Источник: ис параграф, 09. 01. 2013 17: 37: 22 Қазақстан Республикасының


-бап. Қаржылық есептілік элементтерін бағалау және есепке алу



бет2/3
Дата25.02.2016
өлшемі402 Kb.
#24835
1   2   3
14-бап. Қаржылық есептілік элементтерін бағалау және есепке алу

1. Қаржылық есептілік элементтерін бағалау - аталған элементтер бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте танылатын және тіркелетін ақша сомаларын анықтау. Бағалауды қолдану әдістері мен тәртібі халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.

2. Қаржылық есептілік элементтерін есепке алу әдістері және тану тәртібі халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.

 

15-бап. Қаржылық есептілік



1. Қаржылық есептілік дара кәсіпкердің немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты білдіреді.

2. Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда, қаржылық есептілік мыналарды қамтиды:



1) бухгалтерлік баланс;

2) пайда мен зияндар туралы есеп;

3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

5) түсіндірме жазба.

Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің көлемі, оны жасау нысандары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.

4. Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы және бас бухгалтері, дара кәсіпкер қол қояды.



Бухгалтерлік есебін бухгалтерлік ұйым немесе кәсіби бухгалтер жүргізетін ұйымның қаржылық есептілігіне ұйымның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлік ұйымның басшысы немесе кәсіби бухгалтер қол қояды.

 

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



16-бап. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары

Қаржылық есептілікті жасауды ұйымдар Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары комитеті Қорының оларды ресми аударуға және (немесе) Қазақстан Республикасында жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым қазақ және орыс тілдерінде жариялаған халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырады.

 

17-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептілік



Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйымның қызметі жөніндегі қаржылық есептіліктен басқа Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауға және ұсынуға міндетті.

 

18-бап. Есепті кезең



1. Жылдық қаржылық есептілік үшін есепті кезең 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса күнтізбелік жыл болып табылады.

2. Жаңадан құрылған ұйым үшін бірінші есепті жыл ол мемлекеттік тіркеуден өткен кезден басталып сол жылдың 31 желтоқсанын қоса қамтиды.

 

2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.редқара)



19-бап. Қаржылық есептілікті табыс ету

1. Ұйымдар:

1) құрылтай құжаттарына сәйкес құрылтайшыларға (қатысушыларға);

2) мемлекеттік тіркеу орны бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыреттеріне сәйкес қаржылық есептілікті ұсынады.

2. Қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіліп ұсынылады.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Ұйымдар (қаржы ұйымдарынан, микроқаржы ұйымдарынан, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларынан және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компанияларынан басқа) жылдық қаржылық есептерін есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 30 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етеді.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-1-тармақ өзгертілді

3-1. Қаржы ұйымдары, микроқаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниялары және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компаниялары жылдық қаржылық есептерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде табыс етеді.

4. 18-бапта көрсетілген мерзім шегінде құрылтайшылар (қатысушылар) аралық қаржылық есептілікті ұсыну мерзімін айқындауға және жылына бір реттен сирек болмайтын өзге кезеңділікті белгілеуге құқылы.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну осы баптың 1, 2, 3 және 3-1-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



6. Қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, ислам арнайы қаржы компаниялары, мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар жылдық қаржылық есептiлiктi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жариялайды.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-тармақ  өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.редқара)

7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жария мүдделі ұйымдар үшін депозитарий құрылады, бұл ұйымдар осы депозитарийге уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қаржылық есептілікті өткізуге міндетті.

 

4-тарау. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУ



 

2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



20-бап. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.редқара)



1. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және уәкілетті орган жүзеге асырады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін бекітеді;

2) қаржылық есептілікті депозитарийге табыс ету тәртібін бекітеді;

3) кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекітеді;



4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесі (Директорат) жүзеге асырады.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда



4. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған қаржы ұйымдарында, микроқаржы ұйымдарында, арнайы қаржы компанияларында, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған исламдық арнайы қаржы компанияларында, инвестициялық қорларда және Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілер мен оларға әдістемелік ұсынымдар қабылдау арқылы жүзеге асырады.

5. Уәкілетті орган:



1) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.редқара)

2) бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін әзірлейді;

3) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды;

4) ұлттық стандарттарды және оларға қатысты әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;



5) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі заңнамасы халықаралық стандарттардың талаптарына қайшы келген жағдайда, консультациялық органның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді;

6) бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын әзірлейді және бекітеді;



7) ұлттық стандарттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды;

8) өзге де мемлекеттік органдармен және кәсіби ұйымдармен бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

9) консультациялық органның Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің жобасын әзірлеу туралы ұсыныстарын қарайды;

10) кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.редқара)

11) кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережелерін әзірлейді;

12) консультациялық органның ұсынымдарын ескере отырып, кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

13) аккредиттеу ережелері сақталмаған жағдайда, кәсіби ұйымдарға, сертификаттау жөніндегі ұйымдарға ескерту жасайды;

14) кәсіби ұйымды, сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу жөніндегі куәлігінен айыру туралы шешім қабылдайды;

15) кәсіби ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың есептілікті ұсынуының тізбесін, нысанын және мерзімділігін анықтайды;



16) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында кәсіби ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тізбесін мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды;

17) консультациялық орган туралы ережені бекітеді;



2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.редқара)

18) депозитарийге қаржылық есептілікті ұсыну тәртібін әзірлейді;

19) сертификаттың нысанын келіседі.

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды



20) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) қаржы ұйымдары мен микроқаржы ұйымдары үшін:

уәкілетті органмен келісім бойынша халықаралық стандарттармен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ оларға арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) мемлекеттiк кәсiпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп пайызы немесе акцияларының бақылау пакетi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиесiлi заңды тұлғалар үшiн:

қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес келетiн тiзбелер мен нысандарды, сондай-ақ қаржылық есептiлiктi табыс етудің мерзiмдерi мен тәртiбiн белгiлейдi;

осы Заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын бекітеді;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді



3) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниялары үшін:

осы заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компаниялары үшiн осы Заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

3-2) инвестициялық қорлар және Қазақстанның Даму Банкі үшiн осы Заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгiлік жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет