Заңымен 1) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) егер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер, алымдар және төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
3) жедел-іздестіру қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыруға уәкілетті органдардың оларды жүзеге асыру үшін:
жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдем көрсетуге келісім берген адамдар көрсететін қызметтерді;
қызметтік үй-жайларды, көліктік және өзге де техникалық құралдарды, мүлікті;
жасырын ұйымдар құру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы білімі бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететін қызметтерді сатып алу;
4) табиғат пайдалану құқығын сатып алу;
5) стратегиялық маңызы бар өнеркәсіптер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тауарлар тізбесі бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша тауарларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алуы;
7) өкілдік ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
8) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ аталған іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
9-1) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастырылған ақпаратты беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
10) қызметкерлерді шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) рейтингтiк агенттiктер көрсететiн қызметтердi, егер жеке тұлға кредиттік (банктік) ұйымды өзі анықтаса, алушылардың (жеке тұлғалардың) шоттарына жалақыны есептегені үшін қызметтер көрсету бөлігінде, сондай-ақ жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражаты бойынша операциялар бөлігінде қаржылық қызмет көрсетулерді сатып алу;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) зағип және көзі нашар көретін азаматтар үшін мамандандырылған кiтапханалардың қызмет көрсетулерін сатып алу;
13) лизинг қызметін жүзеге асыру кезінде тауарларды кейіннен лизингке беру үшін сатып алу;
14) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы бағалы қағаздарды, үлестерді сатып алу;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) мемлекеттік және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының омырауға тағатын белгісін және оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық) және жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнім берушілерден Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша арнайы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімдерін сатып алу;
17) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалар шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
18) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны, оларды жасау, сақтау, жеткізіп беру жөніндегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олардың дизайны мен дайындалуына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
19) мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметтері қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өтемсіз негізде ұсынатын грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келісімдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың өзге рәсімдері көзделген жағдайларда осы гранттарды бірлесіп қаржыландыруға бөлінген ақшаны пайдалануға байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) жеке тұлғалар үшін мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтердi сатып алу (егер жеке тұлға білім беру ұйымын өзі таңдаған жағдайда);
21) 2012.28.06. № 22-V ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды
21-1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру жөніндегі қызметтерді сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 21-2) тармақшамен толықтырылды; 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 21-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.28.06. № 22-V ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21-2) тармақша жаңа редакцияда
21-2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшiн медициналық техниканы сатып алу;
22) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу, сондай-ақ оларды тасымалдау әрі олармен бірге жүру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
23) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
24) тарих және мәдениет ескерткіштері ретінде мемлекет қорғауына алған және мемлекеттік мұражай, кітапхана, мұрағат қорларын, кино, фотосурет қорын және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдік немесе өзге де мәдени маңызы бар мәдени құндылықтар болып табылатын тауарларды, оның ішінде мұражай заттары мен мұражай коллекцияларын, сондай-ақ көшірмелерін қоса алғанда, сирек кездесетін және құнды басылымдарды, қолжазбаларды, мұрағат құжаттарын сатып алу;
25) сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты ерекше құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
26) табиғи монополия субъектілерінен реттелетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27) мемлекеттік монополия субъектісінен мемлекеттік монополияға жатқызылған қызмет бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 28) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28) еңсерілмейтін күштің туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және (немесе) жою үшiн, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, темiржол, әуе, автомобиль, теңiз көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбыржолдарындағы, газ құбыржолдарындағы аварияларды жою үшiн және жедел медициналық араласу қажеттілігі үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердiң және материалдардың тасымал жолында тез арада қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
29) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің, сондай-ақ олардың атынан жұмыс істейтін тапсырыс берушілердің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында өз қызметін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
30) халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөніндегі қызметтерін сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 31) тармақша жаңа редакцияда
31) мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, тиісті өкілеттіктері, қызмет түрлері, міндеттері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген акционерлік қоғамдардан және шаруашылық серіктестіктерден сатып алуы;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
31-1) мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өзі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес осындай мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты олардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген қызмет түрлері бойынша басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан сатып алуы;
32) монетарлық қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
33) Қазақстан Республикасы Президентін, өзге де күзетілетін тұлғаларды және күзетілетін тұлғалардың келуіне арналған объектілерді күзетуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне бейне мұрағат қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алу;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
33-1) Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге де күзетілетін тұлғалардың қызметін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентіне және өзге де күзетілетін тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік резиденцияларды, автокөлік құралдарын және әуе кемелерін ұстау, оларға қызмет көрсету және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге де күзетілетін тұлғалардың қатысуымен іс-шаралар өткізу үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
34) халықаралық коммерциялық төреліктерде және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушінің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;
35) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
36) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
37) акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің мүшелеріне, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің бақылау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.12 № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 38) тармақша өзгертілді
38) мамандандырылған ұйымының (агенттің) отандық өнім өндірушілерден азық-түлік тауарларын сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу. Мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
39) статистикалық бақылаулар деректерін өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
40) мыналарды:
Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүліктерді (активтерді) сатып алу;
41) адвокаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететін қызметтерін сатып алу;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 42) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
42) қылмыстық-атқару жүйесі органдарының түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алуы. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелерi мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 43) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 43) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерден және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған уәкілетті ұйымнан сатып алу;
44) 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
45) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 46) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46) электр энергиясын сатып алу;
47) 2008.20.11. № 87-IV ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |