Қызылорда, 2013 ж. Дүниежүзілік көрме 2017



Дата10.06.2016
өлшемі174 Kb.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті

Анықтама-библиографиялық және әдістемелік бөлім



«ЭКСПО – 2017» – БОЛАШАҚТЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ

Библиографиялық ұсыныс тізім

Қызылорда, 2013 ж.

Дүниежүзілік көрме 2017

Экспо 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне  дейін  Қазақстанның елордасы  Астана  қаласында  Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын  Халықаралық көрме.

Ұйымдастырушы қаланы таңдау

Ұйымдастырушы қаланы таңдау рәсімі  2012 жылдың 22 қарашасында Парижде Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас Ассамблеясының 152-ші сессиясы кезінде таңдалды. Қазақстанның Астана қаласы дауыс берушілердің 103 дауысын жинап, 44 дауысты жинаған бельгиялық Льеж қаласын артта қалдырды 2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінімін тапсырды. Сөйтіп 10 маусымда Қазақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау науқанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі жыл соңына дейін өтінім құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көрмені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін.



«ЭКСПО – 2017» – қазақ елінің ең ірі жобасы

Қазақстан Көшбасшысы Ақордадағы өңірлерді дамыту жөніндегі кеңесте еліміздің «ЭКСПО - 2017» жаһандық көрмесін өткізудегі жеңісінің маңыздылығын түсіндіріп берді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, дүниежүзінде дағдарыстың жалғасып, ал әлем елдерінің қиындық кешіп жатқандығына қарамастан, Қазақстан өз халқының өмірін жақсартып, әл-ауқатын арттырып келеді. «Халықтың жан басына шаққандағы шынайы кірістері тағы төрттен бірге артты. Ел экономикасы биыл 5 пайыздан артыққа өскелі отыр. Мұндай жетістіктермен қазір әлемде көп ел мақтана алмайды» дейді Елбасы. Бұл ретте 2017 жылы халықаралық «ЭКСПО» көрмесін өткізетін орын ретін­де жаһан таңдауының Қазақстанның бас қаласы - Астанаға түсуі - Мемлекет бас­шысының бағалауынша, халықаралық қо­ғамдастықтың «біздің жеңістерімізді ғана емес, сондай-ақ орасан зор перс­пек­тивамызды мойындауы болып табылады.


- Меніңше, қазақстандықтар, біздің қазақ мұның маңыздылығын әлі түсінген жоқ, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. - Біле білсек, бұл - тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның халықаралық сахнадағы ең үлкен жетістігі!

Шынында, «ЭКСПО - 2017»-мен ауқымы жөнінен елімізде өткен ешқандай іс-шара деңгейлесе алмайды. Елімізде, бас қаламызда ұйымдастырылған ірі жиындарға әлемнен әрі кеткенде, бірнеше мың қонақ келсе, ал жаһандық жетістік­тер көрмесін қызықтау үшін мемле­ке­тіміздің елордасына жыл бойы жер-жа­һанның шартарабынан бес миллиондай турист келуі ықтимал. 


«ЭКСПО - 2017» қазақ елінің бұрын-соңды болмаған ең ірі «имидж-жобасына» айналмақ. Қазақстан Президенті «ЭКСПО» енді бес жылдан кейін қайда өтеді?» деген сауалдың жауабын адамзат бүкіл әлем болып іздегендігін айтады. Себебі Халықаралық көрмелер бюросына дүниежүзіндегі 161 тәуелсіз мемлекет мүше, сайлауға сол елдердің барлығы қатысты. «Олардың барлығы Қазақ­стан­ның қайда екендігін, Астананың не екен­дігін талқылады, олардың барлығы өз таңдауларын білдіру үшін біздің еліміздегі ахуалды саналы түрде зерттеді. Олардың барлығы ақыр соңында осынау жаһандық ауқымдағы көрмені өткізуді Қазақстанға, Астанаға саналы түрде сеніп тапсырды» деп түсіндіреді Елбасы.
Рас, «ЭКСПО»-ны өткізу үшін ел бюджетіне біраз шығын шығаруға тура келмек. Ел Үкіметі оның аясында мә­селен, әлемдегі артта қалған біраз елдерге көмек көрсетпек, бұл үшін бюджетте 50 миллион теңгедей қаражат қарасты­ры­лыпты.

Ал «ЭКСПО» Қазақстанға қандай пайда бермек?


- Біріншіден, әлемнің осыншама елінің Қазақстанды «ең лайықты» деп тануының өзі өте маңызды, - дейді Мем­лекет басшысы. - Екіншіден, 100-ден ас­там ел Астанада өз павильондарын салу үшін келеді. Үшіншіден, «ЭКСПО - 2017» көрмесіне біз ұсынған «Болашақтың қуа­ты» ұраны негізінде елордамызға жаһан­дағы мемлекеттер өздерінің жаңа техно­ло­гияларын жеткізеді, паш етеді. Іс жүзінде ІІІ-индустриялық революция «жасыл экономикадан» басталмақ. Бұл ретте қай елде «жасыл экономика» болса, соның қолында жаңа технологиялар бар. Ал жаңа технологияларсыз енді даму жоқ. Яғни «ЭКСПО - 2017» Қазақстан үшін эко­номикалық дамудың түбегейлі жаңа бетін ашудағы бетбұрыс бекетіне айнал­мақ! «Жасыл экономика» саласындағы же­тіс­тіктер паш етілетін осы жаһандық көрме үшін Астана қаласы жанында арнайы қалашық бой көтермек.

Мемлекетіміз ЭКСПО өткеннен кейін оны қалай пай­да­ланатындығын ендігі айқындап қойыпты. «Онда тұрғызылғанның бәрі бізде қалады, - деді Н.Назарбаев. - Бұл жаңа, «жасыл» технологияларды бүкіл Қазақстанда ен­діруге қызмет ететін зертхана-лаборато­рияға, ғылыми паркке айналады. Өйткені бүкіл әлем осы жолмен ілгері жылжитын болады»


Қазақстан Көшбасшысы «алдағы бес жыл бойы бүкіл әлемнің Қазақстан туралы айтатындығын» нықтайды. «Мен мұның айрықша маңыздылығын атап өткім келеді, - деді Президент. - Біздің елор­да­мызда ғылым мен техниканың барлық ең үздік әлемдік жетістіктері ұсынылады. Біздің өз халқымыз, көптеген қазақ­стан­дықтар болашақтың экономикасын өз көздерімен көруге мүмкіндік алады».
Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев «ЭКСПО - 2017(-ні «мега-жоба» деп жариялады. «Одан барлық өңіріміз пайда табады, - деді Мемлекет басшысы. -Бұл еліміздің инновациялық дамуына қуатты серпін береді».Сөз соңында Н.Назарбаев осы жетістік пен жеңіс - «мемлекеттің сарабдал саяса­ты­ның нәтижесі, халқымыздың еңбекқор­лығының арқасы» деп бағалады.

 

EXPO-2017 көрмесі Астанада өтеді



22 қарашада Қазақстанның астанада құпия дауыс беру арқылы EXPO-2017 көрмесін өткізіледі деп таңдалды. Астана әлемнің 100 елінен 4 миллион қонақты қарсы алатын болады.

Елдердің техникалық және технологиялық көрмесі Астанада 2017 жылы өтетін болады. Елбасының баспасөз қызметі хабарлағандай Астана Халықаралық Бас Ассамблеясы бюросының 152-ші көрмесінде құпия дауыс беру арқылы Белгияның Льеж қаласын озып Астана жеңіске жетті.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада технологиялық жетістіктердің халықаралық көрмесін өткізу туралы шешімді атай келе, бұл жеңістің маңыздылығын тарихи оқиғалармен атап өтті:

- «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең жақсы технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық даму тәртібін қалыптастырады. Сонымен қатар іс-шараларға құрлықтың он мыңдаған елінен миллиондаған адам келетін болады. Біріншіден, біздің елімізді әлемдік деңгейдегі оқиғаларды қабылдайтын лайықты орталық деп тануы. Екіншіден, Қазақстанның пайдасына шешілген таңдау біздің еліміздің жетістерін жоғары бағалайтындығы және оның жетістіктерін Еуразия өңірінің даму болашағы деп көрсетеді. Үшіншіден, жеңіс біз ұсынған «Қуатты болашақ» тақырыбымыздың өзектілігі. Және соңғы ең бастысы – Астана таңдауы Қазақстан халқының барлық күштерінің біріктіруі.

Елбасы барлық қазақстандықты жеңіспен құттықтады. Және ел алдында – осы көрмені лайықты деңгейде атап өтуді міндеттеді. EXPO-2017 көрмесін Астанада өткізу республиканың инновациялық дамуына серпіліс береді, сондай-ақ Қазақстанның жасампаз әлеуетін ашуға көмектеседі.



ЭКСПО – 2017. Халықаралық көрме

Әдебиеттер тізімі / Список литературы



Толық атауы / Полное названия

1

"EXPO-2017" Халықаралық көрмесі Астанада өтетін болды: дерек пен дәйек//Ақиқат.- 2012.-№12.-31 б.

2

Абдрахманов Сауытбек. ЭКСПО / С. Абдрахманов//Егемен Қазақстан.- 2012.- 28 қараша.- 5 б.

4

Абенова Светлана, В библиотечных планах - ЭКСПО / С. Абенова //Казахстанская правда.- 2013.- 27 февраля.- С.4.

5

Абылаев С. Индустрияландыру: әлемдік тәжірибе қандай?: Жаңа индрустрияландыру президент бағдарламасы / С. Абылаев//Ел.- 2009.-1 желтоқсан.-4 б.

6

Айтжанбай Гүлбаршын, Қазақтың кәдесыйы ғаламды таңғалдыра ала ма?: ЭКСПО - 2017" көрмесі. / Г. Айтжанбай//Айқын.- 2013.-22ақпан.-1-4б.

7

Алшанов Рахман. Экономика Казахстана за 20 лет: минерально-сырьевой комплекс / Р. Алшанов//Казахстанская правда.- 2011.-14 октября.-С.20-21.

8

Альмагамбетов Барлық, Караганды готовится к EXPO / Б. Альмагамбетов //Страна и мир.- 2013.-18 марта.-С.3.

9

Амангелдінің "Алтын қыраны": Сырбойлық белгілі суретші Амангелді Кененбаев//Сыр бойы.- 2013.- 9 ақпан.- 9 б.

10

Артымович Любовь.Радостные сердца: Астана ликует в честь победы за право проведения EXPO - 2017. / Л. Артымович//Литер.- 2012.-24ноября.-С.1-2.

11

Атақ- даңқы артқан, абыройы асқан Астана!: ЭКСПО 2017//Егемен Қазақстан.- 2012.- 24 қараша.- 2-3б.

12

Ауқымды көрме айшықтары: ЭКСПО- 2017//Егемен Қазақстан.- 2013.- 16 наурыз.- 2 б.

13

Әлмаханұлы Жолдасбек, Байқоңыр өңірі және туризм / Ж. Әлмаханұлы//Сыр бойы.- 2013.- 2 наурыз.- 1,2 б.

14

Әмірбекұлы Сейсен,"ЭКСПО-2017"көрмесі Қазақстанда өтуінің сыры неде?: "ЭКСПО - 2017"көрмесі./С.Әмірбекұлы//Айқын.- 2012.- 24қараша.-3б.

15

Биданова Айгуль, В поисках энергии будущего / А. Биданова//Казахстанская правда.- 2013.- 30 марта.- С.7.

16

Бишимбаев Валихан, К новым вершинам научного прогресса: Республика Казахстан к Дню первого президента получила знаменательный подарок. / В. Бишимбаев//Литер неделя.- 2012.-29ноября.-С.5.

17

Боготеть за счет бережливости: ЭКСПО-2017//Казахстанская правда.- 2013.- 30 марта.- С.7.

18

Бітікова Динара. Ұлы шараны ұйымдастыруға ұлттық жоспар қабылданды: ЭКСПО -2017 / Д. Бітікова//Егемен Қазақстан.- 2013.- 16 қаңтар.- 1,3 б.

19

Вааль Тамара, Работа над имиджем: В Казахстане начинается активная подготовка к выставке "ЭКСПО - 2017". / Т. Вааль//Неделя Литер.- 2013.-16нваря.-С.1-2.

20

Вена векторы//Үкімет бюллетені.- 2012.-№5.-66-69б.

21

Взять энергию у солнца: Инновации//Казахстанская правда.- 2013.- 6 марта.- С.4.

22

Владимирова Анна, Востребован опыт соседей: Ответственный секретарь МИД РК, комиссар международной выставки ЭКСПО -2017 побывал с рабочим визитом в КНР / А. Владимирова//Казахстанская правда.- 2013.- 21 марта.- С.2.

23

Глава МООС провел в ЮКО совещание по вопросам перехода Казахстана на "зеленую" экономику//Экологический курьер ІNT(вкладыш Атамекен).- 2013.-1-15марта.-С.2.

24

Дүйсебаев Жексенбай, Қазақстан феномені: Ел экономикасын нақтылау -жарқын болашаққа жол ашудың негізгі бағыттарының бірі / Ж. Дүйсебаев //Дала мен қала.- 2013.-18 ақпан.-3б.

25

Жағыпарұлы Жылқыбай, Еуразиялық энергетикалық қауіпсіздік және Қазақстанның әлеуеті: Ү Еуразиялық энергетикалық форумнан кейінгі ой / Ж. Жағыпарұлы//Егемен Қазақстан.- 2010.-15 қазан.-5б.

26

Жағыпарұлы Жылқыбай, Көрме көкжиегі: ЭКСПО / Ж. Жағыпарұлы//Егемен Қазақстан.- 2013.- 6 наурыз.- 4 б.

27

"Жасыл экономика" стратегиясын қабылдайтын кез келді//Заң газеті.- 2013.-№20.-4б.

28

Жұмағұлов Бақытжан. Универсиада - 2017: дайындық қай дәрежеде?=Үкімет отырысынан / Б. Жұмағұлов//Қазақстан мектебі.- 2013.-№1.-6-8б.

29

Ибраев Төлеген. Тұрақтылық табысы: ЭКСПО 2017 / Т. Ибраев//Егемен Қазақстан.- 2013.-16 ақпан.- 3 б.

30

Иванова Мария. Инструменты экономии: Метод финансирования энергосберегающих проектов продемонстрировал впечатляющие результаты / М. Иванова//Страна и мир.- 2013.-8 апреля.-С.2.

31

Касымов Т. Умственные инвестиции: встреча с ректором КГУ им. Коркыт Ата К. Бисеновым / Т. Касымов//Кызылординские вести.- 2013.-12 января.-С.5.

32

Кәпқызы Есенгүл. ЭКСПО-2017: Жеңіс кездейсоқ келген жоқ: ЭКСПО -2017 Қазақстанға не береді? / Е. Кәпқызы//Түркістан.- 2012.-29 қараша.-1,2б.

33

Конырова Кульпаш, Победный аккорд: Астана выиграла право на проведение Международной выставки EXPO - 2017. / К. Конырова//Литер.- 2012.-23ноября.-С.1-2.

34

Кубайчук Ю. Энергия будущего зарождается сегодня / Ю. Кубайчук//Казахстанская правда.- 2013.-16 февраля.- С.4.

35

Кумеков Серик, Разработки для "зеленой" энергетики: В КазНТУ запущена экспериментальная линия по изготовлению солнечных модулей / С. Кумеков//Казахстанская правда.- 2013.- 7 марта.- С.5.

36

Курятов В., Победа олимпийского масштаба: ЭКСПО 2017 / В. Курятов//Казахстанская правда.- 2012.- 24 ноября.- С.1.

37

Күткен күн=ЭКСПО-2017: "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мекемесінің бастығы В. Силецкиймен әңгіме//Егемен Қазақстан.- 2013.-1 қаңтар.-7б.

38

Қабділмәжит Қанат, ЭКСПО-ның эксклюзивті экспонаты студенттердің қолымен жасалды / Қ. Қабділмәжит//Класс ТIME.- 2013.- 20 наурыз.- 9 б.

39

Қалиолла Дәрмен, Баламалы энергия көзі. Бұл не?: міндет пен меже / Д. Қалиолла//Дала мен қала.- 2012.-3 желтоқсан.-7 б.

40

Қасымбеков Махмұт, Президенттің жұмыс кестесі: 2012 жылдың негізгі қорытындылары / М. Қасымбеков//Егемен Қазақстан.- 2013.-9 қаңтар.-1,3б.

41

ҚР Президенті Н Назарбаевтың ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін Астанада өткізу туралы шешім қабылдауына байланысты Қазақстан халқына Үндеуі: Президент және уақыт//Үкімет бюллетені.- 2012.-№6.-111-139б.

42

Құдайбергенов Қ., Жарқын жеңіс: ЭКСПО- 2017 / Қ. Құдайбергенов//Сыр бойы.- 2012.- 27 қараша.- 2 б.

43

Құрметұлы Рамазан, ЭКСПО - 2017 көрмесі Астанада өтеді / Р. Құрметұлы//Сыр бойы.- 2012.- 24 қараша.- 1 б.

44

Құсайын Темір, "Күн көзінің қуатын жаппай пайдаланатын кез келмей қоймайды": Отызыншы жылдары гелиоэнергиямен алғаш айналысқан қазақ ғалымы Хабиболла Дінішев туралы сөз / Т. Құсайын//Егемен Қазақстан.- 2013.- 3 сәуір.- 6 б.

45

Мамаев Марат, Ярмарка знаний: Казахстану есть чем удивить мир на глобальной выставке достижений ЕХРО-2017. / М. Мамаев//Литер.- 2012.-28ноября.-С.1-4.

46

Махамбет Қанат, Мұражайға сыйға тартты: ЭКСПО -2017 / Қ. Махамбет//Айқын.- 2013.-2наурыз.-6б.

47

Махамбет Қанат, Сайлау әділ әрі жариялы өтеді: Сайлау - 2012 / Қ. Махамбет//Айқын.- 2011.-24қараша.-1б.

48

Мәртебеге мақсатты іс-шаралар жеткізеді//Экономика (газета).- 2012.-№49.-1-2б.

49

Мезгіл мен Мезет: Қазақстанның жетістіктері.//Дала мен қала.- 2012.-10желтоқсан.-2-3б.

50

Мен "ЭКСПО - 2017" - нің біздің тарихымыздың тағы бір алтын парағы болатынына сенемін!: Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына ҮНДЕУІ.//Дала мен қала.- 2012.-10желтоқсан.-2б.

51

Мұхамеджанова Алма, Болашақтың энергиясы - елдің келешегі: "ЭКСПО - 2017"әлемді жаңа энергия ресурстарына бағыттайды. / А. Мұхамеджанова//Айқын.- 2012.-31қазан.-7б.

52

Мұхамедова Айша, Күн мен желді өзімізге жұмыс істетеміз: табиғаттың қос күші алапат қуат береді / А. Мұхамедова//Класс ТIME.- 2013.- 27 наурыз.- 5 б.

53

Национальный проект: Нурсултан Назарбаев обратился к народу Казахстана в связи с принятием решения о проведении Международной выставки EXPO-2017 в Астане//Страна и мир.- 2012.-10 декабря.-С.1-2.

54

Нұғманова Е, Мақсатымыз - "Жасыл экономикаға" көшу / Е. Нұғманова//Заң газеті.- 2013.-№18.-6б.

55

Нұрсұлтан Назарбаев: Еңбектің рахаты адамды рухтандырады: отандық жетекші телеарналардың журналистерімен сұхбаты//Дала мен қала.- 2013.-7 қаңтар.-1,4-5 б.

56

Орынбасарұлы С, Табыс пен намыс түйіскен жыл / С. Орынбасарұлы//Заң газеті.- 2012.-№193.-1-4б.

57

Орынбасарұлы С, Ұлттық мүдде ұлықталған ұтымды бастамалар / С. Орынбасарұлы//Заң газеті.- 2012.-№179.-1-2б.

58

Осипов Владимир, На повестке дня - ЭКСПО- 2017 / В. Осипов//Казахстанская правда.- 2013.- 27 марта.- С.2.

59

Осипов Владимир, На пути к "зеленой" энергетике: Вчера завершился официальный визит министра иностранных дел РК Е.Идрисова в Финляндию / В. Осипов//Казахстанская правда.- 2013.- 20 марта.- С.2.

60

Особый интерес: Казахстан готов изучать опыт Эмиратов в области экологически чистой и возобновляемой энергии//Страна и мир.- 2012.- 20 февраля.- С.1.

61

Поздравляем! Астана - хозяйка ЕХРО 2017!//Казахстанская правда.- 2012.- 23 ноября.- С.2-3,4-5.

62

Полонская Юлия, Строительный бомонд в Астане / Ю. Полонская//Казахстанская правда.- 2013.- 28 марта.- С.2.

63

Сағынбекова Р, Ел дамуындағы жаңа белес / Р. Сағынбекова//Экономика (газета).- 2013.-№10.-1-3б.

64

Сағынбекова Р, Қазақстанға көрсетілген үлкен сенім / Р. Сағынбекова//Экономика (газета).- 2012.-№48.-С.1-3.

65

Садыханұлы Мағжан, Міндет жүгі: Елбасы "ЕХРО - 17" көрмесін өткізуге дайындық барысын талқылаған кеңес. / М. Садыханұлы//Дала мен қала.- 2012.-10желтоқсан.-1-2б.

66

Садыханұлы Мағжан, Үдемелі дамуға - үлкен дайындық=Міндет пен қызмет: Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Үкімет мүшелерінің қатысуымен арнайы жиын өткізді / М. Садыханұлы//Дала мен қала.- 2013.-28қаңтар.-1,2б.

67

Самрат Ж., Елбасының тағы бір ерен жеңісі! Қазақстанның кезекті биік белесі! / Ж. Самрат//Егемен Қазақстан.- 2012.- 23 қараша.- 1,2 б.

68

Самрат Ж., Елбасының тағы бір ерен жеңісі! Қазақстанның кезекті биік белесі! / Ж. Самрат//Егемен Қазақстан.- 2012.- 23 қараша.- 1,2 б.

69

Самрат Жақсыбай, Жақсылыққа - тұмар, жаңалыққа- құмар шаһар: ЭКСПО 2017 / Ж. Самрат//Егемен Қазақстан.- 2012.- 24 қараша.- 1,2 б.

70

Самрат Жақсыбай, Жақсылыққа - тұмар, жаңалыққа- құмар шаһар: ЭКСПО 2017 / Ж. Самрат//Егемен Қазақстан.- 2012.- 24 қараша.- 1,2 б.

71

Самрат Жақсыбай, Көрмені көңілдегідей өткізу - іскерлігімізге сын / Ж. Самрат//Егемен Қазақстан.- 2012.-7 желтоқсан.-1-2б.

72

Соколовски Владыслав, Символ перемен EXPO -2017 в Астане позволит укрепить связи Европы и Азии: EXPO-2017 / В. Соколовски//Страна и мир.- 2013.-1апреля.-С.6.

73

Таран Олег, Астана для ЭКСПО - самое лучшее место! / О. Таран//Казахстанская правда.- 2012.- 24 ноября.- С.1, 2-3.

74

Төрежан Қайыржан, Бұл - Қазақстан Президентінің жеңісі!: ЭКСПО - 2017 Халықаралық көрмесі Астанада өтетін болды. / Қ. Төрежан//Айқын.- 2012.-23қараша.-1б.

75

Тургазиева Куляш, Энергия будущего: EXPO - 2017 / К. Тургазиева//Нефть и газ.- 2013.-№1(73).-С137-146.

76

Турежанова Марьям, Энергия ветра, солнца и тепла / М. Турежанова//Казахстанская правда.- 2013.- 8 марта.- С.10.

77

Шаймова Л, "ЭКСПО-2017" - егемен елдің жеңісі / Л. Шаймова//Заң газеті.- 2012.-№186.-2б.

78

Шәріп Айхан, Нұрсұлтан Назарбаев:"ЭКСПО - 2017" - Астананың 20 жылдық тойына теңдессіз сый!: ЭКСПО - 2017 Халықаралық көрмесі Астанада өтетін болды. / А. Шәріп//Айқын.- 2012.-27қараша.-1-2б.

79

Шәріп Айхан, Нұрсұлтан Назарбаев:Қазақстан бизнесін дамытудың жаңа кезеңі басталды: Қазақстан бизнесін дамытудың жаңа кезеңінің басталғандығын мәлімдейді. / А. Шәріп//Айқын.- 2013.-12сәуір.-1-2б.

80

Шәріп Айхан, "ЭКПО -2017"- қазақ елінің ең ірі жобасы: ЭКСПО - 2017" көрмесі. / А. Шәріп//Айқын.- 2012.-30қараша.-1-2б.

81

ЭКСПО - 2017//Егемен Қазақстан.- 2013.- 16 қаңтар.- 4 б.

82

ЭКСПО - 2017 көрмесі - елдіктің ерен жеңісі//Егемен Қазақстан.- 2012.- 30 қараша.- 6 б.

83

ЭКСПО - 2017 пройдет в Астане!: Президент РК Н.Назарбаев назвал это историческим событием//Казахстанская правда.- 2012.- 24 ноября.- С.1, 8.

84

ЭКСПО - 2017 тақырыбының маңызы жоғары: Президент поштасынан//Егемен Қазақстан.- 2012.- 30 қараша.- 1 б.

85

ЭКСПО - 2017 тақырыбының маңызы жоғары: Президент поштасынан//Егемен Қазақстан.- 2012.- 30 қараша.- 1 б.

86

ЭКСПО -2017: тәжірибе алмасты//Егемен Қазақстан.- 2013.-27 наурыз.- 5 б.

87

ЭКСПО-2017 көрмесі - елдіктің ерен жеңісі//Егемен Қазақстан.- 2012.-1 желтоқсан.-9б.; Егемен Қазақстан.- 2012.-7 желтоқсан.-4-5б.

88

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамы//Қазақстан Респ. Президенті мен Үкіметінің актілер жинағы.- 2012.-№80.-13-14б.

89

"ЭКСПО-2017" Елбасы бас хатшымен кездесті=Жоспар жасалды, көп жұмыс күтіп тұр: Халықаралық көрмелер бюросының талаптарына сай атқарылатын жұмыстарды айқындау мәселесі талқыланды//Дала мен қала.- 2013.-21 қаңтар.-2 б.

90

"ЭКСПО-2017": Ұлттық компания құрылмақ//Түркістан.- 2013.-17 қаңтар.-2 б.







Каталог: ntb -> doc
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> Исаак ньютон
doc -> -
doc -> ҚОРҚыт ата атындағы
doc -> Қалыптасқан қазақстан 2050 стратегиясы
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> «ҚАЗақстан-2050» стратегиясы стратегия «Казахстан-2050»
doc -> Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы нұрлан темірбеков, Д. Серікбаев атындағы ШҚмту ректоры, профессор. Айқын да жарқын бағдарлама
doc -> «ҚАЗақстан-2050» стратегиясы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет