Қызылорда қаласы №197 қазақ орта мектебі



жүктеу 0.58 Mb.
бет1/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.58 Mb.
  1   2   3   4

-----------------------------------------------------------------«Республикалық 45minut.kz» басылымы

Қызылорда қаласы

197 қазақ орта мектебі



Информатика пәні бойынша

5 – 7 сыныптарға арналған

тест сұрақтарының жиынтығы

Абдрахманова Айгерим Сагатбекқызы
Информатика пәнінің мұғалімі

2014 жыл

Түсініктеме
Мен бұл әдістемелік құралымды « Информатика пәнінен 5 – 7 сыныптарға арналған тест сұрақтарының жинағы» деп алдым. Яғни, бұл құралда 5 және 7 сынып оқушыларына арналған тест сұрақтары қамтылған. Себебі, осы уақытқа дейін біз өзіміз пән бойынша тест сұрақтарын дайындап алып жүрдік. Әр бір сыныпқа әр ай сайын тест сұрақтарын дайындау үшін қаншама уақытымыз кететін, ал қәзір осы уақытқа дейін құрастырған тест сұрақтарымызды жинақтап, жыл сайын осы дайын тест сұрақтарымыз бойынша ала аламыз.

Өз тәжірибемде оқушы білімін бағалауда, тиянақтауда әр түрлі тест жұмыстарын пайдаланамын.
Тақырыптық тест, қайталауға арналған, 1 тарауға арналған тест, қорытынды тест , жылдық тест , деңгейлеп берілген тест.
Тест түрінде білім беруде оның мақсатын анықтау керек, тиісті материалдарды талдау, тексерілетін білім элементтерін анықтау, тест белгілі бір тәрттіппен жүргізіледі.
Тестпен жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тез жауабын тауып орындайды, болған оқушыларға бірін-бірі тексеруді ұсынамын.
Тест нәтижесін тексеруде оқушылардың өтілген материалдары қаншалықты меңгергенін, қандай көмек керек екенін білуге болады. Сабақтарда тест алу нәтижесінде:
1.Оқушының теориялық материалды игерудегі олқылықтары немесе жетістіктері анықталады.
2.Өзін-өзі бағалап, пәнге қызығушылығы, ынтасы артады, логикасы дамиды.
3.Өзіне деген сенімі артып ізденеді, өз бетімен білім алу жолын үйренеді.
4.Танымдық іс-әрекеті артып, тез шешім қабылдауға дағдыланады. 

Тест сұрақтары:

  • білім көрсеткішін анықтауға;

  • білім сапасын арттыруға;

  • тақырыптарды қайталауға;

  • тарауларды қайта меңгертуге мүмкіншілік береді.

Бұл тест сұрақтары - оқушының әр тарау болсын, тақырып болсын алған білімдерін бағалау үшін керек. Тек ол үшін ғана емес сонымен қатар осы тест сұрақтары арқылы біз оқушының деңгейін анықтаймыз, әрі қай тақырыпты жақсы меңгергендігін, қайта тақырыпты түсіне, меңгере алмағандығын анықтау үшін, оқушының деңгейін білуге де қажет деп ойлаймын.

Менің бұл жинағымда тест сұрақтары 5 және 7 сыныптарда өтілетін тақырыптар бойынша құрастырылған.

Есептеуіш техникасының даму тарихы, Ақпарат, Информатика, Компьютер және оның құрылғылары және арнайы Пернетақта құрылғысы, Алгоритм, Компьютерлік вирустар және Интернет тақырыптары қамтылған.

Алматы қаласы, ''Республикалық 45minut.kz” басылымы

Пікір жазған:

«Республикалық 45 minut.kz» газетінің редакторы: І.Б.Нағиев


Әдістемелік құралда ұстаздың өткізген ашық сабақтардың топтамасы берілген

Әдістемелік құрал көмекші құрал бола алады.


Пікір

Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін ұстаздарға жаңа талаптар қойылуда. Ұсынылып отырған әдістемелік құралда берілген ұстаз іс-тәжірибесінен туындаған сабақтар оқу жүйесінде берілген тапсырманы ұстаздың басшылығымен орындауы үшін және дамыта оқыту принципінің негізгі боп табылатын ойлау қабылетін дамыту мақсатындағы шығарма. Сол себепті ұстаз үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс істеп, жаңашылдыққа жақын болса ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізбек. Осындай тынымсыз еңбектің иесі, әрдайым жаңалыққа жаны құмар, өзі үйрене жүріп, өзгелерді де үйретуге дайын тұратын елгезек жандардың бірі - Абдрахманова Айгерим Сагатбекқызы
«Республикалық 45 minut.kz» сайты және газеті алғашқы еңбек жолын бастаған сәттерден бастап – ақ Абдрахманова Айгерим Сагатбекқызы сайтымыздың белсенді қатысушыларының бірі болды. Сайтқа сабақтары мен сыныптан тыс шараларын,баяндамаларын жіберіп отырды.Ұйымдастырылып отырған түрлі шараларға белсенді түрде қатысып, үнемі өзінің ұсыныс, тілектерін жолдап отырды. Осындай еңбекқор жанның алдағы еңбегіне жеміс, шығармашылық табыс тілей отырып, болашақта биік белестерді бағындыратынына сеніміміз мол.

Есептеуіш техникасының даму тарихы
1.Есептеу техникасының дамуындағы бірінші буынында ... пайдаланылған:

A) Вакумдық ( электрондық) шамдар.

B) Интегралдық схемалар.

C) Үлкен интегралдық схемалар.

D) Микросхемалар.

E) Транзисторлар.



2.Алғашқы компьютер мына мемлекетте шықты:

A) Германия.

B) КСРО.

C) АҚШ.


D) Жапония.

E) Англия.



3.Есептеуіш техникасының дамуы неше кезеңнен тұрады:

A) 2.


B) 5.

C) 6.


D) 4.

E) 3.


4.ЭЕМ-нің үшінші кезеңінде ... физикалық негіз болып табылады:

A) Интегралдық схемалар.

B) Үстемі үлкен интегралдық схемалар.

C) Электрондық лампалар.

D) Оптикалық талшықтар.

E) Жартылай өткізгіштер.



5.Тұнғыш рет алгоритмдер теориясының негіздері қандай ғалымның еңбектерінде жарық көрді:

A) Чарльз Бэббидж.

B) Блез Паскаль.

C) С.А. Лебедев.

D) Алан Тьюринг.

E) Фон Нейман



6.Біздің заманымызға дейін 5 ғасырда есептеу үшін қолданылған арнайы тақталарды қалай атады:

A) Арифмометр.

B) Компьютер.

C) ЭВМ.


D) Абак.

E) ENIAC.



7. «Аналитическая машина» бірінші программалық басқаруы бар автоматикалық есептегіш машинасын 1823 жылы кім ойлап тапты:

A) Джон фон Нейман.

B) Ада Лавлейс.

C) Блез Паскаль.

D) Готфрид Лейбниц.

E) Чарльз Беббидж.



8.Электромеханикалық реле негізіндегі «Марк-1» машинасын кім құрды:

A) Джон Мочли.

B) Говард Эйкен.

C) Преспер Экерт.

D) Конрад Экерт.

E) Джон фон Нейман.



9.1951-52 жылдары бірінші отандық ЭЕМ-лар қай ғалымның жетекшілігімен құрылды:

A) С. А. Лебедев.

B) Г. Голдстайн.

C) А. Беркс.

D) П. Л.Чебышев.

E) Ч. Беббидж.



10.Төрт арифметикалық амалдарды орындайтын арифмометр деп аталатын механикалық құрылғыны кім ойлап шығарды:

A) Вильгельм Лейбниц.

B) Блез Паскаль.

C) Чарльз Беббидж.

D) Конрад Цузе.

E) Джон Мочли.



11.Электрондық лампа негізіндегі ENIAC машинасын құрастырған:

A) Джон Мочли.

B) Конрад Цузе.

C) Говард Эйкен.

D) Чарльз Беббидж.

E) Блез Паскаль.



12.Электронды лампалы ENІAC машинасы қашан пайда болды:

A) 1945 ж.

B) 1970 ж.

C) 1943 ж.

D) 1823 ж.

E) 1946 ж.



13.1949 жылы фон Нейман принципі бойынша құрылған компьютерді кім жасаған:

A) Конрад Цузе.

B) Чарльз Беббидж.

C) Говард Эйкен.

D) Морис Уилкс.

E) Блез Паскал.



14.Қазіргі заман компьютерлері қай ғалымның принциптері бойынша құрастырылған:

A) Блез Паскаль.

B) Вильгельм Лейбниц.

C) Джона Фон Нейман.

D) Говард Эйкен.

E) Конрад Цузе.



15. Бірінші ЭЕМ қай жылы жасалды және ол қалай аталады?

A)1823, МИНСК   

B) 1946, ЭНИАК

C) 1951, ІВМ 

D)1949, ЭНИАК

E) 1948, ІВМ



16.ЭЕМ – ның даму тарихы неше кезеңнен тұрады, 1 кезең қай жылдан басталады?
А) 4 кезең, 1987 жыл
В) 4 кезең, 1945 жыл
С) 5 кезең, 1950 жыл
D) 4 кезең, 1960 жыл
Е) 5 кезең, 1988 жыл

17.Электрондық есептеуіш машинаның бірінші кезеңдегі аты?
А) BASIC
В) PASKAL
С) ENIAC
D) FORTRAN
Е) ALGOL
Ақпарат.

1.Ақпарат дегеніміз не:

A) Белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар:

B) Сандар мен әріптер.

C) Материяның көптүрлі қасиеті.

D) Дәлдік және сенімділік.

E) Бағдаршамның жарығы.



2.Ақпаратты сақтайтын құрылғы:

A) Тышқан.

B) Монитор.

C) Пернетақта.

D) Қатты диск.

E) Қоректендіру блогы.



3.Ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән...:

A) Телекоммуникациялық технология.

B) Кибернетика.

C) Информация.

D) Информатика.

E) Кибернетикалық технология.



4.Әртүрлі объектілерден, процесстерден шығатын мәліметтер жиыны ол:

A) Ақпарат.

B) Сигналдар.

C) Ақпараттық процессор.

D) Сөздік.

E) Деректер.



5.Байт дегеніміз не:

A) 1 немесе 0 арқылы өркектелетін ақпарат бірліктерінің саны.

B) Сегіз биттен тұратын тізбек.

C) ОСҚ-дағы (ОЗУ) әріптің кодын өзгерту әдісі.

D) Төрт он алтылық цифрдың комбинациясы.

E) Төрт сегіздік цифрдың комбинациясы.



6.1 Гбайт:

A) 210 Мбайт.

B) 103 Мбайт.

C) 1000000 Кбайт.

D) 1024 Мбайт.

E) 1000 Кбайт.



7.Бит дегеніміз не:

A) Цифрлардың саны.

B) Компьютердің жадында орналасқан ең кіші элемент.

C) Ақпарат мөлшерінің ондық бірлігі.



D) Ақпарат мөлшерінің ең аз бірлігі.

E) Жәндік.



8.Бір Мбайт неге тең:

A) 1024 Кбайтка.

B) 1000 байтқа.

C) 1000 битке.

D) 10000 битке.

E) 100 байтқа.



9.Модем арқылы информацияны жіберудегі жылдамдықтың өлшем бірлігі:

A) Байт.


B) Кбайт.

C) М/сек.

D) Бод (бит/сек).

E) Байт/сек.



10. «ТЕСТ» сөзі неше биттен тұрады:

A) 10.


B) 32.

C) 16.


D) 4.

E) 2.


11.Байт дегеніміз не ?

А10 биттен тұратын код                 

B) 8 биттен тұратын код

C)18 биттен тұратын код                

D) 8 бірліктен тұратын ақпарат

Е) дұрыс жауабы жоқ



12.Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі

А) драйвер                

B) операциялық жүйе           

C) интерфейс

D) алгоритм

E) дұрыс жауабы жоқ



13.Қоршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы  хабарлар мен  мағлұматтар

А) сигнал                       

B) ақпарат                      

C) информатика

D) компьютер

E) интерфейс



14.Адам  қабылдайтын  ақпарат  неше  топқа  бөлінеді  және  оларды  ата

А) таңбалы,мәтінді        

B) бейнелік,қатынас  тілі             

C) бейнелік,таңбалы

D) cандық

E) әріптік



15.Ақпараттарды бір белгі  тобынан   екінші   белгі  тобына  көшіру  ережесі

А) сигнал                  

B) код      

C) ақпарат

D)интерфейс

E) таңба


16.Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал…

А) компьютер      

B) модем                  

C) сканер

D) пернетақта

E) колонка



17. Ақпаратты кодтау дегеніміз не:

А) ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға тиімді басқа түрде пішіндеу ретінде

В) ақпаратты түрлендіріп, қайта өңдеу тәсілі

С) ақпаратты кері түрлендіру тәсілі

D) ақпараттарды алу тәсілі

Е) дұрыс жауабы жоқ



18. 8 битпен кодталатын ең үлкен бүтін оң сан 
A)256 
B) 127 
C) 255 
D)512 
E) 99999999

19. Ақпараттың түрлері:

  1. сан мен әріп

  2. арнайы командалар

  3. 0 және 1 сандары

  4. латын әріптері

  5. мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, магниттік жазба және т.б.

20. Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен қабылдайды?

A) сезу және көрудің
B) иіскеу мен естудің
C) есту мен көрудің
D) көру және дәмін тату арқылы
E) барлық жауап дұрыс

21. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?

A) қағазды
B) суды
C) тасты
D) дискіні
E) компьютерді

22. Дыбыстық ақпаратты не арқылы жеткіземіз?

A) кітап
B) радио
C) журнал
D) плакат
E) компьютер

23. Адам үшін ұялы телефон – ол:

A) ақпарат көзі
B) ақпарат қабылдаушы
C) ақпаратты өңдеу құралы
D) байланыс құралы
E) жай зат

24. Бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны – ақпараттың ................. деп аталады?

A) ауыстыруы
B) жеткізу жылдамдығы
C) тұрақтылығы
D) анықтылығы
E) қажетсіздігі

25. Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады?

A) әріптер
B) мәтіндер
C) сандар
D) нөл мен бірлер
E) суреттер
Информатика
1. «Информатика» термині - :

A) Француздың информация және кибернетика сөздерінен шыққан.

B) Француздың информация және автоматика сөздерінен шыққан.

C) Француздың информация және электроника сөздерінен шыққан.

D) Француздың информация және техника сөздерінен шыққан.

E) Француздың информация және математика сөздерінен шыққан.



2.Информатиканың басты ұғымы (информация ұғымымен қатар):

A) Пән.


B) Объект.

C) Алгоритм.

D) ЭЕМ.

E) Информация және алгоритм.



3. Е.К. Балапанов бойынша информацияның анықтамасы:

A) Информация – мәтін, суреттер, фотографиялар, электр сигналдары.

B) Информация – қоршаған орта туралы мәтін сурет, дыбыс түрінде берілген мағлұматтар.

C) Информация – белгілі бір нәрсе (адам, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.

D) Информация – теледидар, газеттер, кітаптар және т.б. арқылы алынған мағлұматтар.

E) Информация – қоршаған орта туралы нақты, толық, анық мәліметтер.



4.Информатика ғылымы -
А) техникалық тасымалдаушыға ақпараттарды орналастыру
В) мәліметтерді таңдау
С) ЭЕМ - нің көмегімен ақпаратты жинақтау, өңдеу, сақтау және беру заңдылықтары
D) оқу процесінде компьютерді пайдалануды айтамыз
Е) компьютерден алынған ақпараттар ағымы

5.Информатика білімнің үш түрлі көзін үйлесімді түрде біріктіреді. Олар:
А) Қадағалау, білім, модельдеу
В) Сөз, бақылау, іс - әрекет
С) Қадағалау, сөз, модельдеу
D) Білім, іс - әрекет, қадағалау
Е) Қадағалау, модельдеу, білім

6. Информатика қандай ғылым?
А) ЭЕМ - нің көмегімен ақпаратты іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу, әдісі, тәсілі заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым
В) Әлемнің әрбір түкпіріндегі компьютерлер байланысы болып табылатын кең көлемді тармақталған желі
С) Бізге қоршаған орта туралы мәлімет беретін ғылым
D) Оқу материалы логикалық тізбектелген күйінде немесе логикалық тұйықталмаған тармақ
E) Дұрыс жауап жоқ

7.Информатиканың маңызды ерекшелігі -
А) оның қоғамдық қызметтің барлық негізгі түрлеріне қолданылуы
В) өмір сүруде қолданылуы
С) мәлімет алмасудағы қызметі
D) транспорттық қызметі
Е) Қарым - қатынас қызметі

Компьютер және оның құрылғылары.
1.Ақпаратты енгізу құрылғысы:

A) Процессор.

B) Оперативті жады.

C) Монитор.

D) Пернетақта.

E) Қоректендіру блогы.



2.Пернетақта – бұл:

A) Ақпараттарды бейнелеп көрсетуге арналған құрылғы.

B) Дербес компьютердің тетіктік басқару құрылғысы.

C) Ақпараттарды баспаға басып шығаруға арналған құрылғы.

D) Ақпараттарды компьютерге енгізуге арналған құрылғы.

E) Ақпараттарды магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы.



3.Сканер – бұл:

A) Компьютерге мәтіндік және графикалық информация оқу үшін арналған құрылғы.

B) Желі бойынша информация жіберуге арналған құрылғы.

C) График құруға арналған құрылғы.

D) Дербес компьютерлерді локальды желілерге біріктіруге арналған құрылғы.

E) Дыбыстық сигналды аналогтық сигналға ауыстыру құрылғысы.



4.Принтердің кандай түрлері:

A) Матрицалык, сызыктық.

B) Планшеттік, бүріккіш, лазерлік.

C) Матрицалык, бүріккіш, лазерлік.

D) Калькуляторлық,

E) Алфавиттік, функционалдық.



5.Арифметикалық-логикалық амалдар орындау құрылғысы:

A) Тышқан.

B) Микропроцессор.

C) Пернетакта.

D) Дисплей.

E) Жады.


6.Ішкі модем қайда орналасқан:

A) Мониторда.

B) Жүйелік блоктың артқы қабырғасында.

C) Аналық тақшада.

D) Жадыда.

E) Шинада.



7.Акпаратты өндеуге және сақтауға арналған әмбебап құрылғысы:

A) Модем.

B) Адаптер.

C) Принтер.

D) Компьютер.

E) Дисковод.



8.Дыбыс шығару құрылғысы:

A) Сканер.

B) Тышқан.

C) Пернетақта.

D) Монитор.

E) Дыбыс колонкалары.



9.Компьютер жұмыс істеп тұрғанда ағымдағы ақпаратты сақтайтын құрылғы:

A) Компьютердің жедел (оперативтік) жады.

B) Принтер.

C) Қатты және иілгіш магниттік дискілердегі мәлімет жинақтауыш.

D) Модем.

E) Монитор.



10.Қатты диск дегеніміз:

A) Белгілі бір тәртіппен реттелген секторлар жиыны.

B) Мәліметтер мен программаларды ұзак уақыт сактайтын құрылғы.

C) Белгілі бір тәртіппен реттелген кластерлер жиыны.

D) Файлдық жүйе жиыны.

E) Мәліметтерді уақытша есте сақтайтын құрылғы.



11.Компакт диск - бұл:

A) Магниттік диск.

B) Көлемі 1,44 Мб аспайтын иілгіш дискілер.

C) Оптикалық дискілер.

D) Белгілі металдан жасалған және вакуумдық орауышқа жасырылған дискілер.

E) USB порт арқылы компьютерге қосылатын, алып салуға болатын ақпаратты сақтау құрылғысы.



12.Графикалық бейнені компьютерге енгізу үшін қажет құрылғыны көрсетіңіз:

A) Принтер.

B) Сканер.

C) Монитор.

D) Модем.

E) Плоттер.



13.Негізгі микропроцессорға математикалық операцияларды орындауға көмектесетін құрылғы:

A) Джойстик.

B) Стример.

C) Примтер.

D) Сопроцессор.

E) Қоректену блогі.



14.Информацияны енгізу құрылғыларына ... жатады:

A) Пернетақта, сканер.

B) Принтер, пернетақта, модем.

C) Монитор, модем, пернетақта.

D) Монитор, принтер, сканер.

E) Сканер, монитор, тышқан.



15.Басқаруға арналған манипуляторға не жатпайды:

A) Тышқан.

B) Планшет.

C) Трекбол.

D) Трекпойнт.

E) Джойстик.



16.Компьютерден информацияны шығаруға қатысты құрылғыны таңдаңыз:

A) Монитор, принтер.

B) Тышқан.

C) Джойстик.

D) Дискжетек, винчестер.

E) Пернетақта.



17.Компьютер дегеніміз не:

A) Есептеулердегі және берілгендерді машина жадысына енгізу құрылғысы.

B) Информацияны сақтау және өндеудегі әмбебап құрылғысы.

C) Информацияны сақтау құрылғысы.

D) Интернет жүйесіне қосылуға арналған құрылғы.

E) Компакт дискілердегі мәліметтерді оқу құрылғысы.



18.Мультимедиялық құрылғыларға жататындар:

A) Модем, сканер, плоттер.

B) Дыбыстық карта, видеокарта, динамиктер.

C) Сканер, монитор, тышқан.

D) Монитор, принтер, сканер.

E) Принтер, сканер,дыбыстық карта.



19.Жүйелік блок құрамына кірмейтін құрылғы:

A) Қатты диск.

B) Пернетақта.

C) Процессор.

D) Кэш-жады.

E) Жедел жады.



20.Винчестер ... - болып табылады:

A) Ақпаратты шығару құрылғысы.

B) Ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғысы.

C) Ақпаратты сақтау құрылғысы.

D) Ақпаратты енгізу құрылғысы.

E) Ақпаратты өңдеу құрылғысы.


  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет