Қызылбалық ауылдық округінің әкімі М. К. Төлегеновтың округтің ауыл тұрғындарымен есеп беру кездесудегі баяндамасынің тезисі



Дата23.02.2016
өлшемі33.18 Kb.
#4539
Қызылбалық ауылдық округінің әкімі М.К.Төлегеновтың округтің ауыл тұрғындарымен есеп беру кездесудегі баяндамасынің

ТЕЗИСІ
Қызылбалық ауылдық округі 1934 жылы құрылған, оның құрамына Көпбірлік және Қарақұм ауылдары кіреді. Әкімшілік орталығы Көпбірлік ауылы. Аудан орталығы Үштөбе қаласынан 185 шақырым қашықтықта орналасқан. Көпбірлік және Қарақұм ауылдарының арақашықтығы 18 шақырым, жалпы жер аумағы 5976,5 га, оның ішінде 3918,0 га шаруа қожалығының пайдалануында. Округ бойынша жалпы аула саны – 306, халық саны – 1445 адам. Көпбірлік ауылында – 194 аула, 966 адам, Қарақұм ауылында 112 аула, 479 адам.

Есеп беру кездесуінде түскен ұсыныстар: 1.Көпбірлік ауылы ішіндегі электр бағандарын ауыстыру, немесе жөндеу туралы- Көпбірлік ауылының көше бойындағы 60 дана электр бағаналары ауыстырылды. 2.Мал қорымының жұмыстарын жандандыру- округтегі Көпбірлік ауылының жанында мал өлексесін тастайтын шұңқыр құрылысы аяқталды.

Ауыл шаруашылығы: Округ бойынша 2013 жылдың 1 шілдесіне үй шаруашылығы мен шаруа қожалықтарындағы МІҚ мал саны 1136 бас, соның ішінде сиыр саны 348 бас; МҰМ саны 2912 бас, жылқы саны 188 басты құрайды.

Шағын кәсіпкерлік: Ауылдық округ бойынша 34 шағын кәсіпкерлер тіркелген. Оның ішінде: 4 ЖШС, 1ӨК, 8 шаруа қожалығы, 21 жеке кәсіпкерлер. Көпбірлік ауылында 13 кәсіпкер, Қарақұм ауылында 8 кәсіпкер.

Білім беру саласы: Қызылбалық ауылдық округінде мектепке дейінгі шағын орталығы бар А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп және Алғазы орта мектебі орналасқан. А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінде 192 оқушы оқиды. Мұғалімдер саны- 26. Алғазы орта мектебінде 102 оқушы оқиды. Мұғалімдер саны- 20. Биылғы 2013 жылғы түлектердің 2-уі ЖОО мемлекеттік грантына ие болды. ҰБТ бойынша білім сапасы округ бойынша 66,1 % құрайды, бұл аудандық көрсеткіштен 3 % төмен. 2013-2014 оқу жылында 2 жас маман келді. Ал Алғазы орта мектебінде 102 бала оқиды. Былтырғы оқу жылдарында 9 жылдықпен көптеген оқушының шығуына байланысты, 2013 жылы Алғазы орта мектебінен ҰБТ-ға қатысатын оқушылар болған жоқ.

«Мектепке жол» акциясы кезінде демеушілер тұрмысы төмен аз қамтамасыз етілген көп балалы жанұялардың балаларын киім- кешектермен, мектепке қажетті құрал жабдықтармен қамтамсыз етті. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы – 55 000 тг құрайды.

Денсаулық сақтау: Округ бойынша 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фелдшерлік пункті орналасқан. Бүгінгі таңда 1 дәрігер, 8 орта буынды медбикелер жұмыс істейді. Жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілген. Туылғандар саны – 17, қайтыс болғандар саны - 6 адам. Әлеуметтік жағдайға әсер ететін ауру түрлері тіркелмеген. Ана мен бала өлімі жоқ. 2013 жылдың мамыр айынан бастап Көпбірлік ауылында жаңа ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Ағымдағы жылдың 4 тоқсанында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Осы заман талаптарына сай салынған амбулаторияға жоғарғы санатты дәрігер маманы ауадай қажет.

Әлеуметтік сала: Округ бойынша 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларына І тоқсанда – 38 отбасы; ІІ тоқсанда – 29 отбасы; ІІІ тоқсанда – 36 отбасына жәрдемақы беріліп, 30 тұрмысы төмен отбасына тұрғын үй көмегі берілді. Қоғамдық жұмысқа жыл басынан бері 7 адам тартылды. Әлеуметтік салада жұмыс істейтін 48 адамға қыстық отын, көмір сатып алуға жергілікті бюджет есебінен көмек берілді. Округ бойынша 1,2 топтағы мүгедектер саны – 20, бала кезінен мүгедектер саны – 7. 18 жасқа дейінгі балалар саны – 527.

Мәдениет және спорт саласы: Көпбірлік ауылында 3500 кітап қоры бар, 1 кітапхана мен ауылдық мәдениет үйі жұмыс істейді.

Ауыз сумен қамтылуы: 2013 жылдың ІІ тоқсанында Көпбірлік ауылына таза ауыз су жүргізіліп, 157 тұрғын үй мен қоғамдық нысандағы ғимараттарға су тартылды. Қарақұм ауылын ауыз сумен қамту бүгінгі күнде өзекті мәселенің бірі болып отыр. Қарақұм ауылының тұрғындары ауыз суды 27 шақырым жерден тасып ішеді. Тасымалдайтын көліктің техникалық жағдайы күрделі жөндеуді қажет етеді.

Қоғамдық тәртіп: Ауылдық округте қоғамдық тәртіп сақтау бойынша қазіргі кезде учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Қамза Әлім 2012 жылдың қараша айынан бастап екі округке қызмет жасап келеді. Екі округтің ара қатынасы алшақ болуына байланысты екі округке дер кезінде қатынасуына қиындықтар туғызады. Округте мал ұрлығы бойынша 2 факті тіркелген, сол 2 факті толығымен ашылды.

Ауылдардың жағдайын жақсарту, олардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінкөтеру, сапалы денсаулық сақтау мен білім беру үрдістерін жүргізу алдағы жылдарға арналған жспарлар:

1.Алмалы- Көпбірлік автожолына күрделі жөндеу жүргізу.

2. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша несие алуға көмектесу.



3. 2013 жылы Көпбірлік ауылында жаңа ауылдық дәрігерлік амбулаторияның салуына байланысты, ескі амбулаторияның ғимаратын мектепке дейінгі шағын орталығына беруге ықпал ету.

4. Ә.Досқожанов көшесіне электр жарығын жүргізуге ықпал ету.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет