Источник: ис параграф, 24. 07. 2012 15: 45: 59 Қазақстан Республикасының



бет2/6
Дата09.06.2016
өлшемі420 Kb.
#125458
1   2   3   4   5   6
заңдарымен әскери қызметшілерге өзге де құқықтар берілуі мүмкін.

 

7-бап. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері

1. Әскери қызметші:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін сақтауға, сондай-ақ жалпыәскери жарғылардың талаптарын сақтауға;

2) белгіленген тәртіппен әскери ант қабылдауға;

3) командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарын дәлме-дәл және мерзімінде орындауға;

4) Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен бөлімшелері, халықаралық шарттарға сәйкес біріккен (коалициялық) қарулы күштер құрамында қарулы жанжалдарға қатысуға;

5) тәртіпті, қырағы болуға және мемлекеттік құпиялардың жария етілуіне жол бермеуге;

6) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарын сақтауға;

7) әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде әскери киім нысанын киіп жүру қағидасын сақтай отырып, оны киіп жүруге;

8) уәкілетті органдардың басшылары бекітетін дене дайындығы жөніндегі нормативтердің талаптарын сақтауға және орындауға;

9) өзіне сеніп берілген қаруды, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдана білуге, оның сақталуын және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндетті.

2. Қарулы Күштер лауазымды адамдарының міндеттері жалпы әскери жарғыларда айқындалады.

3. Келісімшарт бойынша әскери қызметші әскери қызметке кіргеннен кейін бір ай ішінде әскери қызмет өткеру кезеңіне әскери қызметшінің меншігінде болатын оған заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, пайлық инвестициялық қорлардың ашық және аралық пайларын, сондай-ақ оған мүліктік жалға берілген өзге де мүлікті қоспағанда, оларды пайдаланудан кіріс алынатын коммерциялық ұйымдардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) және өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару шартын нотариат куәландыруға тиіс.

4. Соғыс жағдайы және төтенше жағдайлар туралы Қазақстан Республикасының заңдарымен әскери қызметшілерге өзге де міндеттер жүктелуі мүмкін.

 

8-бап. Әскери қызмет өткерумен байланысты әскери қызметшілердің құқықтарын шектеу



Әскери қызметші:

1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға, саяси партияларда, кәсіптік одақтарда, діни бірлестіктерде тұруға, қандай да бір саяси партияға қолдау білдіруге;

2) әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтірмейтін педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет болмаса, басқа ақылы қызметпен айналысуға;

3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде коммерциялық ұйымның ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан, оны басқаруға қатысуға;

4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші адамдардың істері бойынша өкіл болуға;

5) әскери мүлік пен оның қызметтік істерін қамтамасыз ететін басқа да құралдарды, басқа да мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға;

6) ереуілдерді, пикеттерді және өзге де наразылық акцияларын ұйымдастыруға және оған қатысуға;

7) өзінің қызметтік жағдайын пайдакүнемдік мақсаттарда, оның ішінде лауазымды және өзге де адамдармен сөз байласу жолымен пайдалануға;

8) өзінің жақын туысқандары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазым атқаруға құқылы емес.

 

 

2-тарау. АЗАМАТТАРДЫ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ДАЯРЛАУ



 

9-бап. Азаматтарды әскери қызметке даярлау

1. Азаматтарды әскери қызметке даярлау - бұл мемлекеттік органдар әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақыру жасындағы азаматтарды әскери қызмет негіздеріне оқыту мақсатында, сондай-ақ әскери міндеттілер әскери қызмет өткеруі үшін әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау және қайта даярлау мақсатында өткізетін міндетті іс-шаралар кешені.

2. Азаматтарды әскери қызметке даярлау:

1) бастапқы әскери даярлықты;

2) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлықты;

3) әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлықты;

4) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықты қамтиды.

3. Азаматтарды әскери қызметке даярлауды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларына сәйкес мемлекеттік органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

4. Ұйымдардың басшылары әскерге шақыру жасына дейінгілердің және әскерге шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

 

10-бап. Бастапқы әскери даярлық

1. Азаматтармен бастапқы әскери даярлық жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізiледі.

2. Әскерге шақырылуға жататын және бастапқы әскери даярлықтан өтпеген азаматтар Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларына сәйкес мерзiмдi әскери қызметке шақырылар алдында одан өтедi.

3. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

11-бап. Азаматтарды білім беру ұйымдарында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау

1. Азаматтарды қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізіледі.

2. Тәрбиеленушілердің әскери даярлықтан өту және барлық үлес түрлерімен қамтамасыз етілу тәртібі Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларында айқындалады.



 

12-бап. Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау

1. Әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау Қарулы Күштердің қажеттілігіне сәйкес Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында өтеусіз негізде және оқуға арналған шығыстарды толық немесе ішінара өтеумен жүргізіледі.

Қорғаныс министрлігі есебінен оқуға арналған шығыстарды ішінара өтеу кезінде оқу-жаттығу атыстарын өткізу және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

2. Өтеусіз негізде әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауға денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды, он жеті жас алты айдан жиырма алты жасқа дейінгі, оны аяқтағаннан кейін мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын немесе жұмылдыру резервіне қойылатын азаматтар тартылады. Кіші мамандарды даярлауға тапсырысты уәкілетті органдар жасайды.

3. Өтеулі негізде әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауға мыналар:

келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды әскери міндеттілер;

әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламалары бойынша оқыту үшін денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, оның ішінде әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған жиырма екі жастан жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтар тартылады.

4. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламалары бойынша оқыту үшін азаматтарды іріктеу мен жіберуді жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады.

5. Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарының базасында әскери оқытылған резервті даярлауға мемлекеттік тапсырысты жергілікті әскери басқару органдарына Қорғаныс министрлігі мамандандырылған ұйымдарының басшылығы ұсынған өтінімдер негізінде Қорғаныс министрлігінің жұмылдыру органы жеткізеді.

6. Әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша азаматты оқытудың басталуы Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйымы басшысының оны қабылдау туралы бұйрығы шыққан күн болып саналады.

7. Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарында азаматтарды оқыту мерзімі әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша алатын мамандығына байланысты белгіленеді.

8. Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы жөніндегі мамандандырылған ұйымы басшысының даярлауды аяқтау туралы бұйрығы шыққан күн оқытудың аяқталуы болып саналады.

9. Әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқытудың аяқталғаны туралы сертификат нысанын және әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітеді.

10. Оқыту аяқталғаннан кейін азаматтарға әскери билеттер беру жергілікті әскери басқару органдары белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады. Әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқытудың аяқталғаны туралы сертификат әскери билетті беру үшін негіздеме болып табылады.

11. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында сабақтар өткізілетін уақытта көрсетілген ұйымдарда оқытудан өтіп жатқан қызметкерлерге жұмыс берушілер оқу демалыстарын беруге міндетті.

12. Азаматтардың әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқу кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Осы кезеңде олар заңды тұлға таратылған жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілердің бастамасы бойынша жұмыстан шығарылмайды, сондай-ақ білім беру ұйымы басшысының бастамасы бойынша білім беру ұйымынан шығарылмайды.



 

13-бап. Азаматтарды жоғары білім беру ұйымдарында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау

1. Азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау Қарулы Күштердің жұмылдыру қажеттілігіне сүйене отырып, Қорғаныс министрлігінің тапсырысына сәйкес жүргізіледі.

2. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған азаматтарға Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен «запастағы лейтенант» әскери атағы беріледі.

3. Азаматтардың запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өту тәртібі Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларында айқындалады.

 

14-бап. Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту

1. Халықты азаматтық қорғаныс іс-шараларына тарту және соғыс уақытында Қарулы Күштерді жасақтау үшін қажетті контингентті даярлау мақсатында:

1) ерлер - он алты жастан алпыс жасқа дейінгілерді қоса алғанда;

2) балалары жоқ немесе он жастан асқан балалары бар әйелдер - он сегіз жастан қырық бес жасқа дейінгілерді қоса алғанда, жалпыға бірдей әскери оқыту жүргізіледі.

Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқытуды азаматтардың жұмыс, оқу орны және тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады.

2. Жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

3. Қорғаныс министрлігі азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту жөніндегі бағдарламаны әзірлейді және іс-шараларға бақылауды жүзеге асырады.

 

 

3-тарау. ӘСКЕРИ ЕСЕПКЕ АЛУ. АЗАМАТТАРДЫ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ УЧАСКЕЛЕРІНЕ ТІРКЕУ



 

15-бап. Әскери есепке алу

1. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар:

1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді;

2) осы Заңға сәйкес әскери міндеттерін орындаудан босатылған адамдарды;

3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүрген адамдарды;

4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарды қоспағанда, әскери есепке алуға жатады.

2. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды олардың тұрғылықты жерлері бойынша жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады, ал олар жоқ елді мекендерде әскери есепке алуды кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері қамтамасыз етеді.

3. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

4. Қарулы Күштерде әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер уәкілетті орган белгілеген тәртіпте тиісті әскери басқару органдарында (басқару органдарында), әскери бөлімдерде (бөлімдерде) және мекемелерде есепке алуға жатады.

 

16-бап. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу

1. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу - бұл әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою үшін жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп, тиісті жергілікті атқарушы органдар жүргізетін әскери есепке алу іс-шаралары.

2. Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтары әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жатады.

3. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді және медициналық куәландыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Әскери міндеттілерді және әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларында және Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларында айқындалатын тәртіппен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

4. Азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде әскери қызметке жарамдылық дәрежесін белгілеу үшін Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен медициналық комиссиядан өтеді.



Медициналық комиссиядан өткен азаматтар тіркеу жөніндегі комиссияның шешімімен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуға қабылданады.

Әскери-дәрігерлік комиссия әскери есептен шығарып, әскери қызметке жарамсыз деп таныған азаматтар әскери есепке қабылданбайды.

5. Азаматтар, олардың жұмыс (оқу) орындарын, атқаратын лауазымы мен орташа жалақысын сақтай отырып, әскерге шақырылуға дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытта жұмыстан (оқудан) босатылады.

6. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу үшін аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) шешімімен мынадай құрамда тіркеу комиссиясы құрылады:

1) комиссия төрағасы - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы басшысының (әкімінің) орынбасары;

2) комиссия төрағасының орынбасары - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органының бастығы;

комиссия мүшелері:

3) ішкі істер органдары тиісті аумақтық бөлімшесі бастығының орынбасары;

4) мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті органы бастығының орынбасары - медициналық комиссияның төрағасы;

5) хатшы.



Аудандық (қалалық) тіркеу жөніндегі комиссияның дербес құрамы, осы жұмысты жүргізу және қамтамасыз ету тәртібі ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган басшысының (әкімнің) шешімімен жыл сайын бекітіледі.

 

17-бап. Лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, әскери міндеттілердің және әскерге шақырылушылардың Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алу қағидаларын орындау жөніндегі міндеттері

1. Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері, сондай-ақ әскери міндеттілер және әскерге шақырылушылар жұмыс істейтін ұйымдардың басшылары өз құзыреті шегінде:

1) әскери міндеттілерді және әскерге шақырылушыларды, оларды жергілікті әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуге;

2) әскери-есептік құжаттарында жергілікті әскери басқару органдарының әскери есепке алғаны туралы белгілері болған кезде әскери міндеттілерді және әскерге шақырылушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүзеге асыруға;

3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілердің, әскерге шақырылушылардың және әскер жасына дейінгілердің сандық және сапалық құрамын растайтын құжаттарды беруге;

4) әскер жасына дейінгілерге тіркеу жүргізген және азаматтарды әскери қызметке әскерге шақырған кезде басқа жергілікті жерлерден аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әскери басқару органдарына азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.

2. Жергілікті әскери басқару органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың Әскери есепке алу қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

3. Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыруға міндетті.

4. Азаматтық хал актілерін жазу органдары жеті жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың тегін, аты мен әкесінің атын (ол болған кезде), туған күні мен жерін өзгерткені туралы, сондай-ақ әскери міндеттінің немесе әскерге шақырылушының қайтыс болғаны тіркелген жағдайлар туралы хабарлауға міндетті.

5. Анықтау және алдын ала тергеу органдары жеті жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергіліктi әскери басқару органдарына оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы, ал соттар оларға қатысты қылмыстық істерді сот қарап жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы, сондай-ақ оларға қатысты заңды күшiне енген үкімдер туралы хабарлауға мiндетті.

6. Халықты әлеуметтiк қорғау органдары жетi жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi әскери басқару органдарына мүгедек деп танылған барлық әскери мiндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы хабарлауға міндетті.

7. Денсаулық сақтау ұйымдары әскерге шақыру басталар алдында жергілiкті әскери басқару органдарының сұрау салулары бойынша стационарлық емделуде болатын және диспансерлік есепте тұрған әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтердi хабарлауға міндетті.

8. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша олар ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi әскери басқару органына әскери есепке қою немесе шығару туралы мәлiметтер бергеннен кейін тiркеудi жүзеге асыруға міндетті.

9. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар тегін, атын, әкесiнің атын (ол болған кезде), отбасылық жағдайын, денсаулық жағдайын (бiрiншi немесе екінші топтағы мүгедек деп танылғанын), тұрғылықты жерiн, бiлiмiн, жұмыс орны мен лауазымын өзгерткен жағдайда жеті жұмыс күні ішінде өздерi әскери есепте тұрған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi әскери басқару органын хабардар етуге мiндетті.

 

 

4-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ



 

18-бап. Әскери қызметтің мазмұны

1. Әскери қызмет:

1) әскерге шақыру бойынша әскери қызметті;

2) келісімшарт бойынша әскери қызметті қамтиды.



Әскерге шақыру бойынша әскери қызметке:

1) сарбаздар (матростар) құрамының мерзімді әскери қызметі;

2) осы Заңның



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет