Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2014 жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы есепті баяндамасының тезисі



Дата03.07.2016
өлшемі33.44 Kb.
Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2014 жыл ішінде

атқарған жұмыстары туралы есепті баяндамасының тезисі

2014 жыл ішінде атқарылған жұмыстар Президентіміздің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларынан туындайтын тапсырмаларды орындауға, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың орындалуына жұмыс жасауға, облыс басшысының берген тапсырмаларының іске асырылуы, бюджеттің орындалуы және бюджет қаражатының игерілуі, тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған басқа да мәселелердің қамтылуына, өткен жылғы есеп беру жиналыстарында тұрғындар тарапынан айтылған сын-ескертпелерін іске асыруға бағытталды.

Ауылдық округке 3 елді мекен жатады. Олар Құрлыс селосы, Жаныс би және Шеңбертал ауылдары. Округ аумағының жер көлемі - 28,8 мың шаршы метрді құрайды. Округ бойынша жалпы халық саны - 2300.


Округте 3 орта мектеп, 3 балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік пункт, «Мәні» мәдениет үйі, орталықтандырылған модельдік кітапхана, «Қазпошта» бөлімшелері, электр желілерін тарату, телеарна тарату, «Қазақтелеком» байланыс бөлімшелері мен су шаруашылығы мекемесі халыққа қызмет көрсетуде. Сондай-ақ мектептер жанынан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және өнер мектебінің бөлімшелері қызмет жасауда.

Ауданымызға тартылып жатқан «КС-13-Шетырғыз-Ырғыз» газ құбыры округтің территориясынан өтуде. Алдағы жылдары Жаныс би, Шеңбертал, Құрылыс ауылдары осы жобаға қосылатын болады.

Инфрақұрылымды жақсарту мақсатында «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолынан Құрылыс ауылына дейінгі 6 км жолды күрделі жөндеуден өткізуге жобалық сметалық құжаттары жасақталуда.

Округіміздің Жаныс би және Шеңбертал елді мекендері үшін жер асты су қорлары зерделеніп қойылды.

Денсаулық сақтау желісін дамыту мақсатында 2016 жылы Қызылжар ауылдық округінің Жаныс би ауылынан 18,0 млн. теңге болатын медициналық пункт құрылысын салу жоспарлануда.

Селолық округте 63 ауыл шаруашылық құрылымы жұмыс жасайды. 5 өндірістік кооператив, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 1 селолық тұтыну кооперативі және 56 шаруа қожалығы бар. Мал басы барлық түрінен өсімді көрсетті. Оның ішінде мүйізді ірі қара - 4561, қой-ешкі - 13439, жылқы - 1530, түйе - 241, құс - 1281 басты құрады. Ет 10841 цн, сүт 13467 цн, жүн 146 цн өндірілді. Округте шаруа құрылымдары мен жеке қожалықтың қатысуымен далалық алқаптан 17865 тн табиғи шөп дайындалып, тасылды.

Қоғамдық табындағы мал тұқымын асылдандыру мақсатында қоғамдық табынға 4 бас және жеке табындарына 26 шаруа қожалық 26 бас қазақтың ақбас бұқасын сатып алып, табындағы әр аналық басына 18,0 теңгеден субсидия алуда.

Жеке қаражатының есебінен «Аймар» ШҚ 1 бас, «Барс-62» ЖШС 1 бас, «Жұлдыз» ЖШС 1 бас абердиноангус асыл тұқымынан мал кірістеп, ірі қара малын асылдандыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізуде.

Округ бойынша кәсіпкерлік субъектілер саны - 89. Жеке кәсіпкерлер саны – 26, оның ішінде - 18 сауда нүктесі халыққа қызмет көрсетіп отыр.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында «Кеңдала» өндірістік кооперативі 1,0 млн, «Тұлпар» шаруа қожалығы 3,0 млн, «Жұлдыз» ЖШС-і 3,0 млн несие алып, ауылшаруашылығын өркендету мақсатында жұмыс жасауда. Осы бағдарламаның негізінде Ж.Жұбатова 400 мың теңге несие алып, шаштараз қызметін көрсетсе, Ж.Жақсылықова 3,0 млн несиеге кіші наубайхана құрылысын аяқтап, тұрғындарға сапалы азық-түлік ұсыну жұмысын бастауда.

Мүгедектерді оңалту бағдарламасы негізінде Б.Алманов орта мектебіне 1 мүгедек тұрақты жұмысқа орналастырылды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша округ орталығындағы Б.Алманов атындағы орта мектебі 77,4 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткізіліп, жөндеу жұмыстарына 29 жұмыссыз тартылды.

Округ бойынша 3 елді мекенде телефон байланысы жолға қойылған.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 1 адам кәсіптік оқуға, шаруашылық құрылымдарына әлеуметтік жұмысқа 2 адам орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 12 жұмыссыз тартылып, жастар практикасынан 2 жас маман өткізілді.

Құрлыс селосында орталықтандырылған су құбыры жұмыс жасап тұр. Жаныс би және Шеңбертал елді мекендерінде ауыз су құдықтары пайдаланылады.

Округтегі барлық әлеуметтік мекемелер мен кәсіпорындардың жылу жүйесі қалыпты жұмыс жасауда.

«Мәні» мәдениет үйінің ұжымы 2015 жылы Халық театры атағын және отбасылық ансамбль атауын қорғауға үздіксіз ізденіп, тынымсыз еңбек етуде.

Қалыбай ауылында өткен ауыл жастарының ХІІІ-спартакиадасында округ құрамасы жалпы командалық есеп бойынша жүлделі екінші орынды иеленді.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында биылғы жылыда Құрлыс ауылының Б.Белесов көшесіне 15 нүктеге көше жарық шамдары орналастырылды.

Жазғы уақыттағы емдеу сауықтыру мақсатында Ақтөбе қаласына «Шағала» санаторийінде 2 бала, «Ақбота» сауықтыру орталығына 1 бала тынығып қайтты.

Ұлттық және мемлекеттік мерекелер қарсаңында салтанатты шаралар мен спорттық жарыстар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.



Қызылжар ауылдық округінің

әкімі Қ.Айтқұлов
Каталог: sites -> default -> files -> Node 9865
Node 9865 -> Жайсаңбай селолық округі әкімінің міндетін атқарушы Байтақов Ғалымбек Қалмағанбетұлының 2013 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстар жайлы есебі
Node 9865 -> Нұра ауылдық округі бойынша 2015 жылғы 12 ай ішінде атқарылған жұмыстар бойынша округ әкімі Ж. Төлебайдың есепті баяндамасының тезистері
Node 9865 -> Тәуіп ауылдық округі әкімі К. Тілеужановтың «Тәуіп ауылдық округінің 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы» есепті баяндамасы
Node 9865 -> Тәуіп селолық округінің әкімі К. Тілеужановтың 2013 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттер жөнінде есеп беру баяндамасының тезистері
Node 9865 -> Ырғыз ауылдық округінің әкімі А. А. Сариннің 2015 жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттер жөнінде есеп беру баяндамасының тезисі
Node 9865 -> Құмтоғай ауылдық округінің әкімі Е. Жүсіповтың 2013 жылғы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі
Node 9865 -> Қызылжар ауылдық округі бойынша 2013 жылғы атқарылған жұмыстар бойынша округ әкімі Қайрат Айтқұловтың есепті баяндамасының тезистері
Node 9865 -> Ырғыз селолық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы А. Сариннің 2013 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттер жөнінде есеп беру баяндамасының тезисі
Node 9865 -> Жайсаңбай ауылдық округі бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар бойынша Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі
Node 9865 -> Ырғыз ауылдық округінің әкімі А. А. Сариннің 2013 жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттер жөнінде есеп беру баяндамасының тезисі


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет