Изенді ауылының әкімі Д. А. Туяковтың есебінен тезистер



Дата22.02.2016
өлшемі29.09 Kb.
#1299
Изенді ауылының әкімі Д.А.Туяковтың есебінен тезистер

Изенді ауылының тұрғындар саны -702. Жұмысқа жарамдылар -308, өз бетінше жұмыс істеп табыс алатындар-41; 2014 ж.туған сәбилердің саны- 11 (2013 жылы халық саны-705 , туған балалардың саны-22).

2014 жылы бюджеттен өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Изенді ауылына 524 мың теңге қаражат бөлініп, жергілікті қоғамдастықпен келісіліп ауыл көшелерін жарықтандыруға жұмсалды. Сонымен қатар су мұнарасын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Ауыл әкімінің аппаратына жеке тұлғалардан-58, заңды тұлғалардан-10, барлығы 68 өтініш түсіп қанағаттандырылды, 350 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілді (2013 жылы 226 өтініш түсіп,қанағаттандырылды).

Әскери үстел есебіне келетін болсақ, есепке кіргендер-5, шыққандар-5, тіркеуде тұрғандар-89. Әскер қатарында-2.

Ауыл шаруашылық жанурларын өсіру мен ветеринария саласында төмендегідей көрсеткіштеріміз бар:

Аймақ бойынша халықтың ІҚМ саны-838 , сиыр-413 , жылқы –547 , бие- 286 , қой- 1183 , саулығы- 910 , ешкі - 306 , аналығы- 247 , құс- 1561 (2013 жылы ІҚМ-773, сиыр-361, жылқы-415, бие-315, қой-1026, саулығы- 626,ешкі- 266, аналығы-152 болатын). Шаруа қожалықтары бойынша – ІҚМ-179 , сиыр-108 , жылқы -117 , бие- 66 , қой- 862 ,саулық- 790 , ешкі- 101 , саулығы- 86 , құс- 300 ( 2013 жылы- ІҚМ-120, сиыр-67, жылқы -173,бие-96, қой-792, саулығы-687, ешкі-67, аналығы-58,құс-170).

2013-2014 жж. шаруашылық кітаптарының деректері толығымен электрондық базаға енгізілді.

Мал дәрігерлік-профилактикалық, эпизоотияға қарсы шаралармен барлық малдар қамтылды. Өткен жылда зерттеу барысында 8 бас ІҚМ, 9 бас ҰММ бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсетті. Осы аурудың ошақтарын жою мақсатында дезинфекция жасалынады, ауру малдар жойылды. Отбасы мүшелерінен қан алу жұмыстары жүргізілді.Туберкулезге қарсы 2400 бас ІҚМ егілді (2013 жылы -1300 бас егілген болатын).

Жыл басынан малдарды бірдейлендіру жұмыстары жүргізілді, компьютерлік дерек қорына барлығы ІҚМ -2359, ҰММ-27943 бас енгізілді. 8140 ҰММ , ІҚМ төліне 390 басқа сырға салынды ( 2013 жылы ІҚМ -1203, ҰММ-16127 бас енгізіліп, 5150 ҰММ, ІҚМ төліне 320 басқа сырға салынды).


  1. Берілген ветеринариялық анықтамалардың саны- 196.

  2. Малдарға (төлге) сырға салынған кезде қосымша төлқұжат берілді.

  3. Ауылдық округте асыл тұқымды қой зауыты мәртебесін алған «Отқанжар» ЖШС-гі бар. Ондағы қазақтың құйрықты ұяң жүнді асыл тұқымды қой саны төлімен қоса есептегенде мың басқа жетті. Асыл тұқымды қой зауытында селекциялық жұмыстар ғылыми деңгейде жолға қойылған. Сонымен қатар меншіктегі малды асылдандыру мақсатында Ақмола облысынан асыл тұқымды қазақтың ақ бас алты бұқасы шаруашылық қаржысымен сатып алынып , халықтың жеке меншік табынына қосылды. Ауылдың жеке меншік жылқыларының тектілік әлеуетін жақсарту үшін асыл тұқымды айғырлардың будандарынан бес айғыр іріктелініп алынып үйірге қосылды.

  4. «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» бойынша келесі жұмыстар жүргізілді: Отқанжар ЖШС-гі 60 бас ұрғашы тайынша, 2 асыл тұқымды бұқа сатып алды; екі шаруа қожалықтары- «Әлібеков Н» «Маханова Ж.» бір-бір бұқадан алды. Жылдың аяғында «Әлібеков Н» шаруа қожалығы 27 бас бұқа сатып алды.Мал шаруашылығына бөлінген субсидия 6 млн 328 мың теңгені құрады.

Әлеуметтік саладағы басым бағыттардың бірі халықтың неғұрлым аз қамтамасыз етілген бөлігін қамқорлыққа алу болып табылады. Ауылда барлығы 174 адам зейнетақы және жәрдемақы алатын болса , солардың жасы жеткен зейнеткерлер 54 адам , Ауған соғысының ардагерлері-3, тың еңбеккері-1,барлық топтағы мүгедектер саны – 28, бала күнінен мүгедектер саны -5, 18 жасқа дейінгі балалы отбасына тағайындалған жәрдемақы алатындар-20 отбасы (88 адам) (2013 жылы 22 отбасы алған).

Нұра орта мектебінде барлық оқу пәндері бойынша мамандар жеткілікті (28 мұғалім).125 оқушы дәріс алады (2013 жылы 140 оқушы болды). Химия пәні кабинеті жабдықталды (4 млн.тенге) Мектеп асханасында жағдайы төмен 1-4 сынып оқушыларына (15 бала) ыстық тамақ тегін беріледі. Мектеп жанындағы интернатта 26 бала жатып оқиды.



Фельдшерлік акушерлік пункт халыққа дәйекті қызмет етуде. Жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Жоспар бойынша мамыр айында жылжымалы флюорография ауылымызға келіп , ауыл тұрғындарын айнаға түсіреді. Елбасының тапсырмасына сәйкес 2011-2015 жж. арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында скрининг тексерістері халық үшін қолайлы болуда (өткен жылы скрининг жасындағы ауыл тұрғындардың 98% қамтылды).

Телефон байланысы бойынша заман талабына сай SDMA /сидими/ –сымсыз байланыс торабын орнатылды. «Отаu ТV» телеарнасы 104 үйге қойылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет