“Құқықтану” кафедрасы



бет3/22
Дата13.06.2016
өлшемі0.95 Mb.
#133729
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Бақылау сұрақтары:


1. Экологиялық қатынастарының түрлері және жалпы сипаттамасы.

2. Экологиялық қатынастарының мазмұны.

3. Экологиялық-құқықтық институттар.

4. Қазақстан Республикасының қазіргі қөұқық жүйесіндегі эколгиялық құқықтың орны.

Лекция № 2


Тақырыбы: ҚР Экология құқығының түсінігі мен пәні.

Жоспар:

1. Экологиялық құқықтың жалпы және арнайы қағидалары.

2. Экологиялық құқықтың жүйесі: жалпы және арнайы бөлімдері.

Лекцияның мақсаты: Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңнан басқа жер, жер қойнауы, су, орман, жануарлармен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдарда да салалық принцип ережелері бар.

Лекцияның мәтіні:

  1. Экологиялық құқықтың жалпы және арнайы қағидалары.

Экология құқығының принциптері - мемлекет, қоғам, кәсіпорындардың, өкімет орындарының, ұйымдардың және т.б құрылымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың экологиялық құқықтық қатынастардағы түпкі бастамасы.

«ҚР айналасындағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңында айналадаға табиғи ортаның жай - күйіне ықпал ететін шаруашылық, басқару және өзге де қызметті өкімет органдарының, министрліктермен ведомстволардың, кәсіпорындар, мекемелермен ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың мынадай принципте жүзеге асыруын қарастырған:

- адамның өмірімен денсаулығын қорғаудың басқа да қызмет түрінен басымдылығы, айналадағы табиғи ортаның тұрмыс, еңбек және демалыс үшін қолайлы болуына азматтар құқығының нақты кепілдіктерін қамтамасыз ету

- қоғамның экологиялық және экономикалық мүдделерін, соңғысына басымдық бере отырып, ғылыми тұрғыдан негіздеп ұштастыру.

- айналадағы табиғи ортаға ұқыпты қарау және зиянды зардаптар жасалуын шектеу.

- табиғатты жалпы тегін пайдалану.

- табиғатты ақы төлеп арнайы пайдалану.

- табиғатты қорғау және табиғатты қалпына келтіру тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды көтермелеу.

- шаруашылық және өзге де қызмет міндеттерін шешудегі жариялылық.

- қоғамдық ұйымдармен және халықпен тығыз байланыстыру.

- айналадағы табиғи ортаны қорғау саласында ұлттық және халықаралық мүдделерді ұштастыру.

- табиғатты қорғау заңдарын бұзу арқылы айналадағы табиғи ортаға, кәсіпорындарға, мекемелермен ұйымдарға, сондай-ақ азаматтарға келтірілген зиянды толық өтеу.

- шаруашылық және өзге де қызметтің айналадағы табиғи ортаға жасайтын ықпалын нормалап отыру.

- табиғи ресурстарды үнемдеу және айналадағы табиғи ортаны қорғау мәселелерін кешенді түрде шешу.

- айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заң талаптарын қатаң сақтау,оны бұзғаны үшін жауапқа тартуды қадағалау.

- айналадағы табиғи ортаға ықпал ететін шаруашылық және өзге де қызметтің кез келген түрлеріне міндетті түрде экологиялық сараптама жасау және оны ғылыми негізде жүзеге асыру.

Аталған принциптер “Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы”, табиғи ресурстар туралы және басқа да табиғат туралы заңдарда көрініс тапқан. Олар заңның принциптік ережелері.

Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңнан басқа жер, жер қойнауы, су, орман, жануарлармен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдарда да салалық принцип ережелері бар. М:Жер кодексіндегі ереже бойынша ауыл шаруашылығына жарамды жер, ең алдымен ауыл шаруашылығы мақсаты үшін берілуге тиіс.(18 бап). Су кодексінде су ең алдымен халықтың ауызсу немесе тұрмыстық мұқтаждарын қанағаттандыру үшін берілетіні көрсетілген.(5 бап).

Орман кодексі мұндай принцип ержелерін көрсетпегенімен,оның ережелерінде жоғарыда айтылған принциптер бар.

Принцип ережелерін табиғи ресурстардың мазмұнымен қорғалуына қарай табиғи ресурстарды пайдалану принциптері, табиғат ресурстарын иемдену, билеу немесе басқару принциптеріне бөлуге болады. Принцип ережелерінің мұндай түрлері табиғи ресурстар туралы заңдарда жеке топталып көрсетіле бермейді.

ҚР суды басқару, су ресурстарын қорғау мен толықтыруды, айналадағы ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы - бассейндік және әкімшілік - аумақтық принциптерді үйлестіру негізінде ж.а.

Су шаруашылығы бассейндік принцип өзен, көл бассейндері және басқа су тоғандары ішінде әкімшілік - аумақтық бірліктер арасында су ресурстарын бөлу арқылы іске асырылады.

Жер қойнауы және Минералдық шикізатты ұқсату туралы кодексте (6 бап) заңның принцип ережелерінің жинақталған 12 түрі бар. Олардың жоғарыда көрсетілген жалпы түрлерінен басқа жер қойнауын пайдалануға және қорғауға тікелей қатысы бар өзіндік принцип ережелері бар. М: жер қойнауын тиімді және кешенді пайдалану, жер қойнауын пайдалануда оған қатысты жұмыстардың қауіпсіздігін сақтау сияқты принциптер олардың өздеріне тән ерешеліктерінен туындайды. Экологиялық сараптамалардың принциптері:

1. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің міндеттілігі.

2. Министрліктердің мемлекеттік комитеттермен ведомстволардың өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың бақылаушы және қадағалаушы органдармен өзара іс - қимылы.

3. Экологиялық сараптама тұжырымдарының объективтіліктері мен ғылыми негізділігі.

4. Сараптама органдарымен сараптаушылардың өз өкілеттілігін жүзеге асырушылардың өз өкілеттігін жүзеге асырған кезде тәуелсіз болуы.

5. Жариялылық болуы.

6. Экологиялық сараптамамен оның алуан түрлі болуы.

7. Экологиялық және медициналық биологиялық мүдделерінің басымдылы принциптеріне негізделеді.



2. Экологиялық құқықтың жүйесі: жалпы және арнайы бөлімдері.

Экология саласындағы мамандар ”экологиялық жүйенің – жалпы аумақта тұратын жәнеде жабық заттар айналдымында ұзақ өмір сүретін жабық функционалды, біртұтас организмдер жиынтығы ретінде анықтады. Экологиялық сөздікте мынадай анықтама берілген: ”Біртұтас функционалды бірліктерімен кез келген тірі жандардың бірлестігі және тұратын ортасы”. Экологиялық жүйе - бұл көп мағыналы түсінік. Ол табиғи экожүйелерде де (су, орман) және жасанды экожүйеде (жабық бассейн) де қолданылады.

Экожүйенің маңызды қасиеттері:

1) Тұйықтығы, экологиялық жүйенің өз алдына қызмет етуі экологиялық жүйенің тұйықтылығы барлық азаматтар мен ұйымдардың әрекеттерін табиғатпен байланыссыз болса да, экологиялық нәтижелерін ескеруді міндеттейді.

2) Табиғи компоненттерді құруға әкелетін экологиялық жүйедегі өзара байланыс. Ол жер, су, орман және де табиғи обьектілерді атмосфералық ауамен байланыстырады. Ол табиғи обьектілер қызметін жүзеге асыруға көмектеседі және мұндай қызмет процесінде өзіде өзгереді.

3) Биоөнімділік экожүйенің өз өндірісінде жердің әртүрлі құқықтық статусын анықтайтын қызметтерді орындауға көмектеседі. Құнарлылығы жоғары жерлер біріншіден, ауыл - шаруашылық мұқтаждықтарына беріледі, лаз өнімді жерлер басқа мақсатқа беріледі.

Экожүйенің өзінің ұдайы өндірісі - ол өзінің реттеу қабілеттілігі. Берілген белгілер экожүйе түсінігін анықтауға мүмкіндік береді.

Экологиялық жүйе - құрамдас компоненттерінің өзара байланысының жабық жүйесі бар, оған тұрақтылық, белгілі биожүйелер мен өзара байланысқан қоршаған ортаның табиғи саласы. Қоршаған ортаны пайдалану және қорғау аясындағы заң шығарушылықтың негізгі міндеттерінің біріне адамның денсаулығын қорғау, оның өмір сүруін, жұмыс істеуін, толық демалуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыру. Осы мақсаттарда қаладағы және және басқа елді мекенде, демалыс орындарында, емдеу орындарында қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асырады. Сондықтан да рекреациялық және емдеу сауықтыру аймақтарында қоршаған ортаны қорғаудың маңызы өте зор.

Рекрациялық аймақтарға халықтың жалпы немесе ұйымдастырылған демалуына арналған жер жане су кеңістігінің табиғи және мәдени учасклері жатады. Мұндай аймақтардың құрамына қала аумағы, орман парктері, ұлттық табиғи парктер, ботаникалық зоологиялық бақтар, дендрагологиялық парктер, серуен бағыттары, демалыс үйлерімен бауларының аумағы, заказниктер мен қорықтардың кейбір учасклерін халықтың аралауына болатын боліктері жатады.

Емдеу - сауықтыру аумақтарына адамдардың денсаулығын сауықтыру мен емдеуге арналған жер немесе су кеңістігінің аумағы жатады. Бұған курорттық және санитарлық курорттық аумақтар жатады. Экологиялық жүйені құқықтық қорғаудың негізінде қоршаған табиғи ортаны қорғаумен қамтамасыз етілетін азаматтардың денсаулығын қорғайтын конституциялық құқықтар жатады. Адамдардың денсаулығы жер және жер қойнауы, орман, су басқа да табиғат обьектілері сияқты бүкіл халықтық байлық болып табылады.

Ғасырлар бойы зат алмасудың дұрыс жабық технологияны иемденетін экологиялық жүйелер арасындағы қарама-қайшылық ақырғы шегіне жетті. Чернобьлде, Аралда, Балқашта және басқа аумақтарда экологиялық апаттар болды.

Бақылау сұрақтары:

1. Экологиялық қатынастарының түрлері және жалпы сипаттамасы.

2. Экологиялық қатынастарының мазмұны.

3. Экологиялық-құқықтық институттар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет