«Қызылжар ауыл округі әкімінің 2014 жылғы атқарған жұмыстары және 2015 жылға алға қойған міндеттері туралы есебі» Құрметті ауылдастар!



жүктеу 143.01 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі143.01 Kb.
«Қызылжар ауыл округі әкімінің 2014 жылғы

атқарған жұмыстары және 2015 жылға алға қойған

міндеттері туралы есебі»
Құрметті ауылдастар!
Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылдың 6 сәуріндегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 1546 және 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлықтарына сәйкес әр деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен кездесулері және есеп беру жиналыстары дәстүрге айналды.

Осыған орай, 2015 жылдың 14-29 қаңтар аралығында біздің де ауылдық округіміздің барлық елді мекендерде тұрғындармен есепті кездесулеріміз өтіп жатыр. Сонымен биыл қатарда алғашқы рет 19 қаңтар күні Шилісу ауылында және 15 шақырым жол учаскесінде, ал Ж.Жапаров атындағы орта мектебінің мәжіліс залында сағат 15-00 де Қызылжар ауылдық округінің әкімімен бірге аудан әкімінің қорытынды есебін береді. Себебі елді қайта-қайта жинамау үшін, бірге өткізу дұрыс деп шешілді. Алдымен ауылдық округінің әкімі есебін береді, содаң сон екінші болып аудан әкімі есебін береді.

Бұл кездесулерде күрделі әлеуметтік-экономикалық проблемалар көтеріліп, тұрғындарға қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі ұсыныстар түседі. Атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, алда тұрған мақсаттар анықталады.

Жаңа 2015 жыл құтты болып, тамыры тереңде жатқан біздің ауылымыз үшін алар асуы мен шығар биігі көп болсын.

Жаңа жыл бізді жаңа табыстарға, игі бастамаларға бастасын. Қандай заман болса да ауылымыздың бірлігі мен ынтымағынан жазбасын.

Қызылжар ауыл округіне қарасты үш елді мекенде 363 отбасында 1840 адам тұрады.

Округтің негізгі табыс көзі егіншілік пен мал шаруашылығы.

Ауыл және мал шаруашылығы саласы бойынша

Барлығы округ бойынша 1 – Қызылжар өндірістік кооперативі мен 49 шаруа

қожалық бар.

2014 жылғы шаруа қожалықтар бойынша себілген жер көлемі - 1353 га, оның 413 га күздік бидай,алынған өнім 667 тонна, 940 га жаздық арпа, 1384 тонна, 2,5 га картоп, 5,3 тонна,1 га көкөніс, 25 тонна өнім алынды.

Ал ауыл тұрғындары бойынша себілген көкөніс-13 га, алынған өнім -3,3 тонна,14,5 га картоп, алынған өнім – 30,4 тонна алынды

«Қызылжар» өндірістік коопеариві бойынша себілген егістік көлемі барлығы - 2597 га, оның ішінде күздік бидай – 1016 га, алынған өнім -518 тонна, жаздық арпа – 1416 га, алынған өнім -2891 тонна, софлор – 165 га.

Ауылдық округ бойынша мал қыстатуға қажетті мал азығы шөп, сабан, жемге берілген тапсырма бойынша:

Шөп жоспар 8110 тонна, орындалғаны 100 пайызға.

Сабан жоспар 1100 тонна, орындалғаны 100 пайызға.

Жем жоспар 454 тонна, орындалғаны – 100 пайызға орындалды.


Мал басы 01.01.2015 жылға қой 11663 бас, ешкі 3067 бас, ірі қара 2060 бас, жылқы 705 бас, құстар барлығы 3270 басты құрады.

Округ бойынша ұжым мен жеке шаруашылықтарда 22 астық оратын комбайн, 30 трактор, 29 автомашина бар.



Жергілікті салық төлемдері бойынша

1.Жер салығы 115903 теңге болжам бойынша, құйылғаны 115903 теңге 100 % орындалды.

2.Мүлік салығы 20378 теңге болжам бойынша, құйылғаны 21497 теңге 105 % орындалды.

3.Автокөлік салығы 930910 теңге болжам бойынша, құйылғаны 930910 теңге 100 % орындалды.

Барлығы округ бойынша бір жылға салық мөлшері 1,068,310 теңгені құрайды.

Сауда және халыққа қызмет көрсету саласы

Қызылжар ауылдық округінде сауда және халыққа қызмет көрсету елді мекендерде 5 жеке дүкен, 2 дүнгіршек және 1 тойхана, 1- АЗС жұмыс жасайды. Барлық сауда орындары аудандық салық басқармасында тіркеуде тұр. Уақтылы халыққа қызмет көрсетіп отырады.



Жұмыс істеп тұрған кәсіп орындар

Қызылжар ауыл округі бойынша 1 – Кирпич заводы жұмыс жасаған,

бүгінгі күнге тоқтап тұр.
Әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту саласы

Зейнеткерлер саны 139 адам

Мүгедектер саны – 67 адам

Ауған соғысына қатысқандар – 7 адам

Батыр аналар саны – 71 оның ішінде:

«Алтын алқа» наградасына ұсынылып наградталғандар – 41 ана

«Күміс алқа» наградасына ұсынылып наградталған аналар саны – 30

Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының жанынын құрылған Ақсақалдар алқасы және Әйелдер кеңесі жұмыс істейді.

Ақсақалдар алқасы және Әйелдер кеңесі мүшелері ауыл тұрғындарымен тығыз байланыс жасап, ауыл тұрғындарымен жиындар өткізіп, үйлерінің шырқын бұзған ауыл жастарымен жұмыстар жүргізіп, отбасыларының сақтап қалуына көп көңіл бөледі.

2014 жылдың жыл басынан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыны 28 жанұяның 101 балаға төленген қаржы 1122312 тенге, Өздері жылытатын үйде тұратын үй көмегін алуға 15 жанұяға төленген қаржы - 49085 тенге.

Мүмкіндігі шектеулі балалар саны 5 бала. Қызылжар ауылында - 3 бала, Шилісу ауылында – 2 бала барлығы үйде тәрбиеленеді. Мүмкіндігі шектеулі мүгедектердің ішінде спортқа қатысатындары жоқ. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қарайтын маман жұмыс жасайды. Жылдық жұмыс жоспары бар. Жоспар бойынша жетісіне екі реттен 2 сағаттан мүмкіндігі шектеулі балаларды аралып тұрады. Жаңа жыл мерекесіне 15000 теңге қайырымдылық көмек, ал 1 маусым балаларды қорғау күніне 10000 теңге қайырымдылық көмек көрсетілді. Осы қайрымдылық көмекке демеушілік көмектерін жеке кәсіпкерлер Е.Жанұзақов, К.Ормановалар көрсетіп жатыр.

Еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны 35, оның І топта – 3 адам, ІІ топта - 16 адам, ІІІ топта – 12 адам. Олардың жұмыс істейтін ІІ топ мүгедектері 3 адам, өз бетінше жұмыс жасайтындар саны 1 адам, жұмысқа орналасқаны 2 адам.

Ауыл округі бойынша жұмыссыздар есебінде тұрғандар саны 11 адам.

Жұмысқа орналасқандар саны 3 адам, жаңа жұмыс орны ашылып, жұмысқа тартылғандар саны 17 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандардың саны 5 адам, кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру үш айлық курстарға барғандар саны 4 адам.



Денсаулық саласы

Қызылжар ауылдық округі бойынша 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 1 фельшерлік бөлімше ауыл тұрғындарына қызмет жасайды.

Округ бойынша 2- жоғары буынды дәрігер, 10 орта буынды медициналық қызметкерлер, 1 күзетші, 1 санитарка, 1 автокөлік жүргізушісі қызмет етеді. 2014 жылы 25 бала дүниеге келіп, 7 адам дүниеден қайтты.

Медициналық көмек көрсету кезінде тегін дәрі дәрмекпен ауыл тұрғындарын қамтамасыз етеді. Оның ішінде диспанцерлік учетта тұрғандар, балалар, жасөспірімдер, жүктілік кезінде 3 рет дәрі - дәрмек жүкті әйелдерге тегін беріледі. 1 жасқа дейінгі балаларға тегін аптечка және тамақ тегін таратылады.

Амбулаторияда күндізгі жататын 3 статционарлық орын бар. Күндіз жатып емделушілер келіп жатады. Медициналық қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Амбулаторияның автокөлігі бар. Сырта отырған шаруа қожалықтарына, жеке тұлғаларға шығып, медициналық көмектерін көрсетіп отырады. Уақтысында қан алу, егу, ренгенге түсіру жұмыстарын жұмыс жоспар бойынша жасалуда. Жұқпалы ауырулардың алдын алу мақсатында іс шаралар жасалынып, аурудың алдын алу үшін үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде. Шұғыл көмек көрсету үшін алғашқы көмек көрсету дәрі қобдишалары мен басқа да техникалық құралдары бар.

2014 жылы туберкулез- 1, гепатит және басқа да жұқпалы ауырулар болған жоқ. Бруцеллез – 1 адам тіркелді.


Білім саласы

Қызылжар ауылдық округінде 1 Ж.Жапаров атындағы орта мектеп, 1 Шилісу негізгі мектеп бар. Барлық оқушылар саны – 348 бала, оның ішінде шағын орталықтағы тәрбиеленушілер саны - 25 бала.

Оқу жылының басынан Ж.Жапаров атындағы орта мектеп – шағын орталығыда көп балалы отбасы 14 отбасы 46 оқушы, аз қамтылған 17 отбасы 30 оқушы, жетім бала жоқ, жартылай жетім 11 оқушы 8 отбасы, ата – ана қамқорлығысыз 1 бала қамтылған. Ж.Жапаров атындағы орта мектеп – шағын орталығы «Жалпыға бірдей білім беру» қоры есебінен 18 оқушы (1 жартылай жетім, 1 ата- ана қамқорлығысыз қалған, 3 көп балалы, 13 жағдайлары төмен отбасы оқушылары тегін тамақтандырылады). Арендатор есебінен 10 оқушы (2 жанұя жағдайлары төмен, 8 көп балалы отбасылар) тегі тамақтандырылады. Қыркүйек айында «Қайырымдылық» акциясы барысында 16 оқушы әр түрлі категориядағы 180,000 теңгеге киім – кешек және оқу құралдары алынып берілді. Қаңтар айында 45 оқушыға 42,600 теңгеге оқу құралдарын мектеп мұғалімдері демеушілік көмек көрсетті.

«Жалпыға бірдей білім беру» қоры есебінен қыркүйек айында 12 оқушыға 101,000 теңгеге мектеп формасы мен аяқ киім алып берілді. 3 оқушыға Жаңа жылдық мерекеге қатысу үшін киім- кешек алып берілсе, 3 оқушыға балалар күні қарсаңына сыйлықтар берілді.

Жазғы сауықтыру жұмыстарына байланысты мектеп жанынан спорттық лагерь ІІІ – маусымға 60 оқушыны қамтығалы отыр. Әр маусымға 20 оқушыдан әр түрлі категориядағы оқушылар лагерьде демалады. І – маусым 14 шілдеден басталады. 5 оқушы Қапчағайдағы (Лагерь) “Рахат” сауықтыру орталығында демалып қайты, оның 1 оқушы Кәсіподақ атынан барды. Сонымен қатар мектепте көгалдандыру бригадасында 75 оқушы, ал 20 оқушы өндірістік - құрылыс бригадасында яғни мектептің жөндеу жұмыстарына көмектесуде. Жоспарға сәйкес сынып жетекшілері оқушыларды Шоқан Уалихановтың музейіне және табиғат аясына топ саяхаттарға апаруда.

Медициналық көмек қажет уақтысында көрсетіліп тұрады. «Д» учетта тұрған оқушыларға тегін дәрімен қамтамасыз етіліп жатыр. Тазалық жұмыстары мектептерде үнемі қадағаланып тұрады. Қол жуғыштар барлық пән кабинеттеріне алынған, гигиеналық қажетті құрал жабдықтармен қамтамсыз етілген.

Ал Шилісу негізгі мектепте көп балалы отбасы 4 отбасы 10 оқушы, аз қамтылған 3 отбасы 6 оқушы, Жартылай жетім 3 отбасы 4 оқушы қамтылған. 5 оқушы Қапчағайдағы (Лагерь) “Рахат” сауықтыру орталығында демалып қайтты. Жазғы сауықтыру жұмыстарына байланысты мектеп жанынан лагерь ІІІ – маусымға 25 оқушыны қамтығалы отыр. І маусымға 8 оқушы, ІІ – маусымға 8 оқушы, ІІІ маусымға 9 оқушы түрлі категориядағы оқушылар лагерьде демалады. І – маусым 14 шілдеден басталады.

«Жалпыға бірдей білім беру» қоры есебінен 5 оқушы тегін тамақтанса, . арендатор есебінен 6 оқушы тегін тамақтандырылады. Қаңтар, ақпан айларында 17 оқушыға мектеп құралдары 9000 теңгеге алынды. «Жалпыға бірдей білім беру» қоры есебінен 8 оқушыға киім – кешек 74000 теңгеге алып беріп, таратылды. Балаларды қорғау күніне ауданда өткен іс шараларға екі бала қатысып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Жалпыға бірдей білім беру» қоры есебінен көп балалы отбасылар балаларына, аз қамтылған отбасыларының балаларына, жартылай жетім балаларға 24896 теңге қаржы бөлініп, 144 дәптер, 8 қалам, 2 сумка, 1 куртка, 2 спорттық киім, 1 красовка алып, таратылып берілді. Медициналық көмек қажет уақтысында көрсетіліп тұрады. «Д» учетта тұрған, тұмаумен ауырған оқушыларға тегін дәрімен қамтамасыз етіліп жатыр. Тазалық жұмыстары мектептерде үнемі қадағаланып тұрады. Қол жуғыштар барлық пән кабинеттерінде бар.

Мектептерде шығып жатқан аурулардың алдын алу үшін іс шаралар жоспары жасалынып, уақтысында егу жұмыстары жүргізілуде. Мектептерде жұқпалы ауырулар болған жоқ. Ауыз сумен үнемі қамтамасыз етілуде.

Мектеп аралық жарыстарға, аудан аралық жарыстарға оқушылар қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Аудандық, облыстық жарыстарға (еркін күрес, волейбол, тоғыз құмалақ, шашки, шахмат) жарыстарына қатысып, облыстық қазақша күрестен Сайлаубай Елдар І – орынды жеңіп алып, чемпион атанды. Өмірқожа Н, Нұрсерік Н, Әбілқасым Қ - ІІ – оынды жеңіп алып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар Волейболдан мектеп командасы арасында аудан аралық жарыста І орын алып, Сыдықов Ақан облыстан жеңімпаз атанып, Республикалық жарысқа жолдама алды.

Мектеп аралық 8 наурыз мерекесі қарсаңына «Толағай» отбасылық жарысы ата- аналар арасында өтті.

Мәдениет саласы бойынша

Округ бойынша Шилісу ауылында 1 клуб, Қызылжар ауылында 1 ауылдық кітапхана жұмыс жасайды. Онда 3 мәдениет қызметкерлері мен 1 кітапханашы халыққа қызмет көрсетеді. 2014 жылдың қортындысы бойынша Қызылжар ауылында 37 - іс шаралар ауылда, аудан бойынша өткізілсе, Шилісу ауылы бойынша 28 іс шараларға өткізілді. Осы байқаулардың нәтижесінде ІІ орын – 2, ІІІ орын - 3 жеңіп алды. Жеңімпаздарға мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ал 2014 жылы Қызылжар мәдениет қызметкері -18 іс шара, Шилісу мәдениет қызметкері – 14 іс шара өткізді. «Би көктемі», «М.Мақатаев өлеңдері мен әндері» аудан аралық байқауына қатысып, І үміткер - І орын, 1 үміткер - ІІІ орын жеңіп алып, мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар ауылдарда «Қайырымдылық шаралар», «Тәлімдік сабақ», «Ауызша жорнал», «Дөңгелек стол», «Саяси сабақ», мерекелік іс шаралар өткізіп тұрады. Әр мереке сайын мерекелік концерттік бағдарламалар қойыып отырады.

Қызылжар ауылдық кітапханада 8339 кітап қоры бар. Кітапхана оқырмандар саны 360. Айтулы ақын жазушылар, мерекелік мейрамдар, дөңгелек стол, әдеби сазды кеш, тақырыптық кеш, әдеби сазды компазицияларға өткізілген 2014 жылы өткізген іс – шаралар саны – 15.


Елді мекендердің ауыз су мәселесі

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Қызылжар ауылына су құбыры 2012 жылы жүргізіліп 2013 жылы толық аяқталды. Осы жұмысқа 81 мил. 977 мың теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі күнге 110 үйдің ауласына су құбыры жүргізілсе де толық қосылмай отыр, сондықтан Сарыөзек су құбырынан бөлінген жұмысшыға жалақысы төленбей, сонымен қатар орталық су жинақтау емкосқа суды толтырып отырғанға электер энергиясына төлейтін қаржының жиналмағанынан қарыз болып отырмыз. Сондықтан ауыл тұрғындарының жиналысын өткізіп, су құбырының жұмысын 2015 жылдың көктем айына дейін тоқтатып отырмыз.


Санитарлық тазалық, көркейту, көгаландыру жұмыстары

Қызылжар ауыл округін абаттандыру, көркейту, санитарлық тазалық шараларын өткізу туралы ұсынысы бойынша Қызылжар ауылында көктемгі санитарлық айлығы барысында 2 рет сенбілік ұйымдастырылды. Айлық барысында аул тұрғындары аулаларындағы 640 тонна қатты тұрмыстық қалдықтарын шығарып, Қызылжар ауылындағы көпір асты қоқыстардан тазаланды. Ауыл тұрғындары аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізіп, үйлерінің сыртына әктеу жұмыстарын жүргізді. Қызылжар ауылында орналасқан ескерткіштің ауласы, мешіттің ауласы, кафенің ауласы, әкиматтың аулалары тазаланып, гүлзарларға гүлдер отырғызылды.

Көктемгі санитарлық тазалық айлығы барысында тазалық жұмыстарын жүргізуге ақылы қоғамдық жұмыстарға 5 жұмысшы тартылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған жұмысшылардың көмегімен 15 шақырым мен Қызылжар арасындағы жолдардың екі жағы тазаланды. Акимат, мешіттің талдары қиылды. Алтынсарин көшесінің бойын, Бармақ батыр көшелерінің бойындағы жолдардың екі жағы арам шөптер мен күл- қоқыстардан тазартылды. 15 шақырым мен Сарыөзек жол бойындағы күл- қоқыстарды төрт рет тазалап шықтық. Бармақ батыр кесенесінің іші – сырты арам шөптерден тазаланып, қоршаулары әктеліп, есіктері краскіленді. 15 шақырымдағы ауыл атын қайта жаңартып, жалаушаларын ауыстырып, краскілеп шықтық.

Жастар саясаты және спорт

Қызылжар ауылында 14 -29 жастағы жастардың саны - 553,оның ішінде ерлер саны - 286, әйелдері - 266, орысы - 5, ұйғыры - 5, украйн - 2, мемлекеттік қызметте - 2, бюджеттік қызметте - 15, өзін өзі жұмыспен қамтыған - 42, жұмыссыз жастар саны - 10, мүгедектер саны - 3.

Қызылжар ауылы әкімшілік аппаратына жастар ісі жөніндегі нұсқаушы маман жұмысқа қабылданды. Ауыл округі жастарының қатысуымен Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау жасалды.

Ауған соғысына 25 жыл толуына орай 12 ақпан 2014 жылы қайырымдылық шаралары өткізілді. 13 ақпан 2014 жылы Ж.Жапаров атындағы орта мектеп – шағын орталығының оқушыларымен дайындаған “Ауған соғысы ұмытылмақ емес” атты іс – шаралар өтті.

Мәулет күніне “Дін имандылық бастауы” атты дөңгелек үстелге мектеп оқушыларымен сұхбаттасу шаралары өткізілді.

27.02.2014 жылы Кербұлақ ауданының жастары арасында “Нұр Отан” партиясының 25 жылдығына орай “Болашаққа нық қадам”атты тақырыбындағы КТК ойынны өткізілді.

8 наурыз Халық аралық әйелдер күні жастардың қатысуымен жиналыс өткізіп, Ардақты аналарды марапаттаумен қатар концерттік бағдарламалар қойылды.

Ал жастардың қатысуымен 22 наурыз Ұлыстың ұлы күнінне іс- шаралар өткізілді, мерекелік концерттік бағдарламалар қойылды. Наурыз мерекесін өткізуге ат салысты. Бүгінгі күнге жастар ісі жөніндегі мамандар өздеріне тапсырылған жоспарлары бойынша жұмыстарын атқарып жатыр.

Ауыл көлемінде бұқаралық спортты насихаттау, спорттың әр түріндегі талантты спортшыларды анықтау барысында окргу әкімі аппаратының спорт нұсқаушысы жұмыс жасайды. Спорттық іс шараларға байланысты жұмыс жоспарлары жасалынған. Ауылда, ауданда өтетін спорттық іс шараларға ауыл жастары белсене қатысып келеді. Аудан аралық волейболдан 15 округте турнир өтті, осы турнирге ауыл командасы қатысып шықты. Спорт нұсқаушысы аудан, ауыл аралық 18 іс шаралар өткізіп, жастарды әр түрлі спорт түрлеріне қатыстырды. Әйелдер арасындағы волейболдан жарыста 8 наруыз мерекесі қарсаңында ІІ орынға ие болды. Оқушылар мектеп аралық жарыста ІІІ орынға ие болды. Қызылжарда өткен волейболдан жарыста Қызылжар командасы ІІ орынды иеленді. Қызылжар ауылында өткен шахматтан ауылымыздың азаматы (марқұм) Құранбеков Самай Жанысбекұлын еске алуға арналған жарыс өтті. Осы жарысқа Самай Жанысбекұлының баласы, інілері демеушілік көмектерін көрсетіп, жеңімпаздарға мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Осы жарысқа Самай Жанысбекұлының інісі Бейсен Құранбек қатынасты.

Спорттың волейбол, футбол, баскетбол, қазақша күрес, шахмат, тенис, көкпар ойындарына барлығы 152 жастар арасындағы спортшылар қатысады.

Округ әкімінің аппаратында жастар ісі жөніндегі маман жұмыс жасайды.

Жыл басынан бері 6 - іс шара өткізді. 8 наурыз, 22 наурыз, 1 мамыр, 9 мамыр, Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу, «Дін имандылық бастауы» дөңгелек стол мекеме жастары арасында өтті. Осы мақаласы Кербұлақ жұлдызы газетінде жарияланды. Аудан аралық «Патриоттық ән» байқауына, КВН – ға қатысып ІІІ орынға ие болып, мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Әскери есептік бөлім

Көктемгі әскери-медициналық комиссияға шақырылған әскери міндеттілер саны-20. Студенттер саны- 10, анықтамалары бар.

ҚР Қарулы күштер қатарына кеткендерт саны - 12. Әр түрлі себептермен жарамсыздар саны – 6. Әскер қатарына баратын 2- бала қылмыстық жауапқа тартылғандығы бойынша іздеуде жүр.
Байланыс саласы

Округ көлемінде қоғамдық көлік қатынасы жоқ. Ауыл тұрғындары

жекеменшік көліктерімен таситындармен аудан орталығына барып келеді.

Округте бір АТС жұмыс істейді. Қызылжар ауылында «Қазпошта» бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді.

. Округ бойынша 231 телефон нүктесі бар, оның ішінде 13 телефон заңды

тұлғаларда. Округке қарасты елді мекендерінде «Актив»,

«Теле-2» және «Белаин», «Кисел» байланыстары жұмыс істейді.

Ауылдық әкімшіліктегі жұмыстары бойынша

Ауыл округі әкімінде қабылданған шешім – 8, өкім – 37, тұрғындардан келіп түскен өтініштер – 9, заңды тұлғалардан түскен өтініш саны -1, берілген анықтамалар саны – 609, жалпы жиналыс саны-12, жоғары ұйымдардан келіп түскен құжаттар – 107, шығыс құжаты 126.



Ауыл округі бойынша мекемелер қысқа дайындығы туралы.


р/с

Мекеме атауы

Жылыту мерзіміне қажетті сұық, қатты отын(литр,

тонна)


Әкелінген отын сұық, қатты отын(литр,

тонна


%

1

Ауыл әкімдігі

7 тонна

7 тонна

100

2

Қызылжар ө/к

3 тонна

3 тонна

100

3

Амбулатория

10 тонна

10 тонна

100

4

ФАП

3 тонна

3 тонна

100

5

Ауылдық почта

8,5 тонна

8,5 тонна

100

6

Ж.Жапаров атындағы орта мектеп

31011

25626

83

7

Шилісу негізгі менктеп

3413 литр

3413 литр

100



2014 жылғы қылмыстар бойынша





өлшем бірлігі

2014 жыл

Тіркелген қылмыс

саны

10

Ашылған қылмыс саны

саны

7

Ашылмағаны

саны

3

Мал ұрлығы - 4, заңсыз ағаш кесу–3, рұқсат етілмген жерге күл-қоқыс төгу – 3.



Ашылған қылмыс саны 7 олар ұсақ қылмыстар, ал ашылмаған -3 қылмыс мал ұрлығы.



  1. Келешекте жоспарға Шилису ауылына су құбырларын жүргізу жұмыстарына қаржы бөліп, су құбырын тартуды қажет етеді.



Қызылжар ауылдық округінің әкімі А.Қаспанов


Қызылжар ауылдық округінің әкімі

А.Қаспановтың 2014 жылғы кешенді

әлеуметтік - экономикалық даму

бағдарламасы бойынша атқарған

жұмысы мен 2015 жылға алға қойған

міндеттері туралы баяндамасы.


Қызылжар ауылы


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет