мен және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейінгі бір жылдан астам емес кезеңде қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері лауазымында болғанда жүргізіледі. Аталған талап қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойына қолданылады;

9) соңғы 2 (екі) аяқталған қаржы жылында жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшысының (заңды тұлғаның) қызметі шығынды болғанда жүргізіледі.

9. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуге рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган соңғы сұратқан қосымша ақпарат немесе құжатты ұсынған күннен бастап үш ай ішінде, бірақ өтінішті қабылдаған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзім ішінде қарайды.

10. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



Жинақтаушы зейнетақы

қорларын әділет органдарында

мемлекеттік тіркеуге рұқсат

беру қағидаларына

1-қосымша

 

 

Нысан

 

Жинақтаушы зейнетақы қорын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру туралы

өтініш

 

__________________________________________________________________________________________________________________

(өтініш берушінің тегі, аты, бар болса - әкесінің аты және

__________________________________________________________________________________________________________________

құрылтайшылар атынан осы өтінішті беруге өтініш берушінің

__________________________________________________________________________________________________________________

өкілеттілігін растайтын нотариатта куәландырылған құжатқа сілтеме)

__________________________________________________________________________________________________________________

(өтініш берушінің жұмыс орны және оның лауазымы, тұрғылықты жері)

жинақтаушы зейнетақы қорын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру туралы өтініш беруге құқығы бар уәкілетті тұлға құрылтай жиналысының____ жылғы «__»__________ №____ шешіміне (хаттамасына) сәйкес

__________________________________________________________________________________________________________________

(құрылатын жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы және орналасқан жері)

әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беруді сұрайды.

Құрылтайшылар өтінішке қоса берілген құжаттардың дәйектілігіне, сондай-ақ уәкілетті орган осы өтінішті қарауға байланысты сұратқан ақпаратты уақтылы ұсынуға толық жауап береді.

Қосымша (жіберілетін құжаттар атауының тізбесін, даналардың санын және әр қайсысының парақтар санын көрсету):

__________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________

(құрылтайшылар атынан өтініш беруге уәкілетті тұлғаның қолы, күні)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



Жинақтаушы зейнетақы

қорларын әділет органдарында

мемлекеттік тіркеуге рұқсат

беру қағидаларына

2-қосымша

 

 

Нысан

 

Фото

(3 х 4 сантиметр)

 

Жеке тұлға - құрылтайшы туралы мәліметтер

____________________________________________________________________

(құрылатын жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)

 

1. Құрылтайшы

___________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________

(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

2. Туған күні және жері

__________________________________________________________________________________________________________________

3. Азаматтығы

__________________________________________________________________________________________________________________

4. Жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері

__________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________

5. Заңды мекенжайы және (немесе) тұрғылықты жері, телефон нөмірі (қаланың коды, жұмысы мен үйінің)

__________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________

6. Барлық еңбек қызметінде атқарған (атқарып отырған) лауазымдары туралы мәліметтер (заңды тұлғаның толық атауы және заңды тұлға жүзеге асыратын қызмет түрлерін көрсете отырып)

__________________________________________________________________________________________________________________

7. Білімі___________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________

(оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)

8. Жеке тұлға - құрылтайшы ірі акционер болып табылатын немесе тікелей және (немесе) жанама жарғылық капиталына қатысу үлесінің 10 (он) немесе одан да көп пайызын иеленген ұйым:

1) ұйымның атауы және орналасқан жері:

__________________________________________________________________________________________________________________

2) ұйым қызметінің түрі

__________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________

3) осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі

__________________________________________________________________________________________________________________

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Құрылтайшы - жеке тұлға қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және (немесе) оның орынбасары, бас бухгалтері болды ма.

 

__________________________

 (қолы)

__________________________

 (күні)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



Жинақтаушы зейнетақы

қорларын әділет органдарында

мемлекеттік тіркеуге рұқсат

беру қағидаларына

3-қосымша

 

 

Нысан

 

Заңды тұлға - құрылтайшы (акционер) туралы мәліметтер

__________________________________________________________________

(құрылатын жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)

 

1. Құрылтайшы

__________________________________________________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы)

2. Почта мекенжайы және (немесе) орналасқан жері

__________________________________________________________________________________________________________________

(почта индексі, қаласы, көшесі, байланыс телефоны)

3. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі деректер

__________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________

(құжаттың атауы, нөмірі, күні, кім берген)

4. Қызметінің түрі

__________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________

(негізгі қызмет түрлерін көрсету)

5. Қазақстан Республикасының резиденті, Қазақстан Республикасының резиденті емес болуы (қажеттісінің астын сызу)

6. Заңды тұлға - құрылтайшының басшысы

__________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________

(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, туған күні).

7. Соңғы күнтізбелік үш жылда заңды тұлға - құрылтайшыда ірі қаржы проблемалары, оның ішінде банкротқа ұшырау, берешекті оңалту, консервациялау, сауықтыру, қайта құрылымдау болды ма:

__________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________

(олардың туындау себептері)

__________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________

(бұл проблемаларды шешу қорытындылары).

8. Заңды тұлға - құрылтайшы акцияларының немесе жарғылық капиталына қатысу үлесінің тікелей және (немесе) жанама он немесе одан да көп пайызын иеленген ұйым:

1) ұйымның атауы және орналасқан жері:

__________________________________________________________________________________________________________________

2) ұйым қызметінің түрі

__________________________________________________________________________________________________________________

3) осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі

__________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және (немесе) оның орынбасары, бас бухгалтері болды ма.

_________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________

10. Заңды тұлға - құрылтайшының үлестес тұлғалары туралы мәліметтер

__________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________

 

___________________________________

 (қолы)

___________________________________

 (күні)

___________________________________

 (мөрі)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 4-қосымша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



Жинақтаушы зейнетақы

қорларын әділет органдарында

мемлекеттік тіркеуге рұқсат

беру қағидаларына

4-қосымша

 

 

Нысан

 

 

(Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланкісінде басылады)

_________________________ рұқсат

 

Осы рұқсат

___________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________

(жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)

жинақтаушы зейнетақы қорын мемлекеттік тіркеуге берілді.

Жинақтаушы зейнетақы қорын мемлекеттік тіркеуге берілген рұқсат әділет органдарына құрылтай құжаттарымен бірге берілуі тиіс.

Жинақтаушы зейнетақы қорын мемлекеттік тіркеуге рұқсаттың берілген күннен бастап алты ай бойына заңды күші бар.

 

Уәкілетті органның басшысы (басшының орынбасары)

__________________ 20___ жылғы «_____» ______________

 

Мөрдің орны

 

 

 


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет