Ырықсыз (пассив) қиял
Қиялдың бұл түрі-адам алдына ешбір мақсат қоймай,басындағы елестердің ағытылып жатуын бақыламаған кезде туатын формасы. Мұндай қиял жеткіншектерде жиі кездеседі.
Қиялдың бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру.
Түс көрудің физиологиясын жан-жақты түсіндірген И.П. Павлов. Бұл – дәстүр сабақтастығы. Яғни, қиял адамның ырқынан тыс болады. Қиялдың өз ғылымда дамымай тұрған кезде түс көріп, жору арқылы бағыт-бағдар беріп отырған. Мысалға алатын болсақ,
Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.
Жылаған болса – өңінде қуанады.
Алма жесе - өңінде тілегіне жетеді.
Пышақ қайраса - қауіп-қатер болады.
Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.
Түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы – түсті тек жақсылыққа жору керек.
Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс:
Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі — түс көру.
Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы өрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады.
Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман
Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агпютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялык, бейнелср (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия — танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана — суға қонып, үша алатын самолет) қүрастырылады.
Киял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі – гипербола .
Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліпкөрсетілуін айтады
Өмірден түйгені шамалы, творчестволық қиялы жетілмеген адамнан жақсы ақын шығуы мүмкін емес. Абай мүны өте дүрыс көре білген.
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп- тегіс жүмыр келсін айналасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар тандамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Бұл өлеңіне Абай «қиыннан қиыстырар», «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп», «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» секілді сөз тіркестері арқылы өздігінен жаңа туындылар бере алатын нағыз майталман ақындардың психологиясын, олардың творчестволық қиялындағы ерекшеліктерді көрсетіп отыр.Ғалым үшін де творчестволық қиял аса қажет
Достарыңызбен бөлісу: |