Ұлылардан — ұлағат мағынасын ашып, талдау.
Қиял! Мүнсыз ақын да, философ та... тіпті адам болуы да мүмкін емес.
Д. Дидро
Армандай білуге бейімділікте де үлы даналық бар.
А. Франс
... арман деген көп белес. Біріне шықсаң бірі бар.
Ғ. Мустафин
Арманмен ойнау қауіпті, күйреген арман өмірді
бакытсыздыққа душар етуі де мүмкін.
Д. И. Писарев
... бұрын фантазия, қиял деп жүрген ойлар бүгін дағдылы іс екенін танып, қүтыла аламыз ба?
Ш. Қудайбердіұлы
«RAFT» стратегиясы
Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады.
Білімгерлерге өздерінің сүйікті кейіпкерлерін, ұнаған заттарын т.б. сипаттауға тапсырма беріледі.
Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін...
Альберт Эйнштейн: "Қиял білімнен де артық"
Эйнштейннің сізге айтар 10 кеңесін оқып, әрекет етіп көріңіз!
Соның бірі- қиял шексіз. «Қиял деген мен үшін бүкіл әлем. Бәрі. Ол өмірің қалай қарай өрбитінін көрсете алады. Қиял білімнен де артық». Ал, сіз бүгіндікке қиялыңызды пайдаландыңыз ба? Қиял келешекті алдын ала көрсетіп отырады. Бірде Эйнштейн айтыпты: «Ақылдың шын көрінісі білім емес, қиял» деп. Күні бойы қиялыңызды қосатын кезіңіз көп пе? Ондай қуат қайнары туралы ұмытуға болмайды.
«Қиял ұшқыр суретшінің суреттері» Бейнекөрініс көре отырып талдау жасау, қорытындылау.
«Қиял мен шындықтың араласқан әлемі»
Суретші Бен Хейн фотосурет пен қарындашпен салған суреттерді біріктіре отырып, қиял мен шындықтың араласқан әлемін жасап шығарды. Бұл картиналардың ешқандай құпиясы жоқ. Әуелі Бен қағазға салар дүниесінің нобайын сызып алады. Содан соң нысанын шынайы бейнесінде суретке түсіріп алады. Артынан суретін фотошопта өңдеп, қаныққан түрлі түстер үстемелейді. Соның нәтижесінде таңғажайып туынды дүниеге келеді. Бары сол ғана. Әрине бұл үшін үлкен ерік-жігер мен қатар табиғи таланттың да керегі анық. Бен 2010 жылы алғашқы картинасын жеке бір хатын суреттермен түсіндіру кезінде, байқаусызда жасап шығарды. Қазір суретшінің коллекциясында 100-ге жуық картиналар бар. Олардың тақырыбы: махаббат, еркіндік, достық, өлімнен кейінгі өмір, және т.б. «Мен өнерімді халық үшін жасаймын. Олар бір сәт күйбең тірліктен бойларын суытып, қиял әлеміне енсе деймін. Мен көп жылдар бұрын өлең шығарғанмын. Енді бүгін өз туындыларым арқылы поэтикалық және философиялық ойлар айтқым келеді. Әрбір картинам әсем әуен мен өрнекті өлең секілді көңіл пернесін дәл басып, тарихтан сыр шерткенін қалаймын.» Сіздердің алдарыңызда қарындашпен шынайы суретті астастырған 30 картина.
Достарыңызбен бөлісу: |